Адамның күні адаммен немесе темекінің осыған әсері…


Кеше блогшы қыздармен жақсы дос болып кеткен Жан-Айнаның шақыруымен Айко, Балдырған, Айкона, Көңілашар жиналып театрға бардық.

Жалпы жазбам спектакль жайында емес, одан кейінгі шай ішіп, басқосудағы болған пікірталас жайлы.

Қоғамдағы проблемаларға бейжай қарамау, о бастан біздің басты принципіміз болса керек, әңгіме темекі тартатын қыздар, кейін жалпы темекі тартатын адамдар төңірегінде өрбіп кетті.
Осы уақытқа дейін темекі тартатындарға ешқандай менің қарсылығым болмайтын. Тіптен назар аудармайтынмын. Өйткені әр адам өз өміріне өзі жауапты деген қағиданы ұстанып келгенмін. Сосын сол жерде айтылған мына бір оқиға мені ойландырып тастады.

Кішкентай кезінде баласы анасынан қайшы сұрап болмай қойыпты. Анасы қайшыны бермей қойған, баласы жылап қоймаған соң ақыры береді. Баласы сол қайшымен ойнап жүріп, көзіне кіргізіп алады екен.
Кейін бір көзінсіз қалған бала есейіп, әбден қорлық көрген өміріне қатты налиды. Анасынан барып көзімен болған оқиға жайлы сұрайды. Анасы сен жылап, қайшы сұрап қоймаған соң, бере салғам деп ақталады. Баласы сол кезде анасына “Неге сонда бере қойдың қайшыны? Көп болса бір күн жылайтын едім ғой. Ал қазір өмір бойы жылап келемін” деп күйінген екен.

Осы оқиғадан кейін жалпы жақындарымыздың темекі және басқа да жаман әдеттеріне бей-жай қарамау керек екенін түсіндім. Оның дұрыс емес екендігін, сенің қарсы екендігінді айта жүру керек сияқты шынымен.

Әлбетте жақындарымыздың денсаулығы бізді алаңдатады, кейде сол жаман әдеттерден құртып алған денсаулығын жөндеу үшін қанша жүгіреміз. Қарап тұрсақ, осыны басынан-ақ түзеуге тырыспағанбыз.

Темекінің зиянды екені жайлы билбордтар, қорабының сыртындағы жазбалар, бәрі қақсап айтқанмен, ол жақыныңның айтқанындай болмайды ғой. Бәлкім сіздің қарсылығыңыздан кейін жаман әдеттерін тастауға ойланар, әсер етер. Сондықтан сондай проблемаларға бей-жай қарағанды қояйық. Тым болмаса қойдыртуға тырысып көру керек сияқты…

6 пікір | Адамның күні адаммен немесе темекінің осыған әсері…

  1. 12aikon1986 says:

    Шыныменде әңгіме мені ойландырып тастады

  2. Сымбат says:

    Екі рет осы темекі үшін ренжісіп бөлек кеткем. Бірге тұрған қыздар темекі тартқанымен қоймай, үйдің ішінде тартуды шығарған.. Киімің әлем сасып, үйдің іші де қыз-қырқын тұратын үйге ұқсамайтын, иісі жиіркенішті ғой. Бірақ оларға үйге тартпаңдар дегеннен артық сөз айтпадым, ақылшы болмай аулақ жүр деуден тайынбайды ғой. Сол үйдің ішінде тартпаңдар деп айтам деп үйдей пәлеге қалғам..Жақсы мен жаманды ажырата білетін жасқа келген дап-дардай кісіге қалай қой деп айтасын, бәленің бәрін біліп тұрып істеп жүр😉

  3. Ansar says:

    Істеген істерін жек көріп, сұсты көзбенқарасам да ішімнен жаным ашиды. Қанша дегенмен де бәріміз де адамбыз ғой. Темекі шегу мен арақ ішіп кету жаман әрекеттердің бергі жағы. Одан әрі кетпес үшін қолдан келгенше көмек қолын созғанымыз жөн болар. Күндердің күнінде солардың қатарында жақын туыстарымыздың табылып қалмайтынына кім кепіл? Көмек керек оларға.

  4. akzere says:

    Ия, менің әпкем де сол темекі тартатын қыздар үшін бір пәтерден бір пәтерге ауысып жүрген бір кездері. Жалпы жаныңдағыларды сыйлау керек қой. Тек өзіңді ғана ойламай…

  5. urimtal says:

    Өте жақсы жазба, Ақзере! Жанымыздағылардың әдепсіз қылығына немқұрайлы болмауымыз керек.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: