Қазақтың қызы


Ғажаптың бәрі өзінде,
Көзінде сұлу әлемі.
…Әдебі әрбір сөзінде,
Жан емі- оның сәлемі.

Келбеті күнге келіскен,
Нәзіктен нәзік сыр ұққын.
…Бесіктегі әппақ періштең
Бастауы әдеміліктің!

Пәк болып туған о бастан,
мүсіні мыңды арбаған.
Көңілі оның Көк аспан,
Көркінің құны бар ғалам!

Қыздары олар даламның,
Таусылмас жылы бір лебі.
…Мәншүк пен Әлиялардың
Сүйкімді сіңілілері.

Даладай дархан пейілін
Ұлдары РУХ санаған,
Болмысы тұнған мейірім,
Ол менің әппақ жан анам.

Ғасырдан жеткен ғасырға 38733752_krystapbaseyellow062
Ұлтымның ұлы дастаны.
Ол сенің қарындасың да,
Ол менің қарындастарым.

Жоғалтып бастың салмағын,
Сандалған талай ғашық ұл.
Біреудің болса арманы,
Бір үйдің қазынасы бұл!

Шынайылыққа заты мол,
Пәктіктің өзі турасы.
…Жүрегі жалын ақын ол,
Немесе ақын музасы.

Кессе де ептеп бұрымды,
Бәрібір сұлу жаны, нұр.
Жүрегі оның бұрынғы,
Қазақтың қызы ол бәрібір!

Өзінде бәрі ғажаптың,
Көзінде көркем әлемі.
Ақиқат жалғыз:
Қазақтың
қызының бәрі әдемі!

РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ

Advertisements

6 пікір | Қазақтың қызы

  1. Нұрғиса айтады:

    Ақиқат жалғыз, қазақтың
    Қызының бәрі әдемі!
    Сегізінші мартқа аз-ақ күн
    (Жасармыз дәстүр, кәдені).

    Қос-қостап бала туатын,
    Үй шаруасында да қазақ қыз.
    Артынан атпен қуатын,
    Сол қызға ғашық қазақпыз.

    Ұрпақтан ұрпақ таратқан,
    Құрсағы алтын қазақ қыз.
    Осындай қызды жаратқан,
    Иә, Аллам, мәңгі жасатқыз!

  2. arsenal777 айтады:

    студент кезімізде Рахат ақынның осы өлеңнен үзіндісін смспен 8 наурызға жіберетінбіз 🙂

  3. Айко айтады:

    Нұраға жылаттыңыз 🙂 осынай жыр туғыздырған қыздарға тағы да бір сәлем 🙂

  4. satibaldi айтады:

    мен тағы да жладЪм…

  5. Аршат айтады:

    қыздың суреті күшті екен!

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: