Тәуелсіз?..


Алматы көшлерінен аңғаратын болсақ әлі бір ай бар “Жаңа жыл” мерекесіне дайындық басталып кеткен. Бірінші желтоқсан күні әкімімізді алып, шыршаларды жандырып, “В лесу родилась ёлочка”-сында айтып тастадық.

Бір ескеретіні осының алдында келе жатқан “Құрбан айт” мерекесі мен ең басты мерекеміз “Тәуелсіздік мейрамы” бар емес пе?
Жаңа жылға дайындықтың көлеңкесінен осы мейрамдар еленбей жатқан сияқты.

Бұл жайлы былтырлары да қаншама рет айтылып, жазылып та жатты. Алайда оған назар аударар ешкім жоқ.
Әрбірден кейін осы тәуелсіздік мейрамы болмаса жаңа жылды да қалай және қайда тойлайтын едік?

Астананың 10 жылдығына дайындық бірнеше ай бұрын басталып, дүркіреп өткен жоқ па еді? Ал тәуелсіздік мерекесі неге дәл солай аталып өтпейді? Немесе бұл мейрам дүркіреп аталып өтуге лайық емес па?

Сонау 1986 жылы алаңға шыққан әкем сол күнді ерекше атап өтеді, сол күнгі жастардың толғанысын, көрген сұмдықтарын әлі күнге дейін көз алдында екенін айтып, ерекше қадір тұтады.

Біз тәуелсіз елдің жастары болған соң, тәуелсіздіктің қадірін толыққанды түсіне алмайтын шығармыз. Алайда үлкен апа-аталарымыз біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымызға риза болып, соны бағалаңдар деп айтып отырады. Сондай сөздерден кейін, бұрынғы кездерде көрген қиыншылықтарын естігеннен кейін осы мейрамның ерекше екенін аңғарасың. Бірақ неге екені сол тәуелсіздік мейрамын тойлайтын күнді тыныш өткізіп кетуді ұйғарады.

Қазақтардың ұлтшылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу бәсеңдеп баратын сияқты. Бәлкім мұнда бір саяси астар бар шығар. Бірақ бір ойландыратыны, біз соған етіміз үйреніп кеткен сияқты, қазақшаны түнде көрсететінге, көшелердің орысша аталатынына, ұлттық мейрамдарымыздың орыстың мейрамдарының астарында қалып жататындығына және т.б.

Әлбетте намысқа тиеді, бірақ не істей аламыз?

10 пікір | Тәуелсіз?..

  1. маке says:

    кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш

  2. huanysh says:

    70 жылдың сіңірген зардаптарын шегіп келеміз.

  3. Bakytnur says:

    Osynda jana jylda biz siakty aure bolmaidy.. Tek 25inde Christmas dep demalady.

  4. Ақтөбе қалалық әкімдігі ЖЖ-ға да Айтқа да жақсы дайындалған сияқты. Көшеде шыршалар, орталық жолдардың үстінде үлкен баннерлер ілінген Құрбан айт мубарак болсын деген мазмұнда.

  5. ansar08 says:

    Жаңа жылды Еуропа елдері тойламайды. Біздеде тек Christmas ғана бар. Осыдан 1жыл бұрынғы жаңа жылда таң қалған едім соған.

    Біз тәуелсіздікке жақында ғана қол жеткіздік. Ал жаңа жыл одан ертеректен келе жатқан мереке. Және Желтоқсан оқиғасы кезінде билікте болғандардың кейбірі осы күнгедейін билікте. Егер бұл жайлы көп айтыла берсе олардың атына күйе жағылады. Сол себептіде ол мерекені елегісі келмейді.

  6. aelaman says:

    durs aytasiz,baykaysizdar ma?osi Kazakhstanda,Kazakh bilginin beasinda Tauelsizdik ruhin tunshiktruga tirsif jurgen bir kush bar,ogan dalel Anau Almatynin ortalik alanina Tegnde Jeltoksan bozdaktari kani togilgen alanga jer asti sauda orinin salu.bul kushter,bizdin halyktin Tauelsizdik fen elim def jangan ruhimzdi sondirf,onin tutangan jalinin oshiruge tirsf jur.eger sol alanga sauda ornin,asa kurdeli de faydali sauda ortaligi salinsa ol jer birtindef urfak sanasinan oshetini sozsiz goi.al endi kelif Jana jil bolmay jatif 1 ai burin jana jil def urandaf 16 jeltoksandi tagi da esimizge tusirgleri kelmeydi.osinin ozi kof dunieni angartfayma?2 shi jeltoksan jasau kajaet bolar?bolui kerek,kayta bir ret,eldi bilegen Buringi kommunisterden,bugn basimen emes,karinimen oilagandarga karsi kayta sheruge shgif Tauelsizdik alu kerek.Kazakh memleketin tek Kazakhtin janin tusinetin sanali urfak bileui kerek.

  7. Мөлдір моншақ тағынған says:

    невпонятки 1 күні тойлап тастағаны несі?😦

  8. akzere says:

    Мөлдір, егер 8 желтоқсан күні Құрбан айттың бірінші күні демалдық. Ал тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан.

  9. Светлана says:

    Шынтуайтында да, Жаңа жыл десе жар салып, рухымызды көтеріп, айбынымызды асқақтар Тәуелсіздік тойы, Желтоқсан десек болар-болмас үніміз, шығар-шықпас жанымыз ғана сезіледі ғой, тәйірі. Тіпті, осы бір Жаңа жылдың шаңына өзіміздің ӘЗ Наурызымызда ілесе алмай келеді ғой. Өзіміз қозғалмасақ, сеңнің қозғалатын түрі көрінбейді. Айтудан, насихаттаудан, санаға сіңіруден әсте жалықпағанымыз ләзім.Алға, қазақ жастары!!!!!

  10. Aikona says:

    Солай. Маған жаңа жыл ұнайд.🙂
    Ох әр жерден удар кетті, ммм ауырып барад, ауырып барад жүрегім… 😦
    қалжың ғо. 🙂
    Дегенменде тәуелсіздігім болмаса жаңа жылдың не екенін білместе едік қой. Қәзіргідей көл-көсір, уайымсыз, тыныштықта қарсы алмаста едік қой. Соны түсінбей жатқандарға не шара?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: