Махаббат қайда?..


Сіз әлі де өмірлік жартыңызды жолықтырмадыңыз ба? Махаббатыңызды арманыңыздағы жігітке сақтап, ал онымен кездесу әлі де бұйырмай жатыр ма? Жауапты қайдан табамыз, осы сұраққа психологтар мынадай кеңес береді:

Махаббатыңызды болашаққа ысырып тастамаңыз, яғни бірінші сол адам пайда болсын, сосын көре жатармыз деген сияқты. Мұндай іс тек бір ғана жолға – қайталанбас “ханзаданы” терезенің алдында күтіп, көп жылдар бойы отыра беруге әкеледі. Белгілі “Ұйқыдағы ару” ертегісіндей ұйықтап жатқан ханшайымды ханзадасы келіп ояту, өмірде қартайған шақта іске асуы мүмкін. Ұйқыдағы ару жанры өмірлік заңдылықтарға сәйкес келмейді.

1186142148_a_dreamy_world_56th_by_grafixeye

Махаббаттың алшақ жүруінің бірнеше себебі бар. Келесі қағидалар сізге қатысты ма, тексеріп көріңіз:

Сіз жігіт тапқан кезде диетаға отырамын дейсіз бе?

Әдемі киімдеріңізді кимейсіз, өйткені оны бағалайтын адам жоқ деп ойлайсыз.

Сүйіктім пайда болғанда барамын деп, қызықты саяхаттар жасамайсыз.

Театрларға, қымбат ресторандарға бармайсыз, ал құрбылармен барған бір түрлі ыңғайсыз деп санайсыз.

Демалыстарда жалғыз қыдырғанды жақсы көресіз, ал құрбыларыңыздың қоғамы сізді ызаландырады, ал олар жалғыз болса тіптен.

Сіз серуендегіңіз де келмейді, өйткені серігіңіз жоқ.

Сіз ескі майка немесе пижамамен ұйықтай бересіз, өйткені қымбат пеньюар мен іш киімдерді көретін ешкім жоқ деп ойлайсыз.

Сіздің үйіңіз соңғы рет жуып-сыпыруды қашан көргені белгісіз, өйткені тырысатын адам жоқ.

Егер аталып өткен қағидалардың біреусі сізге қатысты болса, онда сіз қайталанбас ханзаданы күтумен махаббатты ертеңге қалдырып жүрсіз деген сөз. Уақытты босқа жоғалтпаңыз! Махаббатты сыйлап және қабылдауға кез-келген мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Егер өмірлік жартыңызды тапқыңыз келсе – өзіңіздің арманыңыздағы адам бола біліңіз!

Арманыңыздағы серіктен қандай қасиеттерді көргіңіз келеді, сол қасиеттерге өзіңіз де ие болуға тырысыңыз. Егер жақсылап тырысатын болсаңыз, соған сәйкес адамдар да магниттей сізге тартыла бастайды. “Балықшы балықшыны алыстан таниды” деген мақалды ұмытпаңыз. Сол сияқты “махаббат та басқа махаббатты алыстан таниды”. Егер сізді жаны ақкөңіл адам сүйсін десеңіз, өзіңіз де ақкөңіл болыңыз. Егер мейірімді және қамқор адам жанымда болсын десеңіз, өзіңіз де айналаңыздағылармен сондай қарым-қатынаста болыңыз. Ең бастысы мынаны есте сақтаңыз: жаныңыз махаббатқа зәру болса, соған байланысты сізге деген ықылас та азаяды. Керісінше – өзіңізге деген, айналаңыздағыларға деген және т.б. махаббат толасып жатса, соғұрлым адамдар сізге тартыла түседі.

Барлықтарыңызға үлкен махаббат тілеймін!!!

11 пікір | Махаббат қайда?..

  1. Nugjii says:

    Alidingi aripteri nege korinbeidi…

  2. akzere says:

    Көрініп тұру керек негізі… Білмедім..

  3. balgyrgan says:

    “махаббат қайда?”… келсе екен, болса екен, кездестірсем екен деген сыңайлас сұрақтарды қанша рет өзіме өзім қойғанымды білмеймін, бірақ бір құдайдың тамаша күні “Е мен дайынмын ба оған?!” деп сұрасам, Салтанат – “ЖОҚ” деп масқара болдым … Іштей дайын да болу керек қой, мысалы махаббатты кездестіре қалғанда аң-таң болмай, как-будто сол адам сіздің өміріңізде келмей тұрып болғандай болуы керек шығар ДЕЕЕЕЕЕЕЕЕп ойлаймын…

  4. ДЕЕЕЕЕЕЕЕп ойлап жүргенде зулап өте шықпасын.. Анау… Аты не еді… Уақыт бар ғой, уот, сол🙂

    Ақзере бәріңді жақсы нәрсеге үндеп отыр екен. Жөн-жөн… Сүю, сүйілу жақсы болса керек қой! Ия, солай!

  5. 12aikon1986 says:

    Асықпай, анық басып жетіп қалармыз ол кісіге де…

  6. Асхаттың блогынан оқыған бір сөз оралып отыр есіме… : “Асықпай, тез-тез жүріңдер”😉

  7. Белгілі “Ұйқыдағы ару” ертегісіндей ұйықтап жатқан ханшайымды ханзадасы келіп ояту, өмірде қартайған шақта іске асуы мүмкін.
    Оятатын ханзаданың өзі – Шрек сияқты құбыжық, әрі ақ боз аттың орнына – мылжың есекпен келіп тұруы мүмкін…

  8. aselhan says:

    Жоғарғыда айтылған кеңестерге құлақ асу керек! Әсіресе, қағидалардың сізге қатысты болмауын қадағалау міндетті! Сұлулық пен әдемі өмір ең бірінші кезекте сіз үшін керек. Сіз өзіңізді сүйе білсеңіз, сіздерді де сүйе білетін адам табылады!

  9. Арай says:

    Құдай жазған уақта болмаса, қаншалықты өзіңе қарай бер, ешкім саған қарамайды.

    • ayka says:

      Arai hudai jazgan uahta dep jure bersen қайталанбас “ханзаданы” терезенің алдында күтіп, көп жылдар бойы отыра беруге әкеледі.Sen ozn talpin sogan harai hudai da bersin ok

  10. ayka says:

    Бир жактан кудай билед дегенмен бирдей Кудайдын билетни шындык биракта сен ис арекет жаса

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: