Адмиралъ


Бәрімізге адмирал Колчактың 1916-1920 жылдар аралығында Ресей империясының құлдырау шағында патша үкіметін қолдап, қызылдарға қарсы күрескені тарихтан аян.

Тарихты жақсы білетіндер бұл фильмді көрмей жатып (немесе көріп те) ғайбат сөздер айтып, қолдамай жатқандарды көп көріп жатырмын. Тіпті қазақстандық бір арнадан, көрермендерден сұрақнама жүргізіп, Колчактың кім екенін білмей жатып, фильмді неге мықты дейді деген материал да жасапты.

Фильмнің сюжеті бойынша Колчактың қызылдарды қырып-жойғандығы жайында емес, оның теңіз флотында жасаған ерліктері мен екінші азаматтық некедегі әйелі Анна Тимирева арасындағы махаббатты бейнеленеді.  

Ал керек емес кезде ұлтшыл бола қалатын, тарихшыларымызға айтарым, тірілермен күресе алмай жүріп, өлілерге табандасатын не өнер? Егер бізге қарсы соғысқан қайсібірне қарсы тұрсақ, онда орыстардың барлық туындыларын көрмейік, немістермен араласпайық, тағы кімдер бар еді?.. Не керек бұл?

Әрбір фильм – өнер, туынды. Фильмге ат салысқан қаншама адамдардың, актрлердің шеберлігі жатыр. Дәл осы фильмде сол шеберліктерді көре алдым. Колчактың басқару шеберлігі мен таза, шексіз махаббатты шынайы бейнелеген фильмнен үлкен әсер алдым. Ал тарихқа келетін болсақ тарихтың өзі көптеген ақаулардан тұратыны мәлім. Жалпы, кім болса да, қандай да бір қателігі үшін жауап тартылады. Колчак та өзі үшін жауап берді.

Ал фильмнің жөні бөлек, және де бұл көркем фильм, деректі емес. Осыны ескеру керек сияқты.

2 пікір | Адмиралъ

  1. ansar08 says:

    ия, Кенесары хан туралыда дау барғой қазақ тарихында. Колчак тұрмақ Гитлерге арналған фильмдерде бер емеспе. Өмір басқа фильм басқа. Тек туындының сапасы мен сюжетіне қараған дұрыс болар.

  2. Gani04 says:

    Көркем филь болғасын, мағынасына, түсірілу көркемдігіне, сюжеттеріне, актер шеберліктеріне көңіл бөлу керек қой. Бізде орыстың киноларын көрмеу керек, советтік идеология деген пікір бар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: