Түсінгенім…


Түсінгенім…
ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.
ұнатылатын адам боласың да, қалғаның өздері біледі.

Түсінгенім…
сенімге кіру үшін жылдар керек,
сенімден шығу бір-ақ минут.

Түсінгенім…
өмірде қолда не бары емес,
қасында кімнің болғаны маңызды.

Түсінгенім…
өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес,
ең жақсы өзіңмен салыстыру нәтиже береді.

1222378940_boat

Түсінгенім…
адамның басына не келгені емес,
сол жағдайда не істегені маңызды.

Түсінгенім…
сөз қайтару, ойлап сөйлеуден жеңіл.

Түсінгенім…
жақындармен жақсы қоштасу керек
соңғы кездесудің қайсысы екені белгісіз.

Түсінгенім…
егер сезімдеріңді басқара алмасаң
сезімдерің өміріңді басқарады.

Түсінгенім…
кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де
сезімдерін қалай көрсету керегін білмейді.

Түсінгенім…
екі адам бір нәрсеге қарап
екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.

Түсінгенім…
жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болу арасындағы сызықты табу қиын.

Түсінгенім…
ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін.
оларды кешіребілу керек.

Түсінгенім…
кейде біреуді кешіру жеткіліксіз.
өзіңді де кешіре білу керек.

Түсінгенім…
жүрегің қанша жылап сыздаса да
дүние сен үшін тоқтап қалмайды.

Advertisements

4 Responses to Түсінгенім…

  1. Айко айтады:

    керемет сөздер екен. мен Эльвираның блогынан көрдім-ау шамасы? 🙂

  2. Ansar айтады:

    Керемет!!! қалың бес!

    *сенімге кіру үшін жылдар керек,
    сенімден шығу бір-ақ минут.*
    Ал одан көңілі қалса, тіпті қиын. 😦

  3. Нұрғиса айтады:

    Соңғы кездерде қатты толқу һәм ізденіс ішінде жүрген сияқтысың…

  4. Жазира айтады:

    Өте жақсы жазылған сөздер. Адамды тұңғиық ойларға жетелеп алып кететін сөздер. Оқып отырсаң барлық жағдай басыңнан өткен сияқты сезінесің.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: