Кәрісше махаббат…


– Мен сізді сағындым, операциядан кейін қаншама уақыт сізді күттім. Сарғая, күні-түні күттім. Ал сіз келмей қойдыңыз, сондықтан қатты ызаланып ешкіммен сөйлеспей қойдым.

– Сіз маған уәде бердіңіз ғой, егер мен ақылды болсам, менің жанымнан ешқайда кетпейсіз деп, уәде бердіңіз ғой.

– Менің ақылды болғанымның бір ғана себебі бар: Мен мұғалима Ин Хені бақытты еткім келді.

– Мен артыма қарамадым, өйткені қарасам болды оны жібере алмайтынымды, қия алмайтынымды білдім.

– Сіздің жылағаныңызды көріп, енді сізге жолықпайын деп шештім. Сіздің жылғаныңызды көре алмаймын. Ендігәрі жылатпаймын деп шештім.

– Сіз кеткелі бері сіздің маған жетіспейтініңізді сездім. Көз алдымда жүрген соң, көп білінбейтін. Ал қазір сіз маған керексіз…

Бұл қазіргі болып жатқан “Жаратқан ием, армысың!” атты корей сериалынан диалогтар. Кәрістің қай сериалын алмасаң да, махаббат сондай шынайы суреттеледі. Ойлары ашық, мәдениетті, сыпайы. Сүйіспеншіліктері мейірім, қамқорлық, жанашырлыққа толы. Тұнып тұрған романтиканы кәріс жігіттерінің барлығы жеткізе ала ма, әлде өмірде бәрі басқаша ма? Кім біледі, алайда осындай сүйгендері бар кәріс қыздары бақытты шығар…
Кәріс сериаларының танымалдылығы тек жас қыздардың ортасында ғана емес жігіттердің арасында да артып келе жатқаны қандай жақсы болды. Көргендерге үйреніңіздер демекпін, махаббатты солардан үйренейікші…

photo15255

Advertisements

51 Responses to Кәрісше махаббат…

  1. urimtal айтады:

    Мен ғана көріп жүрмін бе десем… 🙂 Кинодағы адалдық пен адамгершілікті биік ұстайтыны ұнайды.

  2. Баян айтады:

    Бір досым айтқан, осы сериалды қарасаңшы деп… Сериалды жек көрем… бірақ, мына диалогтар жақсы екен. Ақзере, осылай жазып тұрсаң, оқып тұрамын. Сериалға уақытымды құртқым келмейді:)

  3. balgyrgan айтады:

    үйренейік! 🙂

  4. bakytnur айтады:

    Drama men Koreilerdin omirinde uksastyk jaktar bar:
    -Adamdarynyn sypailygy
    -Ulken men kishini kurmetteu
    -Kyzdarynyn erkeligi 🙂
    -Adamgershiligi
    -Ulkenge jane aitkan sozderine (Mumkin mahabbatka da adal jandary bar shygar)
    t/b

    Baribir, shynaiy omir bolek…

  5. Баян айтады:

    Во-во…шынайы өмір деген бәрібір кинодағыдай емес

  6. akzere айтады:

    Бірақ бәрібір бірнәрсе үйренуге болады ғой…

  7. Баян айтады:

    әрине, болад. Әсіресе, анабір жерде жазылғанға қатыстыны айтам: жылатқым келмейді дейтін тұсы… Трогательно!

  8. Кәрістерді жақсы көретін адам :) айтады:

    Зере жан мен сізді жақсы көріп кеттім. қандай дәл жазғансыз. Менің ішіме сыймай жүр еді 🙂 тіпті тартымсыз(сұлу емес деп ұқсам керек) «доктарда» керемет қой шіркін. Осы кино біткен соң, ойға қалам осы гордаст андай-мұндамай демей-ақ кезінде ұрсып жібірген біреуге барып аяғына құлай кетсем қайтеді деп. Шын, сондай әсерлі қылуды олар қайдан алған?, кәріс киносын көріп дағдыланбаған екенмін, былтыр көріп бастадым, притом ФУЛ ХАУСтан бастап, берліп жібермей көретін кинолардың бірі болып кетті. кеш басталатыны жаман болып жүр, әпшемнің бөлмесіне жақын болған соң, дыбыссыз көріге тура келеді. тіпті болмаса суретін көріп жатайын деген принцип болса керек 🙂 Баян көріңіз, дилогтан гөрі, киноның өзі әсерлі.
    тууу мұндағы жаман кейіпркедің өзі, жас ұялатады ғой көзге жас. Ана қаржыгер кісінің өзі ИнХени сыйлайтыны көрніп тұр емес пе. Кәрістерді жақсы көріп кеттім, білмеймін, Сеуілдік студенттермен арласқанан шығар. тіпті олар қарапайымдылығы сонша, адамды өзіне тартып алады. өмірде көп арласа қоймадым өкінішке орай, мүмкін адами/пенделік жақтарын көп көріп қойып, ой арманнан айрылып қаламын ба деп қорықсам керек. Бірде аурып тұрып кездесуге бардым, біраз сөйлескен соң, аурып тұрсың ба дейді, ия дедім, жүр онда менің пәтеріме, бірдеме деген(өз тілінде) каша пісіріп беремін дейд, мен күліп баратын жерім бар деп едің ғой, десем сенің денсаулығың маңызды ғой дейді. Менің тар өрсіме дәл сол кезде қатты ренжідім, неге десеңіз, танысқанымызға 1-2 рет қана болған маған тіптен күлкілі болып көрінді, адам жақсылыққа бірден үйренеді екен тіптен. кейін жай адамдарша үйреніп алғаным сондай, тіптен есіме не түссе соны істеп еркелеп кететін болдым :). кетіп қалды, маған ауыр соқты 😦 себебі, әуеге қалықтап кетсем керек жерге түсе алмай жүрмін. Жо-Жоқ мен тек кәріс жігіттерін ғана айтып тұрғаным жоқ, қыздары да сондай тартымды.
    Тіптен олардың, сарт еткізіп айта салатын қылықтарына да үйренген тәрізді болдым :). Оларда басты мәселе адам, қалғандары сосын, ал бізде дәл қазір ауысып тұр орындары.
    Тағы бір қызығы, біз жайында біреу не верно инфо берген-ау шамасы, басқа да толып жатқан кәрістермен ничайно тансып сөйлесе қалсаң, ты замужем деп сұрайды, неге олай сұрайсыңдар десем жауап жоқ. видмо бір гәпірген сұмдық қазақтардың қыздары 20 тол салып тұрмыс құрады балалы болады десе керек. ал өздері 28-30 шамасындағы адамдар, аулыңа барып не істейсің десем, ананы оқимын, мынаны істеймін дейді. дұрыс екен деймін. Тағы бір қызығы, олар біз жайында өздеріне ұқсас халық деп есептейтін болса керек, небір қызық диалогтарға куә боласың.

    ПС: талай айттым сүйетінімді «ОҒАН»(кәріс жігітке), бірақ күліп жауап беретіні несі ей? 🙂

  9. arsenal777 айтады:

    қарамаймын, бірақ өте әдемі екен, қыздары сондай нәзік

  10. akzere айтады:

    – Менімен не істесеңіз де соны істеңіз, қайта операция жасаймын десеңіз де өз еркіңіз, мені жазып шығарыңызшы, мен Ин Хені ұмытсам өмірімнің мәні қалмайды, оны ұмытқым келмейді, мен емдеп шығарыңызшы, жалынамын!!!

    Ма-ма… 😦 жладъм…

  11. KonilAshar айтады:

    осы сериалды қаарй алмадым
    романтикасы иә өз алдна бірақ сюжеті тым сенімсіз
    мен қаз басқа сериал қарап жүрмн иенттен көшіріп
    бір минутта жалықпайсың
    сіңлім екеуміз қарап жүрміз ішегіміз түйілгенше күлдік өткенде
    көбіне бірақ солай ғой басында күлесің аяғында жылайсың
    Саундтэгі қатты ұнады
    айтпақшы драманың аты Soulmate, өмірде әрбір жанның маңдайына жазылған адам болады дейді, солай ма деген сұраққа жауап іздейді онымен қоймай комедийность беретін жерлдері қыздарды қалай сындыру, жігіттерді қалай сындыру жолдары:)) күлкілі

  12. KonilAshar айтады:

    Зере My girl деген сериалды қара ол вааще Айко айтпақшы ураган диалогтары да, мен сенің айтқан сөзіңнің ешбіріне сенбейм, тіпті айтқаның шын болса да маған бәрібір, тек менің қасымда болсаң болды деп, по сюжету келгенде енді сол жері адамды реально жылатты

  13. janarbek айтады:

    Әр халықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Еңбекқорлық кәрістерге тән ерекшелік деп ойлаймын. Ал басқадай адамгершілік, махаббат, соның ішінде кәріс махаббат кинодан әсте (Сіздердің тілімен айтқанда Набарод 🙂 ) бөлек.

    Кинодандан қарағанда адамгершілікті кітаптан(Өзімізді діни) үйреңен жөн деп ойлаймын.

  14. janarbek айтады:

    Және қосып айта кетейн, кәрес қыздары денесі нәзік болғанмен ойлары өте күшті. Олар жұмыс жасағанда еркектерден қалыспайды. Миларыда жақсы істейді.

  15. Кәрістерді жақсы көретін адам :) айтады:

    негізі сіздер дұрыс айтасыз, әр халықтың өз бір кемшілігі боады, оларды тек кинодан ғана көріп ғашық болып отыру керек шығар, өмірде ұнамайтын тұстары жетерлік-ақ 🙂 мысалы олар қанша үлкен болса да, міндеті/қызметі үлкен болса бақырайып шыға келеді. Яғни басыңды иіп тұруың керек 😦

    кешегі сериясын әпшем інім және мен көрдім, Інім кішкентай болса да, Хару өлді ме дейді. Жаным-ау Хару тірі десем, ана доғдырдың қолы лаха болды ғой деп қайғырып отыр 🙂 енді доғдыр атақты болмай қалатын шығар ә?

    Зережан диалогтарды қайдан алып жатырсыз? 🙂

  16. akzere айтады:

    Есімде қалғандарын жазып жатырмын ғой. Беріліп көретінім соншалық, сөздеріне аса қатты мән беріп көремін. 🙂

  17. Руслан айтады:

    Тұнып тұрған романтиканы кәріс жігіттері жеткізбегенде енді кім жеткізеді, егер басты рольдерде ылғи Мин Суен немесе соған ұқсаған қыздар болса.

  18. minister айтады:

    Қазақ жігіттері сонша сөзді шығындап әлек болмайды , олар сүйгендеріне жүрегімен , көзімен ақ жеткізеді )))

  19. akzere айтады:

    minister, Қыздар құлақпен жақсы көреді, құлақпен… 🙂

  20. 12aikon1986 айтады:

    Маған өте қатты ұнайд кино. Шыныменде сезімдері сондай таза, пәк. Көріп отырып арманға да берілесің. Қанша дегенмен сезімнің шынайылығы көрінед… \Шынымен де сондай мінезді адамдар көп болса ғой. Сондай сезімді…

  21. Айко айтады:

    мілінь Хару өліп неге ғана тыныш болмайд екен 🙂 ато ана доғдырға ғашық бов қалдым, сонша жыл еңбегін сарып етіп, енд кеп Хару үшін қолынан айрылмақ, бірақ бар ғо, мен құдай емес екенмін, артық кетіппін, адам жасаймын дегенім, соным үшін құдайдан наказания алдым дегені ураган бов кетті, Клон мәселесімен де елдер нетіп жүр ғо негізі да, бәрі АЛЛАның қолында!!! кейде ойлаймын да, осы орысша обаготворения дейд ғо, со дан Құдайға қарсы шыққандық емес пе? Бізде сонмен айланысатын бір апай бар ғо, КЗ өте атақты, ол кісі Айқында егер врачтың қолынан келіп тұрса, яғни құдай солай деп жіберген сияқты деген сөзге саяды екен… Очм я пас 🙂

    Киноға келейкч, кеше мен сабақта болдым, кеш шықтым, үйге қарай транспорт жоқ жаяу ұшып келем, сағат 10 бов қалған, е мое, қаз үйге барып, жунып андай-мұндай істеп киноға рахаттанып жата қалмайды екенмін, ғо, прям дәл осылай үйге ассыққан кезім болмаған шығар 🙂 себебі отыра қалып көргенге не жетсін шіркін … ана жері бар ғо, көзден жас ағызды ғо прям, Мен бір-ақ адамды көрсем болд дейтін жері. ИнХе: Хару мен сені түсніп тұрм, жалғыз өз қорқынышыңмен болдың ба деп :(((.
    Бәрін айтта бірін айт Доғдыр баланың қолын айтам :(((, сосын шешесінің арасындағы диалог. Сенраристке: бетіңізді сүйіп аяғыңды қысып қоюға рұқсат етің 🙂

  22. akzere айтады:

    Сөз – сүйектен өтеді деген осы ғой. Сөзбен қатар, іс-қимылдары да көзге жас әкеледі. Жетімдер киносындағыдай мұнда ағыл-тегіл жылау жоқ. Бірақ жүректі шымырлатып жібереді.

  23. akzere айтады:

    Блогыма осы сериалдың атын жазып, іздеп келетіндер көп екен. Бұл сериал жайлы төмендегі линктерден оқи аласыздар. Сол жерде актерлер жайлы мағлұматтар және суреттер бар.:
    http://www.hancinema.net/korean_drama_Hello_v__God.php
    http://wiki.d-addicts.com/Hello,_God
    http://www.mysoju.com/hello-god/

  24. Anar айтады:

    Мен уакытын текке жумсайтындар катарынан емесп1н, б1рак осы фильм маган унайды.Ен б1р1нш1 ел1к1рет1н1 – ом1р кор1н1с1н шынайы суреттеулер1, ек1нш1ден – оздер1не гана тан м1нез-кулык, тарбие жагын сериалдарында ерекше кор1н1сте беред1. сосын – актерлер1..
    Акзере, с1зд1н ер1нбей ана создерд1 жазып койганынызга танданып отырмын.

  25. bakytnur айтады:

    Koreaga bir kelip kaityndarshy… India filimin suietinder Indiaga agylyp jatady goi 🙂

  26. Айко айтады:

    қыздар прикол, мына кино қаз бәрмізді түнгі сағат 12 жатқызып жүр :))). Кешегісі ағыл да тегіл жылату болд. Пак Тунче мен саған ғашықпын. ваще-ваще. корей тілімен жеткізе алатындарың айтыңдар әдемілеп 🙂

  27. Айко айтады:

    барлық өмірді қалай 16 серияға сыйдыратындарын айтам дачы. 🙂 не тока что түріктер 100 серияға сүйрелеп жеткізіп, жығылып құлайтын 😦

    ПС: Алақай, ля-ля-ля корей серияларын көшруге арнайы құрылғы сыйлады жездем(СаянСАНДАР сияқты бов кеттім ғо. хи*хи*хи)
    КөңілАшар қайдасың менде уж 16 Гба. флечка бар.

  28. Anar айтады:

    Фильм сонда он алты сериядан тура ма? Демек алдымыздагы б1р1нш1 кун1 сонгы серия болады десенш1…:(

  29. urimtal айтады:

    Сәлтемелеріңе рахмет, Ақзере!

  30. akzere айтады:

    Оқасы жоқ, Асхат.

    Қыздар, кімде көшірмесі бар болып жатса айтыңдаршы. Өлдім мен мына сериалдан. Бітіп қалса не істеймін? 😦 Бүгін уже бітеді…

  31. Сәкен айтады:

    бүгін бітет кен ғо…

    күшті сериал! 🙂

  32. Ербол айтады:

    еее енді тусті, сәлем кәріс пен жапон сериалдарының көрермендеріне. Менде біраз Азия сериалдары бар, ішінде Конілашар айткан «Моя девушка» деген де бар. Кызыгушылар болса хабар кутемін 😉

  33. Anar айтады:

    Каз1р Инеттен урлап-жырлап кар1ст1н «журег1мде калган куз» деген драмасын карап журм1н, ммм.. акыры жылатпай коймады.:) Егер осы фильмд1 корген болсаныздар, ой обл1с1н1з, с1зге унады ма?

  34. Айко айтады:

    емое, финишти басқашалй күтіп едім, тірі қалдырғаны несі 😦
    Пак Тунчем-ай, Пак Тунчем 🙂

  35. akzere айтады:

    Жүрегімде қалған күз сериалын қателеспесем 3 рет көрдім, осы сериалдан менің корей сериалдарына махаббатым ашылды десе де болады.

    Қызық ия, кішкене бір уақытта қыз қалай өзгеріп кетті, Пак Тун Че анасымен табысты, 16 сериалдың ішінде қаншама жүрек толғанысы өте шықты десе де болады.

  36. Анар айтады:

    М1не, Жараткан Ием, армысын?» сериалын да тамамдадык. Былай караганда дым болмаган сиякты. Дегенмен аз гана уакытта ол ерекше б1р ертег1 алем1не тап болгандай куй кешт1 гой..Дегенмен финалда дар1герд1н ом1р1 толык корсет1лмеген, Ынхемен косыла ма, жок па, ол жагы беймал1м. Анасымен тауласканы жаксы болды гой.
    Ал «Журег1мде калган куз» бул мен уш1н корсет1лген алгашкы карес сериалдары катарынан саналады.м1не, каз1р 3ш1 рет карап жатырмын, жылап сыктап-солармен кайгырып:)
    Унд1 фильмдер1 жай аншей1н екен гой:)

  37. bakytnur айтады:

    Karissheden kazakshaga audara ma?

  38. Айко айтады:

    bakytnur ия, корей тілінен қазақшаға. кейде корей-орысшаға 🙂

    Ақзере ол киноны көру керек деч. Фул хаусты мам шегі қатып отрп күліп еді 🙂 сондай балалық тәтті қылық деп. сосын үлкені*жасы бары отрп көре беретіні жақс. еше андай*мұндай движения болмайтынына сенімдісің де :).

    ПС кеше бір серия басталды ма, қатты шаршап тұрп, көре алмай қалдым 😦

  39. akzere айтады:

    Айко, мен де көрмедім. Негізі кішкене пауза жасатып, сосын қою керек еді. Әйтпесе әлі транстан шыға алмай жүрміз. 🙂

  40. Анар айтады:

    Мен де транстан шыга алмай:)
    Бакытнур «Мына кыздарга не болган?» деп тан-тамаша калып жаткан болар, шынымен де каз1р культт1к фильмдер солар.. Тур1к сериалдары б1здер уш1н катты танымал емес сиякты.
    Кеше жана сериал басталды Еларнадан, ок1н1шке орай касымда конактарым болып дурыс карай алмадым.

  41. маке айтады:

    қазақ қыздарына ешкім жетпейді!

  42. Nazym айтады:

    мен билетин каристердин омиринде жеке махаббат пен айелине/куйеуине деген махаббат еки болек. Байкаганым еркектер кобинесе айелдерин тек курметтейди, бирак баска адамды суйуи мумкин.

  43. Nazym айтады:

    Анар, Autumn Tale – ди кайдан корип журсин?

  44. Айко айтады:

    кешегіні көрдіңдер жұрттар? ма*ма-ма*ма дейсің ваще 🙂 очм үйге бара салып ТВны қостым. уақытша үйге «Біреудің» ТВ әкеп қойыпты алақай*алақай 🙂 тв алдына рахаттанып жата қалдым. ой ужс болдым. Бірақ қандай тәрбие, қандай махаббат десейч, ренжісе де сүйетінін айтты ғо Доктр Шо.
    Хайри сондай суйкимди.
    Пиано уау пиано жылайсн ваще. керемет орындайд

    Корея сен кайдасын мен сени катты*катты жакс корем 🙂

  45. akzere айтады:

    Өкінішке орай, сол сериалды мен қарамадым… Енді келесісін көретін шығармын.

  46. NURIK айтады:

    Продаю сериалы: “Ғашық болған жалғыз басты әке”, «Жараткан ием, армысын», «Ыстык Уя или Любимый дом» – все эти сериалы на казахском, запись сделано с ЕлАрна. Все на трех дисках DVD, качество отличное, меню все сделано. Цена 1500тг за каждый сериал. Кому нужен саундтрек к сериалу «Хонг Гиль Донг» звоните. Цена 500тг сот: 87017786670. Я живу в Алмате. И еще есть клипы Рэйна и альбом.

  47. мен айтады:

    менің өліп-өшіп корген кином *Кешір, мен сені сүйесмін* сериалы еді. Қатты ұнады. Тұнып тұрған романтика.
    Бірақ солар кейде шынайы өмірден алшақ, қияли болады ма деймін. Бар нәрсені әкеп махаббатқа тіреп, соңында қосылып алып, өліп қалатыны жаман.

  48. ғашык айтады:

    Корей телехикаялары – мұнда бір артықшылық бар: жабайы,жағымсыз әрекеттер жоқ. Бір телехикая аяқталғанда үлкен бір ой түйесің,жақсы әсер аласың,жақсылыққа ұмтыласың,қиялдайсың,армандайсың. Мүмкін адамның санасын жаулаудың тағы бір амалы ма деп ойлап қалам. Бірақ, не болса да, тарбиесіз нәрселер жоқ. Батыстық мәдениеттен анағұрлым алда, рухани жағынан биік,адам бойындағы адмгершілік,мейірімділік,патриотизм(38-ші параллель),қайырымдылық,туысшылдық,кешірімді болу сияқты асыл қасиеттерді оятады.

  49. saya айтады:

    бул серия маган катты унапкалды.

  50. асия айтады:

    keremet.soz jok

  51. Ли Са Я) айтады:

    мен де корей сериалдарын жібермей көремін.олардың шынайы ойындарын айтып жеткізуге сөз таба алмаймын. Құдды бір өз өмірлері сияқты…оларды жай ғана білдіртпей сыртынан түсіріп жүргендей ал олар бұны білмейді,сезбейтіндей…қандай сөз жетпейтін шеберлік десеңші!!!Және де менің бір қызығатыным олардың мүмкіндіктері көп өздерін көрсетуге,танытуға)Иа мен сіздің корей сериалдарындағы артықшылық жайлы айтқаныңызға толықтай қосыламын!!!Ешқандай анайы іс-әрекет жоқ.Олар өздерінің махаббаттарын сүйісусіз-ақ жеткізеді емес пе?!Олардың көзқарастарынан,бір-біріне деген қамқорлықтарынан да барлығын сезуге болады.Корей елінің осындай әдептіліктері,сыпайылықтары таң қалдырады.Оларға осы үшін көп рахмет айтқым келеді)))Сіздерге көп рахмет!!!!!!!!
    Ал енді мына жағдай:Мысалғы мен батыс жақтың фильмдерін ата-анаммен отырып көре алмаймын тіпті өзім ғана болсам көре алмаймын.экранның ар жағындағылар үшін өзім ұялып отырамын)Ал корей сериалдарына келгенде мамамен де,папаммен де көре аламын,тіпті барлығымыз отырып кейде талқылаймыз.Ата-анам негізі корей сериалдарын көре қоймайды бірақ біз қызықтырып көргіземіз))))))Сосын өздері-ақ сол сериалға кіріп кетеді.Бізден не болғанаын сұрап жатады)))Кейде олар сол сериал арқылы да бізге тәрбие беріп,ақылдарын айтады)))Сериалдан алынған мысалдар бойынша))Міне солай корей сериалдарын көріңіздер,өкінбейсіздер дегім келеді)))))))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: