Сізге несие алуға бола ма?


Несие алмай-ақ өмір сүруге бола ма? Алуын алғанмен қайтаруында көп проблемалар кездесіп жатады. Қазіргі алмағайып заманда, жақындарыңнан қарыз алған тиімді, олармен келісіп, түбі бір қайтарасыз. Ал, банктерден кредит алу жағына қалайсыз? Алуын алғанмен, дер кезінде қайтармасаңыз, қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Сонымен, сізге несие алуға бола ма екен?

1. Жаңа затты неге аласыз?
а) тұрмысымды көтеру үшін;
ә) байлығымды көрсету үшін;
б) ақшамды кетіру үшін.
2. Дүкенге кіргенде, ең бірінші неге көңіл аударасыз?
а) сапасына;
ә) бағасына;
б) жарнамасына.
3. Дүкенге кіргеннен кейін, қай сөресіне көңіл аударасыз?
а) үстіңгісіне;
ә) астыңғысына;
б) ортаңғысына.
4. Азық-түлікті қалай аласыз?
а) қолыма сыйғанша;
ә) арбалы сөмкеге сыйғанша;
б) машинама сыйғанша.
5. Егер досыңызға ұнаған киім, оған сыймай қалса, ол киімді өзіңіз ала саласыз ба?
а) жоқ, менің талғамым бөлек;
ә) мүмкін…;
б) иә, оған ұнаған киім маған да ұнайды.
6. Банкіде сіздің жеке есеп-шотыңыз бар ма?
а) иә, үнемі қосып отырамын;
ә) арасында қосып, арасында алып тұрамын;
б) жоқ, есеп-шот ашқан емеспін.
7. Қандай затты несиеге алар едіңіз?
а) кваритра, үй;
ә) автомобиль;
б) тоңазытқыш не кір жуатын машина.
8. Сіз қарызға ақша көп аласыз ба?
а) жоқ, қарыз алмаймын;
ә) арасында, тек жақындарымнан аламын;
б) үнемі, менің қарызды қайтаратыныма сенетіндерден қарыз ақша ала беремін.

«а» – жауап берсеңдер – 3 балл.
«ә» – жауап берсеңдер – 2 балл.
«б» – жауап берсеңдер – 1 балл.

20-24 балл жинағандар: ақылыңыз өз сезіміңізді, ал, сіз әмияныңызды мықты ұстай аласыз, ақшаны да өз орнымен жұмсай аласыз. Сондықтан, сізге несиесіз де өмір сүруге өз күш-жігеріңіз жетеді.
15-19 балл жинағандар: сіз керек зат болмаса да, алуға бейім тұрасыз. Ар жағын көп ойламайсыз, сондықтан, несие аларда «жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз». Әбден керек екендігіне көз жеткізіп, заңдылықтарымен танысып, несие алуыңызға болады.
8-14 балл жинағандар: сіз несие алуын алғанмен, қалай, қашан төлеуін ойламайсыз, сондықтан, несие ақша ешқашан алмаңыз. Несиеден құтыла алмай қалуыңыз әбден мүмкін.

4 пікір | Сізге несие алуға бола ма?

  1. Айко says:

    әдемі сұрақтар екен. бірақ үйге ешқашан ештеме алмағандықтан не деп жауап берерімді білмедім кечр Ақзере🙂

    Қандай затты несиеге алар едіңіз?
    а) кваритра, үй;
    ә) автомобиль;
    б) тоңазытқыш не кір жуатын машина. Мынау ғана арзан версиясы сияқт. Ал қалған жоғарғыларға қорқар едім. себебі, кридит осы екен деп алып алып қазір өтей алмай пениялары өсіп атқан қаншама семья бар десейч. Тойды кредитке жасайтын адамға бір түрлі қараймын. өйткенче тыныш жүрген жақс сияқт😦

  2. Ansar says:

    Кредит алып той жасайтындар 8-14 арасында болса керек. Алған кредитін қинаомай төледім деген адам көрмедім. Сонда да аламыз.

  3. 12aikon1986 says:

    Менде Айконың айтқан заттарын алу үшін ғана алар едім. Төлей алатының ды білген жағдайда ғана алған дұрыс қой.

  4. balgyrgan says:

    тақырыбын оқыдым да, соңындағы нәтижелердің ортаңғысын таңдап оқи сап едім… тестті өтудің де қажеттілігі болмай қалған сиқты…😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: