Ақылмен жуынамыз


Бетті макияждан тазарту түк те емес сияқты. Бірақ көбіміз мұны неге дұрыс істемейміз? Осыған байланысты бірнеше кеңес.


1. Екі рет жуыныңыз.
Макияжды кетіру үшін макияж кетіргіш затты аямаңыз. Процедураны 2 рет жасаған абзал. Косметиканы ізін қалдырмай тазалау қажет. Әйтпеген жағдайда безеу мен тері асты қабынуларының пайда болуына үлес қосуы мүмкін.

2. Жылы су.
Макияж кетіргіш затты саусақтарыңызды ұшымен жағыңыз. Ең бастысы – барынша кірді кетіру. Судың температурасына көңіл аударыңыз, суық сумен жуынбағаныңыз абзал. Суық су сергектік бергенімен алдын-ала тері клеткаларын тарылтады, бұл қара дақтардың пайда болуына әсер етеді. Судың жылулығын бөлмелік температураға сәйкестендіріңіз, макияж кетіргішті жағып, жуыныңыз. Содан кейін тері клеткаларын жабу үшін суық сумен жуынсаңыз болады.

3. Көзіңізді уқаламаңыз.
Мақтаны макияж кетіргішке батырып, көзіңізде 2 секундтай ұстаңыз. Кетіргіш зат теріге сіңе бастайды да бұл макияжды кетіру процессін жеңілдете түседі. Косметиканы соңына дейін кетіруге тырысыңыз. Түнге қалған кірпік бояғыш кірпіктерді әлсіретіп, кейін оның түсуіне себепкер болады.

Назар аударыңыз!

Терінің типі. Макияж кетіргіш заттарды таңдағанда міндетті түрде терінің типін ескеру қажет. Майлы беттерге жазда гель пайдаланған жақсы, ал қыста терінің қай типі болмасын үлкен күтімділікті қажет етеді. Сондықтан тазартқыш сүт (молочко) – ең тиімдісі.

Майлық (салфетка). Қазіргі уақытта көп таралған тазартқыш майлықтар сапарға шыққанда пайдалануға жақсы. Алайда макияжды толық кетіруіне үлес қоса алмайды.

Тазартқыш сүт (молочко). Құрғақ терілер үшін ең ұтымды тәсіл. Жағып біраз массаж жасау керек. Содан кейін жылы сумен немесе тоникпен жуып тастау қажет.

Гель. Макияжды кетіретін бұл зат майлы терілер үшін өте пайдалы. Теріге абсолют тазалық сезімін береді. Гельдердің нәзік және жақсы көпіршіктенетін түрлерін іздеңіз.

Май (масла). Тазартқыш майларға су қоссаңыз тазартқыш сүтке айналады. Егер майды жаққаннан кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз бетіңізді тоникке батырылған майлықпен немесе мақтамен сүртіңіз.

9 пікір | Ақылмен жуынамыз

  1. bayan says:

    Өте жақсы айтылған кеңестер!Шынымен де, бәрі макияждың дұрыс тазартылуына байланысты. Осы жерде айта кеткім келеді, Clean & Clear-ның өнімдері өте жақсы.

  2. satibaldi says:

    Ақылды нешінші сатыда пайдаланамыз сонда?

  3. balgyrgan says:

    🙂 рахмет, Зере! білмейтінім көп боп шықты… топас жуынады екенмін, енді ақылды қосып қоятын болдым…🙂

  4. Айко says:

    жан рахмет🙂
    негізі макияж жасамайтындар тек “дав” сабынымен жуна берсе болады ма?… мынау сұмдық кантрукция ғо, бірінен кейін бірін шатастырып алмас па екен аруларымыз :)))

  5. bayan says:

    Сабын бетті құрғатып жібереді. “Давты” “ылғалдандырғыш” компоненттер бар деп қанша жарнамаласа да, нәтижесі онша емес.

  6. balgyrgan says:

    сұйық сабынды қолданған жөн ғой, макияжды тазалағада карандашты кетіруде қиналамын, кірпік арасынан шықпай, молочко көзге кіріп, жылатады…
    майлықтарды тіпті қолданбайды екенмін (аяқкиім сұртуге болмаса)🙂

  7. Айко says:

    майлықты өзме қолданбайм, былай Японьімнің “памперс” деген майлығы бар, жақс, асғып үйден шығып бара жатқанда беті кір(Менкі емес Я, Японьімдікін айтам🙂 ) болса бірден сүртіп жүре бересің🙂

  8. Konil Ashar says:

    көздің макияждын молочкомен кетіремін ал жалпы пенка бар менде, сілкіп-сілкіп басқанда дайын көбік болып шығады. Не бір сабыныным бар жақсы сабындалады.
    сабын қолданатын қыздар әбден қолда көбіктендіріп барып бірақ бетке жағу керек, гельды да солай, әйтпесе сабын, гель қалдықтары пораларға кіріп, ішінде қалып қояды, сумен кете қоймайды ол,тазартқаннан гөрі қайта теріні зақымдайды.

  9. sayan3 says:

    ЖапондаР сүйте ме?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: