Әлемді шулатқан миллионер


8 Оскар… Білмеймін, соншама жүлде алатындай әсерлі кино емес болып шықты мен үшін… Оның жанында Бенджамин Баттон әлдеқайда мықты, философиялық туынды ма деген ой келді. Жалпы үнділердің жағдайы мен кедейліктерін біз кішкентай кезімізден-ақ көріп, біліп жүрміз десек артық айтқаным емес. Алайда америкалықтар үшін бұл бір жаңалық болса керек.
Фильмнің басы шынымен әсерлі, әсіресе жас балалардың өнері тамсанарлықтай. Кейін біраз шиеленіскен оқиға, аяғы happy end.
Үнді фильмдері қалайша би мен әнсіз өтті деп таңдана бастап едім, соңында әйтеуір қосып қойыпты… Үнді киноларының басқа кинолардан ерекшелігі де сол болар…

Фильм жайлы мынадай қызық деректер тауып алдым:

Кедей аудандарда түсірілген кадрларда «Mercedes-Benz» компаниясы өз логотиптерінің алынып тастауын сұраған екен.

Джамал қолтаңба сұраған, Үндістанның танымал актері – Амитабх Баччан, үнді нұсқасындағы “Миллион кімге бұйырады?” бағдарламасының бастапқы жүргізушісі болған.

Басты рөлдегі кішкентай балаларды сомдаған актерлер өз қаламақыларын мектеп бітірген соң, он алты жастан асқаннан кейін ала алады екен, әзірге олардың ақшалары сенім қорларға тапсырылған.

Британдық нұсқадағы “Миллион кімге бұйырады?” бағдарламасының жүргізушісі Крис Таррант, Дэнни Бойлдың ең бірінші түсірген «Shallow Grave» фильмінде ойнаған.

20 000 000 үнді руппийі біздің валюталық бағаммен қазіргі уақытта шамамен $130 000 құрайды.

Бірнеше “Оскар” жүлдесінен кейін Үндістанның билігі жас актерлерге пәтер сыйлаған екен. Азхаруддин мен Рубина үшін бұл үлкен сый болған көрінеді, өйткені олар да фильмдегі кейіпкерлер сияқты кедей аудандарда өсіп-жетілген екен.

18 пікір | Әлемді шулатқан миллионер

  1. Omarbek says:

    Magan julde algan kinolar kop unay bermeydi. Mina kinoni karagan jokpin ali.
    Jalpi undilerdin Oskar algani jaksi bopti. Aytpese jilina 1000 kino shigaradi; sonin bireui Oskarga tatimaydi ma kalay sonda dep oylap jur edim.

    Amerikada undi kinolarin karamaydi. Ozderinin Hollywood’i jetedi goy.

  2. Ansar says:

    Мен де сол кішкентай балалардың алатын ақшасы жайлы ойлап едім. Аз ғана кәмпит беріп, алдап қойса, не деген әділетсіздік болар еді. Керемет жасапты осы жағынан!!!

  3. Айко says:

    не ғо, кеше инеттен оқығам, кішкентай баланы сомдаған актер баланы әкесі көк-ала қойдай ғып ұрып сапты, есік алдындағы фанаттарға шықпадың деп, бала проста шаршағанын айтқан, Америкадан келген соң. Вот сыртқа естілген айқайдан ел дүрлікті дейд. Көрніс тап кинодағыдай болд дейд. Естігендер😦
    Менің бір тансыма қатты ұнапты. Білмейм маған онша ұнаған жоқ. жүрек ауртатын болған соң соңғы кзедерде тек комедия көргім келед🙂 сосын сұрақтары өте жеңіл сияқты ғо, халықтың көпшілігі білім деңгейі Совет өкіметіндей болмаған соң ба? әйтеуір солай, көрінді…

  4. akzere says:

    Айко, ия, мен де соны байқадым. Сұрақтары өте жеңіл сияқты. Кейбір Үндістан тарихынан сұрақтары болмаса қалғандары оңай көрінді.

    Сосын сол жердегі махаббатты түсінбедім. Бала махаббат, кейін кездескенде де олар көп бірге болған жоқ қой қатты бір-біріне ынтық болатындай. Білмеймін енді…

  5. akzere says:

    130 000 мың долларға Алматыда үй ғана алуға болады ғой негізі…🙂

  6. Abat says:

    А мне больше всего нравится “Форрест Гамп” 1994 года (6 оскаров). По-моему, лучше еще не снимали )

  7. arsenal777 says:

    Неге кенін білмедім, бірақ осы кино маған пафосты көрінді. Түсіру жағын айтам да, монтаж жағы, қарапайым ғана сюжетті кереметтей көрсеткісі келгесін, көп әдістерді қолданғандары.
    Маған да сұрақтар жеңіл боп көрінді)))
    Ал Оскар жайында айтатын болсам, ол обьективті премия емес қой, мысалы Кан фестивалі немесе Алтын глобусқа жетпейді, бірақ шоу жағынан мықты, сондықтан да Оскарға керемет жүлде деп қараудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

  8. ruslannnn says:

    Келесі кезекті орыстардан күтем. Назар аударыңыздар, алдарыңызда орыс фильмі – “Везунчик”.
    “…Ол бұның барлығы подстава екенін білмеді. Ол шын ниетімен бұл ойынға қатысып, осы ойын тарихындағы шын мәнісіндегі алғашқы жеңімпаз. Мың рубль…”.
    Басты рольдерде – Ру-тв арнасында түнгі он екіден кейін Алла Пугачеваның суретін жасырып, соны таба алмай тұратын жүргізуші қыз; оған звандап, суреттегі әйелді біресе Лопеспен, біресе Мендеспен шатастыратын подставной “көрермендер”; қалай екені белгісіз, екі мың рубльді осы бағдарламаға звандап жойып, мың рубль ұтып алған адам – Везунчик. Лох.
    Оқиға сірә әнебір студияда өтеді, бәріңіз білетін боларсыздар.

  9. Шымкентке осы фильм кешігіп, әлі жетпей жатыр, қызық. Әдетте Алматы, басқа жерлермен синхронды жетуші еді жаңалары. Күтіп жүрмін. Бенджаминді көрмедім. Өткенде Интернешнлді қарап едім, желісі ұнады. Бүгін “Розовая пантераны” қарадым, екіншісін. Жаман емес. Біраз күліп қайттым.

    “Миллионерге” іштей дайындалып жүрмін. Сұрақтарына жауаптарды бәріңіз дерлік тауып жатыр екенсіздер, егер мен таба алмай қалсам өзімді бір түрлі сезініп қалмаймын ба деп🙂 🙂 🙂

    Русланнның жазғанын оқып күлкіден өліп отырмын. Мен де тура сол антихабарларға антипатиям бар. Блогымда да бірен саран түртіп ем сондайды. Русекең жақсылап әжуалапты.

  10. balgyrgan says:

    фильм жайлы менің ойым басқа. Маған 2 сағат тез өткендей болды, интрига бар, келесі минөтте не болады екен деп… Сапасы мықты, оған келіспеуге болмайды, актерлерді таңдау (бала, бозбала, ер жігіт) әркім өз орнында…
    Все познается в сравнении, басқа фильмдермен салыстыра отырып, “Подмена” мен “Миллионерді” бір сатыға қояр едім.

  11. Айко says:

    бірақ Зере жан, негізі да жұрттікі қызық бов көрнетіні қызық та маған, әйтпесе о таяқты* күнге кеш келсемде, жігітпен қыдырып қойсамда менде жеп жүрм ғо :))) проста да, мені жай әшейін ұрмайд, шошандап кеткен кезде болмаса🙂 әлгі киншкентай актердің әкесінкі оғаш бов, өз шешемдікі майдай болған заман-ай :)))

    кеше қызық күн болд, Зере жан сіздің афиша маған қатты әсер етіп кетті да, Жаныма* кеттік киноға дедім, хотя соның алдында ғана удар* алғам үйдегілерден, осыдан шық бытчнды шығарам деген🙂 ну ниче деп Сәке екеуміз тартып кеттік. 2 сағат бұрын барып аптым, сабағымды фойесінде жасап отм, уақыт зря кеткен жоқ🙂 Сәке дәл уақытынысда келд 19:40. ойладым енд, көп кино сияқт 1,5 сағат болу керек деп. үйге звондап через 1,5 буду деп қойғам🙂 отрк-отрк, әлі бітпейд, жездем звондайд где ты деп. қаз келе жатрм деп қоям кино бітер түрі жоқ. ішім алай дүлей, кешегі удардың ащы екені есіме түсіп кете беред🙂 қуықта шыдатпай барад, тағы званок, ты где, я в зале, с кем, К… жаным осындай нелепый сұрақ қоймач плз, жеп көрем. кайфты бұзып, перезвони. тағы званок, где ты, вот-вот иду, хотя орнымнан тұрар шамам жоқ, ай жездем-ай, бетіңе тағы бір әжім түсті ма мен үшін, білмеймін жақсы адам сондай мені кішкентай деп қарайды осы уақытқа дейін, мүмкін, тәтеммен қосылған кезде мен кіші болып(16 жас) солай қалып қойған шығармын оларға кішкентай болып. кечр сондай жаман адаммын ғо мен. кино түк қызық емес, проста, Бенжаминді өлтіргім кеп тұр🙂 ну енд, аяғын хепи енд жасап, аслып өліп қалатын шығар деп күттім, до последнего🙂 қуық өлтіріп барад, Жан, Сәкеге қарап егер бірдеме өтіп кетсе маған айтарсың мен ұштым сен айтқан “комната смехаға” деп, атып тұрдым да ұшып кіріп, 1 мин, 2 сикунд *** атып шықтым. кимімді фойеді киіп келем🙂 бірдемеден құр қалғандай🙂 ана қызық жеріне келген, қыз оны жылататын. ахраник ағашка,(бір орыс кісі) бетіме қарап қапты, ременімді фойеде салып сырт киімдерімді киніп ұшып келе жатқаныма. Жанынан зу етіп өте шығып извените пожалуста деп кете бардым. извените, что видите меня втаком *** состояни деп айткым келген🙂, анандай скорспен ұшып келе жатып айтып үлгермей қалдым😦
    Сәке шегі қатып күлед, мама сен жаңа ғана шығып едің ғо деп🙂 тағы званок, я тя убю деген жездем даусы, көз алдыма жүргіп кетті мына бейне: сотка бізде тек гардероптын жанында тартар, со жерде тұрып басын қисайтып сөйлеп тұрып қолын сермеп тұрған жездем көз алдыма келді де, сволоч кино екенсің қашан бітесің а дедім. сағат уж 3 сағаттай бов қалд. Біткен жерім осы. түкке тұрғысыз кино екенсің. әлжуаз-очкарик. сен үшін мен 1 ай бойы домашный аресте болатын бодым. притом без денег дедім. Себебі үйдегі спорсорларды ренжіткен кезде осылай жазалайд мені🙂 кино қашан бітед, өлдім, кетіп қалайын десем, әлгі Бенжаминді өлтіргім кеп тұр сондай ашу-ызамен. бір қызғы, ешқандай қызық жоқ менде, тез бітсе мен үйде болсам деген ниет қана. Жездем, әпкемді ойласам жылап жібергім келіп кетті. Марттын 1 бастап движухам көбейіп кетті. Бұл көктемнен қорқайын дедім ваще.🙂 не послучный бов күнге 12(тунги) кеп жүрген соң, кәдімгідей қорқа бастадым. Өлді бітті. ух тұрдық, ал арқамда көк таяқтың ізі :))) ой мам сіздің *** тұратыныңыз қандай жақс, мені өлтіріп салатын едің-ау бір осы түні, ну ниче, жездем мен әпкемнің ұрсынан кейін, мамның көк таяғы артықтау бов қалад олардың жанында😦. прям мен бәрін біліп келем, бұлай ететін болсаң мамаңа кет дейд. Бұл енді монашеский жизнь. так что кечр мені мен сондай жаманмын деуім керек тәтеме🙂 От солай. кечр мені жезде/тәте. үйге кіріп кеп ұрсып алд. ну ниче. ертеңгісін Тәтем ұрсады ма деп көзімді ашпай жатыр едім өтрік ұйқтаған бов, ну ниче…, сен осы “августқа” жетпейсің-ау мына түріңмен дейд күліп рахат бов қалдм. Августа біздің үйде жылда бір қызмыз тұрмыс құрып кететін еді. Ой Нәке-ау, мен сендермен әлі 50 жыл тұратын шығармын деп ішімнен күлдім, так что менен құтылмайсыңдар әлі, талай жездем екеуің түн ұйқыларың бөлінер :))) Зере жан мен сондай бақыттымын, мені іздейтін адамдар бар, мен үшін күйіп-пісетін достар бар, сондай бақыттымын. Ал киноны қойч, блін, осыншама жертвама тұрмайтын кино екен. Бірақ өзімде хепи енд🙂 ой ужс 8 мартта үйде болам ба не?😦

  12. akzere says:

    🙂 уфф, Айко, бітірдім-ау оқып…
    Мен Бенджаминге барғанда да басын жынды көріп отыр едім, аяғында сен айтпақшы “комната смеха”-ға қатты барғым кеп, әрең бітірткіздім ғой киноны… Досыммен барғам, мен қазір деп, жоқ болып кеттім ана жаққа.
    Уфф, бітті ма әйтеуір деген ой келді…🙂

  13. Konil Ashar says:

    ой айко:))))))))
    ма-ма өлтірдің:))
    Бенджаминді өлтіргім кеп тұр дегендей :)))
    команта смеха5а бар5ы4 келсе6 апа жехздеңді ойлап кинодан қайдағы кайф
    Өткенде подругаммен Австралияға барып ол да біраз ұзақтау, пождругам арасында шыдамай кетті, бір кезде кеп тұр что я пропустила деп мен уже көзімнен тарам тарам жас ағып отыр:)))так што кинодан бұрын барып алған дұрыс ол жерге:)

  14. Айко says:

    ой қыздарики советтерің дұрыс*ақ негізі маған 2-3 литр су берсе іші беретін жаман әдетім бар. со құрғыр ғо😦,
    кечрңдер көп сөйле кетсем, бұдан былай сөйлемейтін болам🙂

  15. Қазіргі киноның көбісі ұзақ, иә, байқадыңдар ма? Екі сағат, өлгенде… Түртсияда осындай сеанстар арасында үзіліс жасайды екен. Сол прожект бізде де іске асса зардап шекпестей ме едік, кім білген. Өз басым, киноны “долби сурроундтың” әсерімен қарауды құп көрем, кейбіреуге СиДиден үй жағдайында қараған ұнайды… Ол енді жеке бастың талғамы шығар.

  16. Ertay says:

    Осы фильмнен кейін Үндістанның тұрмысы өте нашар елді мекені “әлемге өзімізді күлкі етіп көретті” деп наразылық шеруін өткізіпті… Бірақ, осыдан кейін, шетелден саяхаттап келушілер қатары көбейе түсіпті (дейді ғой):)

  17. Ertay says:

    Мен де көріп шықтым, ұнады. Бірақ исламды “жағымсыз етіп көрсету” тағы да одан хабары аздау адамдардың әсерінен болған сияқты.
    Фильм тамаша!

  18. sozak says:

    Нургиса брат шымкентке али келмеседе Интернеттен коширип ап кормейсизбе.
    Бирак Кино нашар кино екен ойткени Ислам жайлы жаман корсетсе и ваше уакытым бекерге кетти осы кинога.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: