Берет – романтикалық бас киім


Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға үлкен мүмкіндік барын білдік. Соның бірі ең танымал беретка болып саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.

1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. Сондықтан оны өкшесіз етікпен, былғары күртешемен және джинсымен киюге болмайды. Пальто, өкшелі етік және юбкамен кисеңіз қатып кетеді.

2. Аңыз болған Бонни мен Клайд гангстерлік жұптағы Боннидің береткасындай жүн матадан жасалған классикалық модельдерді таңдауға тырысыңыз. Бұл фасондағы береттер кез келген түр-әлпетті әдемілетіп жібереді.

3. Көлемді тоқылған береттерді маңдайға түсірмей, желкеге қарай майыстырып киген дұрыс.

4. Шашыңды береттің астына жинап тастамаңыз, тым құрымағанда кекіл қалдыруға тырысыңыз. Көптеген дизайнерлер беретті жайылған шашқа киюді ұсынады.

5. Акссесуарларды беретке сәйкестендіріп тағу міндетті емес. Алайда аксессуар үстіне киген киімге, не аяқ киімге сәйкес болуы міндетті.

6. Жиын кештерге романтикалы көйлегіңізге қосымша сәнді берет (жұқа иірілген жіптерден тоқылған, пайтектермен сәнделген немесе кестелі) киіп алсаңыз да болады. Осы тұста ең қайталанбас стильді ханым атағын өзіңізге бұйырып тұрғанына күмәндаңбаңыз.

10 пікір | Берет – романтикалық бас киім

  1. arsenal777 says:

    мен бас киім киіду әлі де болса жек көремін, бірақ сіз айтпақшы өте романтикалық бас киім)) анда-санда киемін🙂

  2. Баян says:

    мен бе десем, бас киімді жек көретін. Бар екен ғой ондай адамдар:).

  3. Bota says:

    мен қайта унатамын ) кепка, гулдері бар шляпа, қысқы шапка кигенді унатамын…шапкасыз журсем бір қорғаныссыз сезінетін секілдімін…ал беретті тек садикке баратын кезде мамам кигізіп қоятын…содан бері әлі кимеппін

  4. Ansar says:

    Суық өткізетін қалпақ қой анау. Мода үшін ғана кимесе жылу жоқ.

  5. Қыздар мамалары қанша “шапкыңды ки, шапкыңды” ки деп “қақсаса” да подъезден шыққанға дейін киеді де, далаға шыға берісте шешіп тастап, сумкасына лақтырады… Сосын ертесіне тұмауратып, мұрны бырқылдап жүреді…

  6. Қосақ says:

    Берет дегенде есіме түседі, әскерде екі жыл әрең киіп жүретін едік, қазір ТВ-дан берет кигендерді көрсем, көзіме жылы ұшырайды. Романтика!

  7. Берет – романтикадан жұрдай Қапшағайлық десанттың да бас киімі…

  8. zhannur says:

    берет дегенді бұрын кимеуші едім, биыл алдым, шынымен әдемі көрінеді. ақпаратың қызықты екен.

  9. ажар says:

    ваще ешкандайда ұнаған жоқ ешқанндайда мән мағынаны көріп тұрған жоқпын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: