Наурыз бата


Ниеттерің ақ болсын,1209113400_21-350_big

Наурыздың ақша қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шашыңның барлық талындай.

Санасы өсіп адамның,

Көңілде кір қалмасын.

Құты қашып жаманның,

Жақсы тапсын жалғасын.

Тыныш болсын даламыз,

Түгел болсын нуымыз.

Таза болсын ауамыз,

Тұнық болсын суымыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Оралмасын кез өгей.

Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей.

Аллаһу акпар!

Авторы: Оразақын Асқар

4 пікір | Наурыз бата

  1. satibaldi says:

    “Наурыздың ақша қарындай…”…
    Алеуттер? Тунгустар?

  2. ruslannnn says:

    >>Ниеттерің ақ болсын,
    >>Наурыздың ақша қарындай.

    Мынау ниеттен де, қардан да түңілген адамның батасы ғой🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: