Қазақша күн аттары қайдан шыққан?


Мониторымның ар жағында отырған бір досым осы сұрақты қоймасы бар ма? Сонау бұрынғы мектеп кезінде басымда қалған білімімді қазбалап, шындығында не мағына білдіреді екенін еске түсіргім-ақ келді. Бірақ, соны мектепте оқытып па еді, әлде басқа жерде оқыдым ба ол да онша есіме түсе қоймады. Тек есімдегісі, түрік тілін оқығанда «пэршембе» сөзінің бейсенбі екені ғана. Сөйтіп, досыма қазір мен іздеп көрейін дей беріп едім, “Жә, қиналма, өзім де білемін. Жәй ғана осы достарымның көбісінен осы сұрақты қойсам, білмейтіндерін айтады” – деді. Ал енді білгеніңмен бөлісе отыр деп, мынадай мағлұмат алдым, сіздер де біле жүріңіздер:
Сонымен қазақша күн аттары парсы тілінен шығады екен. Тек жұма ғана араб тілінен алынған. Парсы тілінде «шамбе» сөзі – «күн» мағынасын білдіреді. Содан
Сенбі – шамбе – күн
Жексенбі – йак (бір) шамбе
Дүйсенбі – ду (екі) шамбе
Сейсенбі – се (үш) шамбе
Сәрсенбі – чор (төрт) шамбе
Бейсенбі – беш (пять) шамбе.
Мұндағы «беш» сөзі түріктерден келген.
Ал Жұма сөзінің тегі араб тілінен келген. Құранда бұл күнді апталық жиналыс, құлшылық ету күні ретінде бекіткен. Ал Құранға дейін арабтар бұл күні «арубе», «йешэуль арубе» немесе «алтыншы күн» мағынасына келетін «уешмус садис» дейтін болған екен.

Өздеріңіз байқағандай бұрындары аптаның басы сенбіден басталған. Бұл сенбі күннің «Айлы күн» деп қабылдауынан. Басында түркі тілдес халықтар айға, кейін күнге табынатын болған. Ал қазірі формат бойынша апта Дүйсенбіден басталып, және сеніміміз де ислам дінінің келуімен үлкен өзгеріске ұшырағаны белгілі.

9 пікір | Қазақша күн аттары қайдан шыққан?

  1. Үлкен ізденіс жасағаныңа рахмет, Ақзере. Біраз жаңа нәрсені үйреніп, білуіме себепкер болдың.

  2. Ertay says:

    ООО! Біз де біле жүретін болдық) Рахмет!

  3. Ansar says:

    Міне, қазақ тілінің төркіні қайда жатыр.
    Мен жұмадан басқасын білмеппін.

  4. huanysh says:

    түрік тілінен болса, тәжік тілінде де күндер қателеспесем осылай аталады.

  5. Айко says:

    рахмет айтып қоюға рұхсат етңіз Ақзере жан!🙂
    негегі осы желімен сұрай салайын, Ай аттарын қайдан алды екен?
    календарда тұрған сөзді оқып бір шет елдік. Біздің көше сонда ай атымен аталған ба дейд. түсінбей қалдым. Мында ЖАЛТАКСАН деп тұр ғо дейд Дачы :))) бұрынғы Мираның/Желтоқсан көшесі екені есіме түсіп күлдім. бірақ неге олай болғанын айтып бере алмай қойдым😦

  6. akzere says:

    Айко, желтоқсан көшесі сондағы 1986 жылы 17-18 желтоқсанда боған көтерілістің құрметіне орай қойылған деп ойлаймын.

  7. Erlann says:

    Біздің сөздік қорымызда қазақтың сөзі дейтін сөз жоқ сиақты дә? Парсы сөзі, араб сөзі әйтеуір қазақ сөзі жоқ. Біздің арғы атасстарымыз сонда парсы жақтан келген ау шамасы ))

  8. egzu says:

    Менде сізге алғыс біддіремін. Өзіміз қақақ болсақта қазір көп нәрселерді ұмытайын дедік қой.Ал, егер осылай жазып тұосақ ата сөздерімізді еске түсіруге септігін тигізеді.

  9. Қосақ says:

    Қазақта жыл, ай, апта аттары бұрында болған, тек бергіректе ұмытылып қалған, үлкен кісілердің әлі осылай қолданатынын естігенім еді. Қазақта бұрын апта күндерін былай қолданған екен, “өзімізде дым жоқ” дегенге жауап:
    1. Бүгін
    2. Ертең.
    3. Бүрсікүні.
    4. Арғы күні.
    5. Ауыр күн.
    6. Соңғы күн.
    7. Азына.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: