Гректер мен қазақтардың ұқсастығы: бір фильмнің желісі бойынша

Сәуір 30, 2009

Алдыңғы демалыста «Моя большая греческая свадьба» киносын қарауға мүмкіндік туды. Қарап отырып, гректердің қазақтарға ұқсас мінездерін тауып, еріксіз күлумен болдым.

Мені жастайымнан ұлттық рухқа тәрбиелеп өсірді. Сен қазақсың, қазақтың қыздары мынадай болуы керек, мына қылығың теріс, мынау дұрыс деген сияқты…
Менің әкем былайынша көп мәселеге объективті қарайды. Бірақ дін, ұлт, тіл мәселесіне стереотип өте қатты. Бұл жағынан қазақшылдық бірінші орында.
Ал, інім, одан өткен ұлтшыл, ол үшін қазақтар әлемдегі ең керемет ұлт, түбірі сонау мыңдаған жылдардан басталған, ислам діні – ең хақ дін, қазақ тілі – ең бай тіл, Абай – ең ұлы философ, қазақтан өткен кеңпейіл халық жоқ, т.с.с… Дамымай қалған себебі, 70 жыл бойы коммунизм бәрін құртқан деген тұжырымда.
Read the rest of this entry »


I can see your halo…

Сәуір 30, 2009

Halo – орысша нимб деп аударылады екен. Нимб сөзін қазақша аудара алмадым… Бізше айтқанда періште шығар…

Бейонс Ноулздың шығармашылығына сыйластықпен қараймын. Әркез өлеңдері сәтті шығып жатады, клиптері де тамаша.

Шетел әншілерінің өлеңдегі атмосфераны, көңіл-күйді тура жеткізе алатындарына тәнтімін. Тіпті, кейде өлеңнің мағынасын түсінбей, жәй әнді тыңдап тұрғанда да шамалы не жайлы айтып жатқандығын елестетуге болады.  Кейін сөздері мен аудармасын қарасаң, дәл солай…

Соңғы кездері қайта-қайта тыңдап жүрген әндерімнің бірі Beyonce – Halo. Ән қатты ұнайды, клипі де күшті, әсіресе ең соңғы сәттері 😉

Read the rest of this entry »


Сағыныш деген…

Сәуір 28, 2009

Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын.

Ойымды матап, кеудеге байлап ұятты,
Сенімсіз, сәтсіз күтуден қандай таптым мән.
Сағыныш бірақ, сары жапырақ сияқты,
Жетпесең енді үзілемін деп шақ тұрған.

Оятып таңда, таласа тастап әр ізді,
Аңсаған көңіл өзіммен ғана көз ілмек.
Сағыныш сенің беймаза бейнең тәрізді
Тынышымды алшы, елесің емес, өзің кеп.

Телміріп сыртқа күткенмен сенің көзіңді,
Тереземнің де әйнегі тұрды әрленбей.
Өзіңсіз бір күн сағыныш болып созылды,
Мені де біреу сағынар ма екен дәл мендей?!.
……………………………………………………………….

Мені де біреу сағынса, шіркін, дәл мендей…

Авторы: Мұрат Есжан


Тамырына үңілу

Сәуір 27, 2009

vetton_ru_1317 Орыстың «Зри в корень» пәлсапасын осылай аудардым.
Соңғы кездері әр нәрсенің түбіріне үңілуге көп дағдыланып жүрмін. Бір проблема қандай да бір өз ойымды айтпас бұрын, проблема қайдан шықты, неге осылай, кім кінәлі, немесе кінәлі адамды іздемеу де керек шығар деген ойлармен күйзелетін болдым.
Кейде үйдегі бір жәйттарға немесе жалпы өмірдегі бір құбылыстарға байланысты көп ойлануды шығардым. Сол проблеманың төңірегіндегі адамдарды, олардың тәрбиесін, санасын, көзқарасын, ойын жинақтай отырып, кейін ғана өз ойымды айтпаққа үйреніп жүрмін.
Бір түсінгенім, тамырына үңілген сайын проблема ешқандай да проблема емес болып қалады екен.
Жалпы алғанда бәріміз адамбыз ғой – қателіктер жасау мен кешірімге зәру…


Баркэмп және қазақ тілі

Сәуір 24, 2009

Yvision.kz сайтында өткен аптада болған Баркэмп, және ондағы қазақ тілінің рөлі жайында Молдатаев деген никті мырза өз ойын подкаст арқылы жеткізіпті.

Өз басым қазақ тілді жазатын блоггерлердің көбін танитындықтан және қазақша сайттар жасайтын Аршат, Ерлан Оспан, Бақытнұрларды білетіндіктен біраз оның сөздерімен біраз келіспедім. Қазақша жазатындар және пайдаланатындар бар, бірақ Баркэмпке қатыспаған болар…

Сондықтан қазақ сайттарының, жалпы қазақ тілінің неге шеттеліп қалғандығы жайында мына сілтемеден оқып, өз ойларыңызды білдірсеңіздер…


Ғашық екенсің, сендік, дачы…

Сәуір 21, 2009

Құлаққа жағымды әндер мен соңғы жаңалықтарды естіп тұруға ең қолайлы жол болғандықтан, радио толқындарынан ұзақ сәтке айрылмауға тырысамын.  Бірақ, кейбір арналардың (кейде бірнеше) бір өлеңді бір күнде 100 рет айналдыра беруінің арқасында ең топас деп тапқан әнді өзің ыңылдап қалай айтып жүргеніңді білмей де қаласың.
Соның бірі «Винтаж» деген топтың «Ева» әні.

Әннің мәтініне құлақ салсақ:

Слёзы – это соль, а потом – вода
Под конвоем время ведёт куда
Две любви прошли где-то стороной
И не хочешь третьей любви такой.

Припев:
Lonely, lonely, oh yes I’m lonely
Пусть всё будет как решит монолог твоей души
Ты Венера я – земля, Ева я любила тебя.
Твои пластинки слушала я и в каждой находила себя
Зачем остановила меня. Ева я любила тебя.

Плачь… Плачь…Твои пластинки слушала я

Танцуй…. Танцуй…

И в каждой находила себя

Беги от меня

Зачем остановила меня, ах Ева я любила.

Read the rest of this entry »


BarCamp: бардым, көрдім, жаздым…

Сәуір 20, 2009

Сенбі күні жол түсіп, Балдырған, Айкона, мен – үшеуміз Баркэмпке барып қайттық. Көптен бері блоггерлік өмірдің дәм-тұзын бірге татып жүрген Әлияны да көріп қалу мүмкіндігі туды.
Жалпы, Баркэмптің жұмысы, жобасы өте ұнады. Интернет әлемінен көп ақпарат алуға болады екен. Өзім қатысқан 3-4 сағатта бірнеше презентацияларға қатысып шықтым. Соның бірі – қазақстандық мобильді блогы –  Moblog болса, екіншісі YourVision блогосфералық сайты.
MoBlog-тың бір артықшылығы, блогты кез-келген жерден, ұялы телефон арқылы басқаруға болатындығы. Суреттерді MMS арқылы енгізіп, жазбаларды дереу жариялауға болады. Презентацияны жүргізген және сайттың авторын сұрамаппын, өкінішке орай. Бұл жобаға Қуаныштың да қатысы бар ғой деймін, жалпы ынталарыңа үлкен рахмет! Сайттың болашағы зор деген үміттемін. Сайтты қазақшаландыруды да шетке қалдырмапты, яғни блогты қазақша да жүргізу мүмкіндігі бар екен. Сайттың қазақша нұсқасының аудармасымен Асхат Еркімбай айналысыпты. Асхат, сіз суперсіз, сөз жоқ! 🙂

Келесі YourVision блог-платформасы. Бұл сайтты осы кезге дейін көп оқымаппын шындығында, енді кіріп, оқып тұрамын деп ойлаймын. Сайттың басқармасы жап-жас жігіттер екен, қолданушылары да жастар және Баркэмпте көбі бас қосып, бірге шүйіркелесіп жатты. Кімнің-кім екенін танып, өте қызықты. Сайттың жоспарында қазақша нұсқасын жасау және сайтты ары қарай жетілдіру мен қолданушылар санын арттыру бар екен.  Іске сәт демекпін.

Әлия Twitter әлеуметтік жүйесі жайында презентация жасады. Жалпы бұл микроблоггинг, яғни уақыт үнемдеумен қатар көптеген қызықты ақпараттарды оқып тұруға мүмкіншілік жасайды екен. Сонымен қатар Twitter-дің ішіне кіретін көптеген пайдалы сайттар жайында да сөз болды. Оған көмектескен Елдар деген жігітке де рахмет! Қазақша мазмұнды пікірлерімен Әлия екеуі салмақты презентация жасап шықты.

Екінші күні үйдегі бір жағдайларға байланысты бара алмадым. Баркэмп жайлы толығырақ Әлия Сембай мен үстіндегі сілтемелердені сайттардан біле аласыздар деп ойлаймын.
Қаламызға ТМД елдерінен көптеген қатысушылар келіпті. Opera-ның да елшісі келген екен.
Ауа-райының қолайсыздығы болмаса, қаламыз ұнады деп ойлаймын. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!  🙂