Үнді қызы Индира…


Халқымызда айдың сұлулығына балап қойылған есімдер өте көп. Хинди тілінен аударғанда Индира – «ай» мағынасын береді екен. Қазақ қыздарының ішінде жиі кездесетін осы есім – шығыстың құрметті саясаткер әйелдерінің бірі – Индира Ганди есімімен тұспа-тұс келсе керек…

Индира Ганди – шығыс әйелдері арасынан шыққан тұңғыш үкімет басшысы -1917 жылы, тәуелсіз Үндістанның алғаш премьер-министрі Джавахарлал Нерудің отбасында дүниеге келген. 

Үндістан, Швейцария және Англиядағы Оксфорд университетінде білім алған. Үндістанға келісімен Англияда бірге оқыған сүйіктісі адвокат Феруз Гандиге тұрмысқа шығады. Одан Раджив және Санджай деген екі ұлды дүниеге әкеледі. Ол әкесінің жетегімен жастайынан-ақ Үндістан Ұлттық конгресі (ҮҰК) партиясына мүше болады. Белсенді жұмыстарымен көзге түскен Индира жас кезінде Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін ағылшын үкіметі тарапынан қуғынға да ұшыраған. Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін әкесінің көмекшісі ретінде билеуші партияға айналған ҮҰК-інде ықпалды қызметтер атқарады. 1960 жылы күйеуі өмірден қайтқаннан кейін, Индираның билік жолында еш кедергісі болмағандай.

Ол 1955 жылдан осы партияның әйелдер комитетінің төрағасы, 1959 — 60 ж. партия төрағасы, 1964 ж. Үндістанның ақпарат және радиохабарлар министрі, Ұлттық қорғаныс кеңесінің мүшесі болады. 1966 ж. 19 қаңтарда ҮҰК парламенттік фракциясының жетекшісі болып сайланып, премьер-министр қызметіне тағайындалды. 1967 жылдан бастап әр түрлі кезеңдерде премьер-министрлік қызметпен бірге атом қуаты министрі, жоспарлау комиссиясының төрағасы, сыртқы істер және ішкі істер министрі қызметтерін қоса атқарады. Ол елдің ұлттық экономикасын көтеру, бейбіт көршілік қатынас, соғыс одақтарына кірмеу, т.б. саясат жүргізеді. Бұл кездері экономикалық жағдай ушықтап, оппозиция шарықтап, ҮҰК партиясы 1977 жылы сайлауда жеңілгеннен кейін Индира Ганди премьер-министрлік қызметтен кетеді. Дегенмен, 1980 ж. бұл партия қайтадан жеңіске жетіп, Ганди 2-рет премьер-министрлік қызметке тағайындалады.

Билікке келісімен Ганди өмірінде үлкен қайғылы оқиға орын алады, авиакатастрофада кіші ұлы Санджай қайтыс болады. Ол сол кездері жастардың арасында белсенді саясаткер болып үлгерген. Көбі оны Индираның ізбасары ретінде көрген. Осыдан кейін Ганди үлкен ұлы Радживті билікке тартып, оның оң қолы болуын қалайды.

1980 жылдың басқы кездерінде Ганди билігі біршама діни және этникалық проблемаларға ұшырайды. Пенджабта сикх сепаратистері көптеген мемлекет чиновниктерін өлтіреді. Синкх террористері жақсы қаруланған жақтастарымен синкх дінін құрмет тұтатын жер – «Алтын ғибадатханада» жиналатын болған. 1984 жылы маусымда Индира Ганди әскери бөлімшеге сол ғибадатаханаға шабуыл жасауға бұйрық береді.

Сол қанды атыста бірнеше адам қаза тауып, сонымен бірге террористік топтың басшылары да мерт болады. Бірнеше айдан кейін, 1984 жылы, Индира Ганди өз қорғаушылары арасындағы синкхтердің қолынан қаза табады.

Премьер-министрдің орнына және Конгресстің басшысы ретінде ұлы Раджив Ганди тағайындалады.

Индира Гандидің өліміне орай Үндістан халқы үлкен күйзеліске ұшырап, ызаға батты. Ол әрдайым ұлттық бірлікке, демократияның дамуына және ұлттың өз мүмкіншіліктерін толығымен пайдалана алуына күрескен. Сыртқы саясатта ол Кеңес Одағымен достық қарым-қатынасты берік ұстауға тырысты. Дәл осы кеңестік қолдау оның 1971 жылы Пәкістанмен болған соғысты жеңуге, кейін Шығыс Пәкістанның Бангладеш мемлекеті болып жариялануына ықпал етті.

Ел тарихында Индира Ганди бірнеше жылдар қатарынан Үндістан билігін басқарған тұңғыш әйел ретінде ғана емес, ақылды, белсенді саясаткер өз елінің халықаралық статусын биіктетіп, әскери блокадарды құруға қарсы ұйымның басшысы ретінде есте қалды. Бүгінгі күнде Индира Ганди есімі өз елі мен қатар бүкіл әлемде құрметпен аталады.

4 пікір | Үнді қызы Индира…

  1. Ansar says:

    ya, oni älem moiyndaidy. Aitkan sozderi men istegen isteri erkek basty sayasatkerler üshin de ülgi bolsa kerek.

  2. Jan_Aina says:

    Нәзік әрі қайсар, иә?

  3. Айко says:

    uragan aiel zati go🙂

  4. technosyndrom says:

    Асқатты шатастырмайтын бір үнділік табылды-ау әйтеуір🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: