Сағыныш деген…


Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын.

Ойымды матап, кеудеге байлап ұятты,
Сенімсіз, сәтсіз күтуден қандай таптым мән.
Сағыныш бірақ, сары жапырақ сияқты,
Жетпесең енді үзілемін деп шақ тұрған.

Оятып таңда, таласа тастап әр ізді,
Аңсаған көңіл өзіммен ғана көз ілмек.
Сағыныш сенің беймаза бейнең тәрізді
Тынышымды алшы, елесің емес, өзің кеп.

Телміріп сыртқа күткенмен сенің көзіңді,
Тереземнің де әйнегі тұрды әрленбей.
Өзіңсіз бір күн сағыныш болып созылды,
Мені де біреу сағынар ма екен дәл мендей?!.
……………………………………………………………….

Мені де біреу сағынса, шіркін, дәл мендей…

Авторы: Мұрат Есжан

18 пікір | Сағыныш деген…

  1. balgyrgan says:

    Алматының жаңбыры жаман әсер етеді екен… қай-қайдағыны еске түсіріп қоймай, сағындырып та…

  2. Bayan says:

    Осы өлеңге ән жазылған емес пе? Естіген өлең секілді…

    • akzere says:

      Баян, өлеңі бар ма, жоқ па білмедім… Негізі Мұрат өзі гитарада, домбырада ойнайды. Бәлкім өлең шығарып та тастаған шығар. Сұрап көру керек екен…

  3. urimtal says:

    Жақсы өлең екен. Бұрын естімеппін. Мұраттың “жезөкше болып кеткен” өлеңін тағатсыздана тосамын.

  4. Айко says:

    неге жез өкше?🙂

  5. ruslannnn says:

    Күшті өлең екен. Қазір барам.🙂

  6. Jan_Aina says:

    МАШАЛЛАХ! блогтарға кірмегелі 2-3 күн болып еді, өзгерістер көбейіп кетіпті ғой!🙂. Зере, “Өзіңнің қандай екеніңді айтайын, досыңды көрсет”, принципіне салсақ, 100 болдық жүйемен 200 деген баға беруге болады!!! Екеуіңізге де!!! :)))

  7. Акмоншак says:

    Арбир адамда сагынышка айналган биреу бар…

  8. Гулшат says:

    Мурат сізге өнерініз өгре домаласын деймін. Маган унады. Сізден тагы да осындай тамаша өлендерді кутеміз.

  9. Togzhan says:

    Өнерің орге жүзссін!!! Өлеңіңді оқыған сәтте өмірдің сағынысқан сәттері көз алдыңнан өте шығады екен…

  10. Казак Кызы says:

    Ардактым- ау, менен баска ким сагынсын сени дал мендей!!!)))) негизи жаксы олен!!!! “Арада жатыр арызы битпес куба тун” адеми!!! он болсын! сагынышпен жолыкканша!!!

  11. Поэзианы сүиіп оқитын адамгәнә адамнын жандүниесін түсінет көп оқиық ул қыздар

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: