Зеректілігіңізді тексеріп көрелік…


Сұрақтарды оқып шығып, дереу жауап беруге тырысыңыз. Көп ойлануды қажет етпейді, фишкасы да сонда жатыр. Сосын өз-өзіңізді алдауға тырыспаңыз😉

1. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?

Жауап: Егер бірінші орындамын деп жауап берсеңіз – дұрыс емес. Өйткені сіз екінші жүйрікті басып оздыңыз, яғни соның орнына келдіңіз. Сәйкесінше қазір екінші орындасыз.

Ал екінші сұраққа мұқият болыңыз.

2. Сіз ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Енді қай орындасыз?

Жауап: Егер соңғысының алдындамын (предпоследний) десеңіз, сіз тағы қателескеніңіз. Ойланып қараңызшы. Ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті қалай басып озуға болады? Егер сіз оның артынан жүгіріп келе жатсаңыз, онда ол соңғы болмағаны ғой. Яғни, жауап бұл мүмкін емес.

Үшінші сұрақ. Ештемені жазбаңыз және калькулятор қолданбаңыз. Және сіз тез жауап беру керек екеніңізді ұмытпаңыз.

1000 санын алып, оған 40-ты қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. 30 санын қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. Қосу 20. Қосу 1000. Және қосу 10. Қандай сан шықты?

Жауап: 5000? Тағы да дұрыс емес. Дұрыс жауап 4100. Калькуляторда есептеп көріңіз.

Сонымен тағы да бір сұрақ. Мүмкін осы жолы жолыңыз болар?

Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо.
Сұрақ: Бесінші қызының аты кім? Тезірек ойланып, жауап беруге тырысыңыз.

Жауап: Чучу дейсіз бе?🙂 Әрине, жоқ. Оның аты Мэри. Тағы да сұрақты қайталап оқып шығыңыз.

Қалай миыңыз қатып кеткен жоқ па? Қаншалықты зерек екенсіз? Қайсына мүдірмей жауап бердіңіз?🙂

16 пікір | Зеректілігіңізді тексеріп көрелік…

  1. Мэридикінде сүрініп қалдым, шыршалар-таяқтар🙂🙂🙂

  2. Ansar says:

    Үшінші сұрақ мені жындандырды. Басында әзіл болар деген едім. Артынан барып есептегішпен есептедім, сонда да 4100. Қалайша?

  3. Баян says:

    Мэри құртты мені де:)

  4. Сымбат says:

    😆 қазір ғана IQ тест туралы бағдарлама көріп келдім. Кеңістікті елестету қиын. Жоғарыдағыдай “жұмбақтарды” бұрын менің атам жасыратын. Содан миың қатып жүреді ұзақ уақыт.. Мен ылғи “сдаюсь”, таппай қойдым дейтінмін уақытынан бұрын тағаттанбай.😦

  5. urimtal says:

    Шынымен де қызық жұмбақтар екен. Басындағы сұрақтарды оқып отырып: “Неге олар жүгіре береді?” деп ойладым. Мен есептің жауабын емес, басқа нәрсе ойлап кеттім ғой деймін…🙂

  6. akzere says:

    Шынымен де үшінші сұрақ қызық, неге екені ойша 5000, калькулятормен 4100 шығады…🙂

  7. Руслан says:

    Үшінші сұрақта мен де қателесіп 5000 деп қалдым. Кейіннен барып түсіндім.

    Аңсар, Зере, себебі 90ға 10ды қоссаң 100 шығады.
    Ал 5000 шығу үшін 4090ға 910ды қосуың керек.:)

  8. Ansar says:

    Үшінші есептің 5000 болу себебі: есептеу барысында 40 30 20 10 деген сандардың соңына автоматты түрде бер 0 жалғанып кетеді екен. Сол себепті 5000.🙂

  9. Erlann says:

    Керемет екен ))

  10. ruslannnn says:

    Мені де Мэри құлатты.
    Қалған сұрақтарды бұрыннан білетін едім ))

  11. Gastarbaiter says:

    Мен де Мэридан өте алмай қалдым. Қалғанын бір жерден оқығанмын.

  12. 4090 санын ойымызда тек төрт пен тоғыз тұратын болғандықтан бес мың деп жібереміз, мен де солай ойлап қалдым. ал ана қызды Чучу деп ойлап қалдым🙂

  13. bakytnur says:

    Jaksy suraktar eken!

    Men birazyna surindim…

  14. Ansar says:

    Аршат, сіз Чучуді ықтималдылық теориясымен таптыңыз ба?🙂 Мен алдымен жауабын оқып қойыппын ол сұрақтың. Кейін сұрағын оқып ааа дедім.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: