Жұмыс ауыстыру…


– Здравствуйте, Зере! Это с компании … вас беспокоят. Я нашла ваше резюме на сайте, хотела бы вас пригласить на собеседование. Ваш поиск все еще в силе?

– Ааа… да-аа, ну так, в силе… А что за компания вы сказали?

– Это компания … Вы сможете завтра подойти в 10 утра?…

– Ааа, завтра, нет… У нас завтра сложный день? Можно в пятницу?

– Ну давайте в пятницу в 9:15 сможете?

– Ну можно…

– Хорошо, договорились, до свидания.

– До свидания.

Осыдан біраз бұрын жұмыс ауыстыру ниетімен сайтқа резюме қойғанымды ұмытып та кетіппін. Жалпы, осы жерде қаншама уақыт жұмыс істеп жүрсем де, жұмыс ауыстыру әрдайым ойымда тұрады. Сонымен қатар, дағдарыс та соңғы кездері күйзелтіп, жұмыс ауыстыруға ниетім арта түскен болатын. Осыған дейін де бірнеше рет жұмыс қарастыруға шақырған, бірақ тұщымды бір жұмыс болмаған соң ба бұл мақсаттарым орта жолдан қаралмай қалып қоятын. Міне, осы жолы да толғанысқа батып кеттім. Жанымдағы көмекші қыз біраз уақыттан соң декретке шығады. Менің орныма адам іздеу керек, оның орнына адам іздеу керек. Бәрін тастап қайда барамын? Бастықтар осындай уақытта «лақтырып» кетті ма деп айтатын шығар. Неге екенін осы орынға әлі күнге дейін жіпсіз байланудамын. Жұмыс ауыстыруым бір үлкен катастрофа болатын сияқты болып тұрады жеке өмірімде.

Ертеңінде қайта сол кісіге хабарластым.

– Здравствуйте, мы вчера договаривались насчет собеседования. Наверное я не смогу завтра подойти, вы извините. У меня по работе сейчас никак не получается. Спасибо за приглашение.

– Конечно, спасибо что предупредили. До свидания.

Өйстіп, бармай қалдым.

Міне, тағы… Анам телефон шалады: «Мынадай жерге мынадай адам керек екен. Барып сөйлесіп көрсеңші» – деп…

– Ойй, мен ондайды жасай алмаймын ғой дұрыс. Айлығы қанша екен? Ертең тағы қысқарту болып, мені бірінші шығарып жібермей ма сосын?

Одан кейін анамның ешкімнің де іштен біліп тумағаны жайлы, осы жерде отыра бересің бе деген бір сағаттық лекциясы кетеді…

Білмеймін, неге маған жұмыс ауыстыру қиын сияқты болып көрінеді? Сіздерде де солай ма?

30 пікір | Жұмыс ауыстыру…

  1. satibaldi says:

    Бізде де дәл солай. Айырмашылығы, маған лекцияны мақанның орнына – пақан оқиды.

  2. Bayan says:

    Зере, біріншіден, өзіңе сенімді бол. Дәл қазір жұмыс ауыстырған өзіңе тиімді ме, соны ойла.
    Меніңше, жан-жағыңдағылардан көп кеңес сұраған сайын,өзіңе деген сенімің жоғала береді.

  3. huanysh says:

    сенің жұмыс бабың бойынша досымды шетелге арналып шығарылатын журналға жұмысқа шақырған болатын. Сөйтіп досым {“Срочно требуется” -да істеген} жұмысынан шығып шақырған жеріне барса әлгілер қазір керек емес деп қайтарып жіберген. Кейін ол бір айға жетпей өте керемет жұмыс тауып алды. Әлі сол жұмысын жемісті атқарып жатыр.

  4. Айко says:

    қап, неге барып көре бермедің, мүмкін қолын бос кезде алып кетемін деп келсіп көрмедің бе. қаз прям барлық жерде қысқартулар. қорқыныштылау…

  5. Aikona says:

    Жумыс іздеп жүрмін. Бір жағынан ұят жұмыстан. Осындай кезде тастап кеткені не дейма деп ойлап жүрмін. Сонда да бұйырғанын көрермін

  6. Carnivore says:

    Жұмыс деген шіркіннің қайдағы бір қолайсыз кездерде табылатыны жаман да.

  7. akzere says:

    Carnivore, ия, дәл солай. Біраз қазір ыңғайсыз жұмысты ауыстыру. Сонымен қатар, ертең ол жақта дұрыс болмай қалса жұмыссыз қаламын ба деп те қорқасын…

  8. Баян says:

    Сенімсіздік пен қорқыныш қатар тұрса — рискке барудың қажеті жоқ.

  9. ruslannnn says:

    >>Меніңше, жан-жағыңдағылардан көп кеңес сұраған
    >>сайын,өзіңе деген сенімің жоғала береді.

    Дұрыс айтасың.
    “Мен аналитиктердің, кеңесшілердің көмегіне сүйенбеймін. Мен оларды тек қана бір жағдайға пайдалануым мүмкін – бәсекелес компанияға жіберіп, ол компания басқарушысының белгілі бір іске сенімін азайтуға ғана..”. Генри Форд, есімде қалғаны осы.

  10. ruslannnn says:

    >>Сенімсіздік пен қорқыныш қатар тұрса —
    >>рискке барудың қажеті жоқ.

    Ия, боязнь мен неуверенность адамды кері тянет.

  11. ruslannnn says:

    >>Осындай кезде тастап кеткені не дейма деп ойлап >>жүрмін. Сонда да бұйырғанын көрермін
    Керек емес, бас алға.

  12. Zuzu says:

    Зере салем!
    неге озине сенимсиздик тугызасын,
    ия, сенин журегин кен адам екен, жумысынды ойлап отырсын.(ондагы жагдайды тусинип)
    Негизи алга кадам баста, сонда типти букил омирин озгереди,мен 1 жыл ишинде 3 жумыс ауыстырганмын, биринши жумысымнан пайдасы мол жумыс шыгып келесисине шакыру алганымда 10 кун ишинде кетем деп шешип, кужаттарды дайындай бастадым,ол жумыстан да 4 айдан сон повышение алдым….) бастысы озине деген сенимдилик ары карай сенин алып кететине менин толык козим жетет )
    бул комплимент емес сырт коз сыншы дейди го ……
    жаксы усыныс келип жатса алга, кери карама, ал саттилик саган )))

  13. akzere says:

    Рахмет, Зузу!🙂

  14. Баян says:

    Сонымен, Зере, кандай шешімге келдің?:)

  15. akzere says:

    Мен онда да бармадым. Кеше сөйлесіп едім сол адаммен, программирование Java-тілін білесің ба дейді… Ойбай, құрысын дедім…🙂

  16. Баян says:

    Келесіде әлі де “ойбай, құрысын” демейтін ұсыныстар кездеседі деген сенімдемін🙂.

  17. Ertay says:

    Көңілің қалағанды қал, Зере! Ол жқмыс ауыстырауыңдағы батылдықты күшейтеді деп ойлаймын

  18. Symbat says:

    Енді сол яваны бағдарламалау тілін бірдеме ғып үйреніп алсай. Келесі шақырған жерге сақадай-сай дайын тұрасың!

  19. Ғарышкер болғым келеді…

  20. akzere says:

    Пікірлеріңізге үлкен рахмет!
    Сымбат, программированиені жек көрем…😦

    Мынадай бір фраза оқыдым: “Целься в Луну. Даже если промахнешься, все равно останешься среди звезд” – келесі жолы осылай көздеймін ғой деймін🙂

  21. mergennm says:

    Керемет сөздер!!! Менде жұмыс орнымды ауыстырғым кеп-кетті. Қазір резюме жібере бастаймын.🙂

  22. ruslannnn says:

    Тағы бір ұсыныс келді. Тіпті есімнен шығып кетіпті. Енді хабар күтудемін.

  23. Махаббат says:

    Меніңде басымнан осындай жагдайлар откен,іздеп журесін де,бір куні шакырып калганда бір шешімге келе алмай киналасын,барганда не болад,тагы новинки болып журем ба,әріптестерім кандай адамдар болады,кыскарту болса бірінші жана келген адамдар кететіні белгілі,сонын барін ойлайсын да кой отыра берейін,уйреніп калган жерімде,мунда барін танимын жане созімде журед,барі сыйлайды,уйреніп калган жумыс,”бален жерде бакыр бар,барсан бакыр тугіл дым да жок”деген макалды есіңе аласын да кала бересін..

    Бірак жумыс ауыстырсан омірін де озгеретін секілді,мумкін мен кездестіре алмай журген арманымдагы адам сол жакта журген шыгар,кап неге бармадым,мумкін бул жердегідей уйреніп кететін бе едім деп тагы ойлайсын соңынан,мен де ойланып журмін..

  24. Bayan says:

    Махаббат, түсінбедім, сіз жұмыс іздеп жүрсіз бе, әлде, өз қиялыңыздағы адамды ма?

  25. Ғарышкер болғым келеді. Соқпақбаевтің Қожасы сияқты. Жантастардың құйрығынан тепкім келеді. Майқанова апайлар жүрсін сосын, менен кешірім сұрап :)))

  26. urimtal says:

    Әдетте жұмыс (мені :)) іздегенде бір қағиданы назарда ұстауға тырысамын: “Бұл жұмыстың менің дініме кесірі тие ме, жоқ па?” деген. Егер кесірі тиетін болса, онда оны қалай азайтуға болады деген сұраққа жауап іздеймін. Сәттілік тілеймін!

  27. Махаббат says:

    барін де

  28. musicola says:

    мен өз тәжірибеммен бөлісе кетейін. )))

    жұмыс көп ауыстырудан мен қорыққан емеспін. ))) ауыстырып, қанша жерде жұмыс істеп көрген сайын, “көре, көре көсем боларсың” дейді ғой, сол шынында солай екен. батыл, өзіңе сенімді бола бересің, қандай компания немен тыныстайды, ондағы қалыптасқан ішкі саясат, қарым-қатынас қандай – соны біле түсесің. содан соң, қысқарту бола қалса дейсіздер, бірақ қысқарып кеткеннен кейін өмір тоқтап қалмайды ғой. келесі жұмысты іздеп, соған барасыздар.

    ешнәрсе мәңгі емес. соған анық көзім жетті. сол жұмыс істеп отырған жер қанша жерден беделді, өзіңізге ыңғайлы жер болса да, бір күні ол жерде де өзгерістер болады да ондағы қызметкерлер басқа жұмыс қарастыруға мәжбүр болады…

    басқа жерді көріп-білген дұрыс, өз тәжірибеңіз, өзіңізге деген сенімділік артады. қазақ-түрік лицейлерінде мұғалімдердің жұмыс істеу орнын әр 2-3 жыл сайын ауыстырып тұрады деп естігенмін. мысалы, 1 қызметкер Таразда 2 жыл істегеннен кейін, оны Талдықорғанға ауыстырады. әрі тәжірибе алмасу, әрі ел-жер көру, басқа менталитет дегендей… )))

    ал бір жерде жүре берсеңіз, сол жердегі жұмысты жақсы біліп адасыз да, соны айналдырып істей бересіз, істей бересіз…))))

    жаңа жұмыс – жаңа мүмкіндіктер )))) (деп ұрандап қояйын)

  29. balzaminka says:

    Салем! Менде оз пикиримди калдырып кетелин🙂. Белгили бир жумыста кыр-сырын билгенше жумыс истеп тажирибие жинап, ари карай даму максатында алга кадам жасау керек. Егер оз жумыс орнынызда жогарылау мумкиншилиги болмаса баска жерден жогары позиция издеген дурыс. Агын су агып келе жатып 1 жерде токтап калса, ол балшыкка, балшыктан шалшыкка айналады, ал токтамай ари карай агысын жалгастырса арнасын улкейтип, улкен озенге айналуы гажап емес. Сондыктан, издену мен талпынудан еш талмау керек жане коркудын еш кажети жок. Ол да сын, ол да сабак деп караган жагдайда жана жумыска, омириниз манди де жемисти болмак.

  30. akzere says:

    Рахмет! Жұмыс іздеп жүрмін енді қайта.. ))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: