Иықтан шашың төгіліп жерге…


Әдемі, қолаң шаштарға қалай қол жеткізуге болады? Жалпы шашқа қандай күтім керек? Осындай сұрақтар көптеген қызды мазалайтыны белгілі. Егер шаштарыңыз көлемінен айрылып, ұштары құрғап, өңсіз, түсе берсе мына кеңестерге құлақ түріңіз.


Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстаныңыз: мейлінше су сабынды (шампунь) аз қолдануға тырысыңыз. Егер көп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздардан кеңес: 1 шай қасық су сабынды 1 стақан суда араластырып, жағу.

Су сабынды шаштың барлық ұзындығына құймаңыз. Оны тек шаштың түбіне жақсаңыз болғаны. Жуған кезде су сабынның көпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті.

Су сабынды жылы сумен кетіру қажет. Өйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шайыңыз.
Бальзам-шайғыштар немесе кондиционерлер шашқа жұмсақтық пен олардың жақсы таралуын қамтамасыз етеді. Олармен әрдайым қолдануға тырысыңыз. Әр жуған сайын бальзамды массаждап шашқа жағып, 3 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін жақсылап шайыңыз. 3 минуттан артық уақытқа қалдырып қажеті жоқ. Өйткені бальзам шашқа сіңбейді, тек сыртқы келбетіне әсер етеді.

Шаштарың жарнамадағы жұлдыздардың шаштарындай жарқырап тұрсын десеңіз, жуып, шайып болғаннан кейін шашты минералды сумен шайып жіберу қажет. Олар шашты біраз жұмсартып, жылтырауына көмектеседі және құнды минералдармен қамтамасыздандырады.

Шашқа арналған маскалар қоректік заттарға бай. Оларды шашта 10 минут ұстаған абзал. Егер масканы жаққаннан кейін сыртынан пленкамен, содан кейін орамалмен орап қойса маска жақсы әсер етеді. Әр жуған сайын маска қолданған міндетті емес. Аптасына 1-2 рет қолданса болады.
Құрғақ шаштар әрдайым ылғалдандыруды қажет етеді. Сондықтан аптасына 1 рет ылғалдандыратын маска жасап тұрған жақсы.

Сулы шаш сезімтал, нәзік болады. Жуғаннан кейін ысқылап сүртіп, орамалға орап тастау -олардың зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан шашты орамалға 4 минутқа тюрбан сияқты орап қою керек, ол суды сіңіріп алады.

Шашыңызды орамалмен кептіргеннен кейін жуан тісті тарақпен тарау абзал. Оларды абайлап тарау қажет. Шаштың құрылымын құртып алмас үшін тараған кезде ұшынан бастап, жоғарылай көтерілген жөн.

Фенмен кептірген жағдайда ең ұтымды тәсіл – феннің режимін “жөн жылыға” қойып, 15-20 см қашықтықты 20 минуттай ұстап, кептіру. Осылай кептіргенде шашқа еш зақым келмейді.

Егер шашты тезірек кептіру керек болса, онда феннің ыстық температурасын қолдану қажет болады. Ондай жағдайда шашты фенмен кептіруге арналған арнайы лосьон жағып алу керек.

Шашқа көлемді тек арнайы косметикалық құралдар ғана беріп қоймайды. Басқа жасалатын мини массаж да көлемін көтеруге жақсы көмектеседі. Алдыға қарай еңкейіп, 2 минуттай қолдарыңыздың ұштарымен мойыннан маңдайға қарай массаж жасаңыз.

Жұмсақ, әрі жұқа шаштарға көлем беру үшін, жұмыртқаның сарысы мен зайтүн майын алып, араластырып, шашты жумас бұрын жағып қойыңыз. Шашты арнайы пленкамен орап, сыртынан орамалмен орап 10 минуттай ұстаңыз.

Шашыңызды ұзын етіп өсіргіңіз келсе ұштарын әрдайым түзеп отыруды ұмытпаған жөн.

Шаштарыңыз мүлде жатпай, жан-жаққа ұшып, икемге келмейтін уақыттарда мынадай тәсіл қолданып көріңіз: аса майлы емес қолға арналған кремді алып, кішкене ғана түйірін алақаныңызға ысқылап шашыңызды сипап өтіңіз. Бұдан еш зиян болмайды, майланып, кір болып тұрғандай да әсер қалдырмайды.

Әдемі шаштар оларды дұрыс күтудің нәтижесінде ғана болмайды. Жеп-ішетін тағамдағы дәрумендер мен минералдар да шаштың мықтылығына іштен әсер береді. А, С, Е дәрумендері шашқа күш пен көлем береді.

Егер салтанатты кешке көлемді, сәнді шаш үлгісімен барғыңыз келсе мынадай кеңеске құлақ түріңіз. Арнайы құралдарыңыз бар болса бұл еш проблема емес. Көлем беретін көпіршікті молынан қолыңызға түсіріп, біраз сулы шаштарыңызға бөліп жағыңыз. Бірнеше иірімдерге бөліп, үлкен көлемді бигудилерге соңынан бастап ораңыз. Шаш кепкенше ұстаңыз да, содан кейін бигудилерді шешіп, қолдарыңызбен шашыңызды түзеңіз. Қатыратын және жылтыр әсер беретін лакпен аздап қатырыңыз.

Шаштарыңыз тез майланып, әлсізденіп, көлемін кетірмесін десеңіз мынадай масканы жасап көріңіз: бір шай қасық бал алып, оны ¼ стақан жылы суда араластыр да кішкене ғана миуалы (фруктовый) уксус қосыңыз. Бұл дәрілік масканы шаштың түбіне және біразын шаштың өзіне жағыңыз. Кепкенше 15 минуттай ұстап, жуып тастаңыз. Бұл маскадан кейін шаштарыңыз қатайып, түспейтін болады. Оларды жатқызу да оңайға түсіп, шаш үлгісі де көп уақытқа дейін ұсталады.

Advertisements

17 Responses to Иықтан шашың төгіліп жерге…

  1. Баян айтады:

    Пайдалы кеңестерің жақсы екен, Ақзере.
    Шашты өсіру үшін, ұштарын әрдайым түзеп отырудан басқа, тағы қандай жолдары бар екен,а?

  2. Ansar айтады:

    Әжемім марқұм шашы ұзын кісі болатын. Шашын жуғанда шампуньді қолданбайтын. Оның орнына айранды пайдаланатын. Айранмен шаш жуса да »қайызғақ болып кетті» дегендей шағым айтпайтын еді. Білмеймін неге екенін. Мүмкін, айранмен жуып көргендер де табылып қалар осында.

  3. technosyndrom айтады:

    Ерлерге пайдалануға бола ма?

  4. Нұрғиса айтады:

    Ереке, қолаңшаш сұлтан байқауынан бағың жанып жатса, Ақзереге рахмет айтуды ұмытып кетпессің 🙂

    «Өз басым» күнде бір мәрте шашымды жумасам майлы боп кететін сияқты. Содан соң тек қана бір брендті пайдаланады екенмін. Дегенмен, ауыстырып тұру дұрыс екенін білетін сияқтымын.

    Айтпақшы, қазақтың келіндеріне риза боласың ғой! Бастарынан орамалын тастаған емес. Шашы әр жерге түсе бермеуі үшін. Ұл бала болсын, қыз бала болсын шашын кез келген жерге шашып жүре бергені ұқыпсыздықтың сорақы формасы сияқты.

  5. Айко айтады:

    инфо күчт 🙂

  6. technosyndrom айтады:

    Дегенмен де – шашым жалбырап-ақ жүр…
    Осы Атилла сияқтыларды ертегілерден көсеткенде, шашы жалбыр болса да, жараса қалып, ал мен сүйтсем… неге осы қазақтар көре алмайды? 🙂

  7. Нұрғиса айтады:

    Атилла, әрине, тарихта орны ерек фигурант. Бірақ оған еліктеп, ол тыраштануда жолың болмай, сол жолың болмауды басқаның көре алмауына ысыра салу – кем дегенде қысастық! :)))

  8. balgyrgan айтады:

    шаштың күтімі бітпейді 🙂
    сусабын/кондиционер қаншалықты жақсы болмасын, су нашар болса нәтижесін нөлмен теңестіре бер деседі…

  9. Гаухар айтады:

    Шашым 20см ден ары карай оспейди, уштары еки айырылып шыга келеди. Маскалар комектесер емес, содан сон кыркып туруыма тура келеди. Маган узын шаштар унайды. Жане шашымды кунде жумасам майланым кетеди. Сыртынан карасан калын-ак сиякты, бирак шаштарым оте жука ари назик… кандай табиги маска жасасам болады немесе баска кенес беринизши…

  10. Нұрлан айтады:

    Шіркін-ай шашы ұзын келіншегім болса

  11. Гаухар айтады:

    шашты калындату ушин хна комектеседи деп естидим сосын арнайы шашты калындату ушин тез осиру ушин дариханаларда су сабындар бар. Ал шашты осиру ушин 3 айда 1 рет шаштын ушын киып туру керек. Ал майлы шаштан кайызак кетиру ушин жарты литр суга 2 ст.ложка дрожж салып ашытып бастын терисине жагып 10 минуттан кейин жуасыз. Жуып болган сон жаксылап суртип ауели селдир тисти таракпен одан кейин жии тисти таракпен тараныз. шын айтам комектеседи.бирак бул тек кана майлы шаштын кайызагына арналган. сонымен катар невейс фирмасындагы «ЛОК» та комектеседи.сосын шампунди коп колдану және оте ыссы суга жуу кайызакты кобейтип жибереди.

  12. Акбопе айтады:

    Саламатсыздар ма? Менін шашым узын, бірак дурыс кутім жасай алмай журмін. Кенес бере аласыз ба?

  13. Дулат айтады:

    Шашты жанбырдын суымен жусан тез оседи

  14. galya айтады:

    кандай шампунъ бар шаш осиретин айтындаршы

  15. Балнур айтады:

    Менин шашым калын бирак оспейди ари буйра не стесем болады жукартып уже куртылатын болд шашым(

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: