Ғашықтар мерекесі қарсаңындағы ойлар…


Жалпы бұл жастардың мейрамы… Не десе де жастарға қызық керек, махаббат керек, романтика керек, сондай қажеттіліктерден туындап отырған мейрам. Менің көзқарасыма келсек, мен атап өтуге қарсы емеспін. Жалпы өмірді күнделікті қу тірлік басып кетеді ғой. Содан кейін біздің ұялшақтық, эгоистік менталитетіміз ол бар. Соның бәрі күнде болмаса да, апталап, айлап сүйіктінді бір шаттандыратын әрекеттерді жасауға кедергі болады.
Ал осындай бір атаулы мерекеде неге сүйіктіңді бір қуантып тастамасқа?
Мерекенің түпкі тамыры да маңызды емес, бірінші кезекте адами құндылықтар алдыға шығады, сүйіспеншілік, махаббат, бақытты сәттер… әркез қайталана бермейді ғой.

Алып-қашпа әңгімелерді көп естимін, осы күні жастар желіккен, соған қоса тағы осындай мейрамды шығарып, деп… Жалпы оның барлығын қазбалай берсек, ең басты тәрбиеге, сосын жастардың не көріп, не оқып, не тыңдап жүргендігіне және соны қамтамасыз етіп жүрген билікке келіп тіреледі мәселе. Бәрібір де бұл жерде әр адамның жеке басының көзқарасы мен ар-ұяты өз дегенін істейді.

Махаббат мейрамын жалғыздығын тағы айқындап көрсеткені үшін де жек көретіндері бар. Енді, ол да бір адамның басында болып жатқан өзіндік ойлары ғой. Жалғыздықты да пайдалана білу керек, әйтпесе жалғыздық сені пайдаланып кетеді дегенді оқып едім бір жерден. Сондықтан бұның бәрі өткінші нәрселер.

Жалпы жаны қазақ, қаны қазақ, тәрбиелі жастардың басқа ұлттың мейрамын тойлап қоюынан оның қазақилығы төмендей түседі дегенге мүлде келіспеймін. Керісінше осындай мерекелер адамның бір-біріне сыйластығын арттырып, махаббаттарын күшейте түседі деп ойлаймын. Ал махаббат бар жерде даму бар, жетілу бар, өсу бар, рухани даму бар. Ең негізгі адами құндылықтар.

20 пікір | Ғашықтар мерекесі қарсаңындағы ойлар…

  1. Ertay says:

    Екі адамды бірдей жақсы көру мүмкін шығар, бірақ ол баянды бола алмайды…
    Сол сияқты өзгенің мерекесін тойлау да, сіздің отансүйгіштік сезіміңіздің әлсіздігін, толық сүйе алмағандығыңызды танытады! Ал отанын, елін, жерін, тілін, ділі мен дінін сүйе алмаған адам өз ұлтына шын қамқор таныта алмайды деп ойлаймын!

  2. akzere says:

    Ертай, адамды жақын танымай жатып ол жайлы пікір қалыптастыру да дұрыс емес деп ойлаймын. Кімнің қаншалықты отансүйгіштік екенінің бағасын беретін сіз емес.

  3. Әулие Валентин says:

    Мәәә, қазақтар да атап өтетін болған ба осы күнді? ;(

  4. arsenal777 says:

    қалай болса да, “жаны қазақ, қаны қазақ, тәрбиелі жастардың басқа ұлттың мейрамын тойлап қоюынан оның қазақилығы төмендей түседі дегенге мүлде келіспеймін” дегенмен келісемін.
    Ақзере, кешегі хатымды алдыңыз деген үміттемін.

  5. Сымбат says:

    Мейрам демалысқа орай кепті ғой

  6. Saint Valentine says:

    Әй, қазақтар-ай,
    Мен сендер тойлайды деп ойламап едім. Өздеріңі келіп түсесіңдер ғой құрыққа. Өз елдеріңнің тәуелсіздігін тойламай не көрінді сендерге?

  7. 12aikon1986 says:

    Менде бұл мейрамға қарсы емеспін. Бірақ ол ой адамның ұлтқа, елге деген ойын, махаббатын көрсетпейді. Ұлтшылдығында бұл бір мейрамдармен өлшеуге болмайды.

  8. Asqat says:

    Меніңше мәселе мейрамның атауында емес, сол күні аталып өтетін рәсімдерге келіп тіреледі. Әйтпесе, махаббат пен сезім ұлтқа бөлінбейді. Бәріне ортақ. Барлық гәп бұл күннің тарихи бастауында жатыр ғой. Күні бүгін бұл күнді оның шығу тегіне орайластырмай қабылдайтын болсақ, уақыт өте келе осы күні орындалатын дәстүрлерді де орындау керек боламыз. Сондықтан да ұлттық ділімізге сай махаббат күні болуын қолдаймын.
    Әулие Валенитин күні қазір көпшіліктің көзінше ұзақ сүюсуден жарыс өткізіп жатыр. Бізге де бұл үдеріс келді. Ертең олар көпшіліктің көзінше ұзақ жыныстық қатынас жасауды да енгізсе, ол да бізге келеді. Ұлттық болмыстан ажырау осыдан басталады емес пе?…
    Сол себептен осыдан бірнеше жыл бұрын “Қозы мен Баян күнін енгізейік. Қыздар сүйіктісіне кестелі орамал сыйласын” деген тәрізді жақсы бастамалар болды. Бірақ батыстық мәдениетінің ықпалы мен “бұл мейрамда тұрған ештеңе де жоқ” тәрізді ойлар жеңіп кетті.

  9. Ertay says:

    Өте дұрыс ой.
    Қазақтар әулие Валентиннің мерекесін тойлауды неге тосыннан тойлай бастады екен деймінде… Махаббатымыз Валентинсіз ақ кемелінде сияқты еді ғой…

  10. Gastarbaiter says:

    Жалпы басқалардың ойына түсіністікпен қарасам да, Ертай достың “Ал отанын, елін, жерін, тілін, ділі мен дінін сүйе алмаған адам өз ұлтына шын қамқор таныта алмайды деп ойлаймын” -дегенімен келіспеймін..
    Менің ойымды бөліспеді деп, – адамның ұлтжандылығын кіналауға қандай хақысы бар екенін түсінбей тұрғаным.

    Туған топырағын, елін сізше сүйе ме, орысша сүйе ме, немісше сүйе ме, шын патриот отанына, оның азаматтарына нендей пайдасын тигізуді ойлайды..

    Ал Валентин жайлы айтатын болсақ, неге отансүйгіш сымақтардың есіне “Баян-сұлу мен Қозя көрпеш”- күнін тойлау идеясы таяуда түсіп отыр?

    Мен білсем, неге сол 90-шы жылдардың басында ойламады?
    Жастар арасында маххаббат пен сүйспеншілікті атап өтетін, бір біріне ілтипат білдіретін мереке қажеттілігі туындады, оның орынын осы кәпірлердің мерекесі толтырды. Дәл сол мезетте “Баян-сұлу”-ларыңды ұсынғандарыңда, халық іліп алар еді.

    Себебі, халықта эмоция бар..Соны жүзеге асыру керек.
    Ал ол кәпірлердің әулиесінің туған күнін сылтау қыла ма, әлде Мырқымбайдың арақ ішіп қуған күнін сылтау қыла ма, жастарға бәрібір. Тіпті сол әулиенің кім екенін тойлап жатқандардың 90 пайызы білмейді де!

    Тек сүйген адамына жылына бір рет болса да махаббатын білдіру. Онда тұрған бір сөкеттік бар десеңіз, қыртыпсыңдар.
    Және сол Валентиннің тойлануы жастардың кінәсі емес,
    қазақта ондай мерекенің болмауынан, болса сондай әлемдік дәрежеге жеткізетін зиялыларымыздың Ертай сияқты құр сөзге әуес болып отыруынан.
    Жылы жер бос тұрмайды демекші, енді жастар мәз, олардың қажеттілігін европалық Валентин қанағаттандырды.

    Қазақта мақал бар, “жау кеткен соң қылышыңды боққа шап!”…-деген.

  11. huanysh says:

    Айтылған ойлардың көбісі орынды,
    жеке өзіме бұл күн өмірде мәңгілікке есте қаларлықтай өтті.
    Біреуді айыптау болмайда, әр-адам өзіне қалауын алуы керек.

  12. Ertay says:

    Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақтың “махаббат мәселесін” ойлайтыдай халі болды деп айта алмаймын… Етек жеңімізді әлі болса жиып үлгерген жоқпыз…
    Қазақ қоғамының “идеологиялық түсінігі” үшін мемлекет белгілі деңгейде жауапты, бірақ кейбір жағдайларға тәкелей әсері бар отбасылық тәрбие мен адамның жеке қалауынан болатын “әуесқойлық” сезімдеріне мемлекет жауапты емес! Әр адамның Отансүйгіштік сезімдерін адам өзі тікелей дамытады және ол елдің “суын ішіп, ауасын жұтып отырғандықтан” оған міндетті де!… Адам екі бірдей елдің “құлы” бола алмайды. Өзгенің “жыртысын жыртысып” жүргенді өз елінің ұлтаны деп айтуға еш негіз жоқ!… Отансүгіштік – өз перзентінің махаббатының оған толық берілгенімен ғана анықталады…
    Отан халықты емес, халқы Отанды сүюі керек!
    Әлденені себеп қылып, халықтың бір-бірін кіналағаннан табатын ештеңе жоқ! Шығатын жол іздеу керек!

  13. Ertay says:

    Айтпақшы “Соқыр тауыққа бәрі жем” деп жүруге де болмайды, бауырлар!

  14. Айко says:

    ма*ма мында ұрыс қо кәдімгідей🙂. Жақс рахаттаным қалдым қызықты смстер алып :))). маған лично қызық, осы бүгін кімнен нендей хат-смс аламын деп та. болды бітті. тәтем шегі қатып күлед. қазақтар ураган ғо қазақша “Әулие” деп қойыпты ғо деп. *жер тоқпақтап атқан смайк*

  15. Айко says:

    айтпақшы енді бізден бұл мейраймды ешкім ала алмайтын шығар😦 себебі, садикке барып жүрген төрттегі інім. Пап бүгін деченкина денрождения екен. сен мамма гүл торт сыйлауын керек екен дейд :)))

  16. akzere says:

    Сауалнама бойынша бұл мейрамды тойлау не тойламау керек деген сұраққа 70% бәрібір деп жауап беріпті.

  17. satibaldi says:

    Ертай! Сенін кирилл ариптерин пайдаланып, адамды томендетуге багытталган пікірініз – флуд, майл.румен аякталатын поштаныз – сырттан ЮұқРуырМуаққақ

  18. АЛИХАН says:

    ВАИЛИНТИН КУТТЫ БОЛСЫН КОС ГАШЫКТАР!!!

  19. Rakhat says:

    14шi Акпан деп,Шайтаннын какпанына тусiп калмайык’.День Святого Валентина-аты да,заты да санамызга,дiнiмiзге,адет-салтымызга жат!Бул мереке сымак Мусылмандарды рухани аздыкка ушырату ушiн жiберген батыстын арекетi.Валентин деген жiгiт католик дiнiнен шыккан,занга кайшы жасырын некелер киганы ушiн 14акпан кунi басы шабылган.14акпан кунi таныстарынызды куттыктап журменiз,себебi бiреумен зина iстейтiн кунiн кутты болсын деген магынаны бiлдiредi. Куранда: ‘Зинага жоламандар.Ойткенi ол анык арсыздык жане жаман жол.Соган бейiмделетiн ар турлi арекеттерден аулак болындар!'(Исра суресi,32аят.)’Кiм кайсы кауымга уксаса ол солардан болады деген,ягни хрестиянга уксаса ол солардын дiнiне откен халде,ахыретте тiрiледi дейдi’.Сондыктан,ол мейрам сымакты елемейiк,керiсiнше акпаннын 14нен 15не караган кунi Пайгамбарымыз(с.а.у.)дын Туылган кунi ягни Маулiт.Куран,Салауат,Маулiт окиык Мусылман бауырлар!

  20. Сандугаш says:

    Вадентина куни деген казакта жок казакта тек “Козы Корпеш-Баян Сулу” деген мереке бар 15 сауирде достар мине ол да жакындап келе жатыр. Баршанды куттыктаймын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: