Қазақша күн аттары қайдан шыққан?

Ақпан 17, 2009

Мониторымның ар жағында отырған бір досым осы сұрақты қоймасы бар ма? Сонау бұрынғы мектеп кезінде басымда қалған білімімді қазбалап, шындығында не мағына білдіреді екенін еске түсіргім-ақ келді. Бірақ, соны мектепте оқытып па еді, әлде басқа жерде оқыдым ба ол да онша есіме түсе қоймады. Тек есімдегісі, түрік тілін оқығанда «пэршембе» сөзінің бейсенбі екені ғана. Сөйтіп, досыма қазір мен іздеп көрейін дей беріп едім, “Жә, қиналма, өзім де білемін. Жәй ғана осы достарымның көбісінен осы сұрақты қойсам, білмейтіндерін айтады” – деді. Ал енді білгеніңмен бөлісе отыр деп, мынадай мағлұмат алдым, сіздер де біле жүріңіздер:
Сонымен қазақша күн аттары парсы тілінен шығады екен. Тек жұма ғана араб тілінен алынған. Парсы тілінде «шамбе» сөзі – «күн» мағынасын білдіреді. Содан
Сенбі – шамбе – күн
Жексенбі – йак (бір) шамбе
Дүйсенбі – ду (екі) шамбе
Сейсенбі – се (үш) шамбе
Сәрсенбі – чор (төрт) шамбе
Бейсенбі – беш (пять) шамбе.
Мұндағы «беш» сөзі түріктерден келген.
Ал Жұма сөзінің тегі араб тілінен келген. Құранда бұл күнді апталық жиналыс, құлшылық ету күні ретінде бекіткен. Ал Құранға дейін арабтар бұл күні «арубе», «йешэуль арубе» немесе «алтыншы күн» мағынасына келетін «уешмус садис» дейтін болған екен.

Өздеріңіз байқағандай бұрындары аптаның басы сенбіден басталған. Бұл сенбі күннің «Айлы күн» деп қабылдауынан. Басында түркі тілдес халықтар айға, кейін күнге табынатын болған. Ал қазірі формат бойынша апта Дүйсенбіден басталып, және сеніміміз де ислам дінінің келуімен үлкен өзгеріске ұшырағаны белгілі.