Тамырына үңілу


vetton_ru_1317 Орыстың «Зри в корень» пәлсапасын осылай аудардым.
Соңғы кездері әр нәрсенің түбіріне үңілуге көп дағдыланып жүрмін. Бір проблема қандай да бір өз ойымды айтпас бұрын, проблема қайдан шықты, неге осылай, кім кінәлі, немесе кінәлі адамды іздемеу де керек шығар деген ойлармен күйзелетін болдым.
Кейде үйдегі бір жәйттарға немесе жалпы өмірдегі бір құбылыстарға байланысты көп ойлануды шығардым. Сол проблеманың төңірегіндегі адамдарды, олардың тәрбиесін, санасын, көзқарасын, ойын жинақтай отырып, кейін ғана өз ойымды айтпаққа үйреніп жүрмін.
Бір түсінгенім, тамырына үңілген сайын проблема ешқандай да проблема емес болып қалады екен.
Жалпы алғанда бәріміз адамбыз ғой – қателіктер жасау мен кешірімге зәру…

Advertisements

15 пікір | Тамырына үңілу

  1. Jan_Aina айтады:

    Рас, Зере, келісемін! Біз сырт көрінісін ғана қарап, баға беру былай тұрсын, үкімін де шығарып тастауға асығамыз ғой, ал оның түбіне үңіліп, мәнін білуге жалқаумыз. Ойыңыз әдемі екен! 🙂

  2. Айко айтады:

    Бір түсінгенім, тамырына үңілген сайын проблема ешқандай да проблема емес болып қалады екен.

    тасқа қашап жазатын сөз екен.

    Өмір, адамдар, құблыс деп емес жай күліп өмір сүру керек шығар. қарап отсақ. өміріміздің 20 жылын артқа тастап қалғанымызды да білмей қалдық қо міне, со сияқты, осыдан 60 жылдан кейін Зережан. бәрі жәй нәрсе екен деп отырамыз. так что қазірден жай нәрсе деп өмір сүрип үйрену керек сияқт 🙂

  3. urimtal айтады:

    Мәселенің байыбына барып, мән-жайға қанығатының жақсы екен. Әдеттегідей әдемі ойларың тәнті етті.

  4. arsenal777 айтады:

    мынау Джесика Альба ма? 😉 қазақ қызына ұқсап кетті осы суретте

  5. Gastarbaiter айтады:

    Картаның территория емес екендігін түсіну осыдан басталады, Зережан.

    Ислам тақырыбында жазғанымды жалпы өзіңе емес, тек сол ситуациядағы, сол пікіріңе қатысты деп түсін.

    Негізі ізденіп жүрген қызсың ғой. Бүгін былай дөп кесіп жазамыз да, ертеңіне сол пікркіміздің түкке тұрғысыздығына көзіміз жетеді.

    Адам көбіне жеңіске жеткенде емес, керісінше соққы жеп, қиналған сәтте ақылды ойлар айтады.
    саған ондай жағдайға душар болмауыңды тілеймін.

    • akzere айтады:

      Қай жерде жүрсем де мен өзімді алдамауға тырысамын, біреуге жағу үшін, соның сөзіме сөйлемеймін.
      Блог та да, форумда да, м-агентте отырсам да, өз атыммен жүрсем де мен бір адаммын.
      Бәлкім, ізденіс үстінде жүрген шығармын, дұрыс. Бірақ адам өмір бойы ізденіс үстінде жүреді ғой. Болдым, тойдым, білдім дегені – өлгені деп білемін.
      Ал жалпы соққы жеу, қиналуға келсек, өз басым көпті көрдім деп айта алмаймын, бірақ басқанын жөнін түсінуге тырысып бағамын.
      Пікіріңе көп рахмет!

  6. Rauan айтады:

    Менде де бар ондай соңғы кездерде, осы жақында ғана байқадым. «Желінің» әсері-ау деймін.)

    Баркемп кезінде дәл осы туралы балдармен сөйлескенбіз. Интернетте көп отыратындар кез келген проблемаға басқаша қарай ма, бірдеме… Бірінші көзқарастан қатты нәрселерді байқамайтын тәрізді (әр нәрсеге мән бермеуге үйрететін трольдерге рахмет)), сондықтан өзің айтқандай проблеманы жоққа шығырады. Тіпті, доклад жазу қалды енді. 😀

  7. ruslannnn айтады:

    Көрдің бе, барлығы түкке тұрғысыз зат 🙂

  8. Қосақ айтады:

    Кешірімшіл болған дұрыс, «кең болсаң, кем болмайсың» деген ғой қазақ.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: