Қорытынды


1219012293_she_with_the_butterflies

Осы жылға біраз да болсын қорытынды жасап, Оскар немесе басқа да жыл таңдауларын тағайындайтындар тәсілімен мынадай тізім жасап шықтым.

Жылдың цитатасы:
Бірінші жарты жылдық. “Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге”
Күзде “К… қысқан бай болады”
Қазір “Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма”

Жылдың үздік сайты:
1. Solai.de (форум арқылы көп нәрсе түсіндім, жаңа көзқарас пайда болды, достар таптым)
2. Mail.ru (қауымдастық құрдым, қазақша жырлармен сусындадым)
3. WordPress.com (блог жүргіздім, блоггерлермен таныстым)

Жылдың ең үздік танысуы:
1. Ерлан Оспан (эххх….)
2. Сатыбалды Кербабаев (шляпам сіздің алдыңызда)
3. Solai.de форумшылары, қазақ блоггерлері

Жылдың үздік тағамы:
1. Суши жеп көрдім, өте дәмді. Ұнады.

Жылдың үздік сусыны:
1. Әлі де сол “Макси-шай”🙂

Жылдың үздік әсері:
Өзімнің керек екенімді сезініп, бірақ шарасыз болғаным немесе тіптен ешқандай амалдың жоқтығы…

Жылдың тілі:
португал тілі (сериал арқылы бірнеше сөз үйрендім және қызығушылық пайда болды)

Жылдың экстримі:
“Айя” қиял әлем паркіне барып өліп қала жаздағам))

Үздік кеш:
Құрбыларыммен бір пабқа барып, демалып, саксафон тыңдап қайтқан кешті әлі ұмытар емеспін.

Осы жылда ашылған қызығушылық:
Өлеңдер іздеп, қауымдастыққа, блогқа жариялау

Орындалмаған арман:
Заттан: машина сатып алу;
Рухани: шет елге саяхат жасау;

Орындалған арман:
Университетті бітірдім (уффф…)

Үздік қала:
Өкінішті, бірақ осы жылы ешқайда бара алмадым.

Жылдың ең үздік орны:
“Мigriole” кафесі

Рухани өзіндік жаңалық:
Қолымнан бірнәрсе келеді екен…

Үздік әнші:
Ерболат Құдайбергенов

Үздік ән:
1. МузАрт – “Ол көктем оралмайды”
2. Дильназ Ахмадиева – “Не забывай”
3. Britney Spears – You wanna peace of me

Үздік фильм:
Адмирал

Үздік актер/(актриса):
Константин Хабенский
Кейт Хадсон

Үздік кітап:
Ш.Айтматов “Тополек мой, в красной косынке”

Ең керемет күн:
17.05.08 – достарыммен кездесіп, боулинг ойнаған кез.

Жылдың әділетсіздігі:
Жарты жыл ерте бітіргендіктен, ал келісім-қағаз бойынша 2009 жылдың басында бітіреміз деп қол қойылғандықтан жарты жылына артық ақша төлеу керек болды. Очм, диплом деп көп шығындалып кеттік әділетсіз…

Сәтті сатып алынған мүлік (зат):
Интернет (зат емес, бірақ дән ризамын)

Ең керемет адам:
Мамам (жақындаса түскендейміз)

Үздік киім:
Ақ (молочный) кофточкам🙂

Жылдың сыйлығы:
Туған күніме бір досым бір корзина ақ раушан мен қызыл раушан сыйлады. Қызыл раушан ақ раушанның ішінде жүрек етіп істелінген. Сондай риза болдым🙂

Керемет жаңалық:
Қалған 9 күнде естімесем, қазір есіме түк түсер емес )

Сіздерге де кезек беремін, әрі қарай сіздің блогта жалғасын табады деген үміттемін🙂

22 пікір | Қорытынды

  1. Aikona says:

    Уже есеп беріп жатсың ба Зере? МММ үлгерсем ертең оқырсың… Бірақ мен үшін көп өзгеріс бола қоймады.

  2. Ақмаржан says:

    Айяда нендей экстрим жасадыңыз?🙂
    “Мigriole” кафесі көшесі қандай?
    Ерболат несімен үздік әнші болды?. Хотя мен қазақпын өлеңі маған да ұнады. Рептің көкесін танытайын деп тұр ғой өзі🙂
    Үздік киміңізбен сізді қашан? қай жерде көруге болады екен🙂

  3. akzere says:

    Ақмаржан, Айя паркінде бір каруселіне отырғанымда, өлген жерім осы шығар деген ой келген🙂 Айқайлағаннан әлім кетіп қалды тіптен…
    Мигриоль КазГЮА-ның жанында, Метро ойын-сауық кешеніне қарама-қарсы.
    Ерболат қазақ музыкасына жаңа леп алып келген әнші, және де патриоттықты тудыратын ән шығарғаны үшін мың алғыс!
    Үздік киіміммен мені көрдіңіздер жазда паркте кездескен кезде. Сол кофточкамды сүйем🙂

  4. balgyrgan says:

    жақсы идея… келесі жылы осы тізім толи түссін🙂

    бірақ, Зере, жалғастыра алмаймын🙂

  5. Айтпақшы, мен де бір қорытындылар жасап едім. Басқа тематика бірақ.

    Макси шайды мен де ұнатамын🙂 Әсіресе құлпынайын🙂

  6. Мәәәәсссаған…. Мен күтпеп едім…….🙂

  7. ansar08 says:

    Keremet!
    jaksy bastama eken. kol tise jazuga tyrysyp bagamyn.
    Aldagy jyl sätti bolsyn, isiniz tabysty bolsyn.

  8. […] Жазған ansar08 уақыты Желтоқсан 23, 2008 Жыл үздіктері  […]

  9. urimtal says:

    Біраз іс тындырыпсың!

  10. АЙКО says:

    Жылдың ең үздік тансу🙂 тура менкіндей екен.
    сіз Сатыпалдыға шляпа ұсынсаңыз мен… білмейм, әлі ойланып көргенім жоқ, жүрек шығар сол баяғы🙂

  11. Bota says:

    bara almai kalgan kalanizdin aty kanday edi?

  12. akzere says:

    Ой қайсібірін айтайын, Бота… Көп қой…:-)

  13. ansar08 says:

    Sen surama6 menaitpaiyn degendei ma 🙂

    Sizdi shakyrdym goi, birge kydyramyz dedim. Kolymnan baska ewtene kelmeidi😦

  14. Жақсы есеп береді екенсіз, Бірақ қазақша жыл санау Наурызда екенін ұмытпаңыз

  15. Maratkhan says:

    Сәлем, Зере!!!

    http://www.solai.de сайты осы жылы Сізге көп нәрсе сыйлады деп қорытынды жасасаңыз, Солайдеушілер Сіз де сайтымызға көп нәрсе сыйлады деп шешіпті. Сізді Жыл үздіктері байқауындағы жеңісіңізбен құттықтаймын.

  16. Меркурий says:

    Құтты болсын! Сен үшін қуаныштымын.
    Қызғанып отырмын… Ойын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: