Өсиет…


Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
– Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:
– Неғып отырсың? – дейді.
Жігіт:
– Жәй отырмын, – деп жауап береді.
Шал:
– Шыныңды айт! – деп қыса бастайды.

Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:
– Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін,- дейді
Жігіт:
– Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, – дейді.
Шал:
– Қандай өсиет айтып еді? – дейді.
Жігіт:
– Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», – деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», – деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», – деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, – дейді.
Шал тұрып жігітке:
– Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал», – дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» – дегені. «Қала сайын үй сал» – дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» – дегені: «Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» – дегені еді, – деп, қарт өз жөніне кетіпті.
Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.

03_podborka_45

20 пікір | Өсиет…

  1. Aikona says:

    Қызық әр сөзді түсіне білмесеңде бармағыңды тістейсің…

  2. ansar08 says:

    Мұндай өсиеттің астарын түсіну өте қиын ғой. Тіпті жұмбақ деуге де болады. Неге ашығын айтпаған өсиет айтқанда, а?!

  3. huanysh says:

    Әке нақыл сөздер тірі кезінде де айтқан болар.
    Тек тындай білу, және оны ұғу бәріне соқпайды.
    Есіме түскен қазақтың мақалы:
    “Досы көппен сыйлас,
    Досы азбен сырлас”

  4. маке says:

    бала әкеден ширек кем туады

  5. ruslannnn says:

    Әкесі маладес екен.
    “Мен өлгенше жұма сайын бір қыз әкеліп бер, болмаса бал түгіл, қ…. та жеме” десе қайтер еді, а?
    )

  6. Жігіт ақымақ екен. Әкесінің мұратын ұқпаған аққұлақ. Әке дәулеті балаға мал болмас деген осы…

  7. как будто сол создерди сиздерге айтса тусинетиндей мыктысындар ма не? жигиттин акеси оз баласынын интеллект денгейин билмей ме соган карап айтпай ма осиетин, жумбактап мозганы катырмай.

  8. Руслан says:

    Әкесі кінәлі. Баласына дұрыс тәрбие бере алмаған. Баласының деңгейін әкесі білмегенде бақа кім біледі. Және біле тұрып, соңғы өсиетін жұмбақтап айтып кеткен… Алайда, ойлап отырсаң, әкесінің ақымақ баласына берген бұл соңғы сабағы сияқты. Не бұл өсиеттен, (ал түсінбеген жағдайда кері нәтижесінен) сабақ алып адам болсын, не құрысын деген болар.

  9. Светлана says:

    Руслан дұрыс айтады. Ана баланың орнында сен болсаң, байлықты еселей түсер ең, а! Жарайсың!!!!!!!!!

  10. KonilAshar says:

    :)))коменттеріңғ күліп жатырмын
    андағыдай өсиет шынымен оны түсінетін адамға айту керек қой
    мен мысалы ұқпас едім

  11. Қаратамыр says:

    Шынында терең мағыналы сөз екен оны ұғатын жастар қазір сабан арасынан ине іздегендейғой жұмысқой

  12. Жаппар says:

    Мен де бұл жерде айтылып откен өсиетке бас ием мұнда өсиет аркылы бүгінгі күнмен ғана емес ертеңімен жаса деген болса керек

  13. Ғалымжан says:

    Ой тереңдігі су тереңдігі сияқты емеспе достар,
    Су тереңдігіне түсу үшін қанша дем керек болса
    Ой тереңдігіне түсу үшін соншама ақыл қажет еме пе а!

  14. kairat says:

    Негізі тұсінікті жазылмапты

  15. Айболат says:

    “Жақсыдан жаман туар, адам айтса сенгісіз”-деген осы шығар! Бұл өситтегі болған оқиға, әрбір оқырманға бір әсер етіп, терең ой қалдырытынына сенімдімін!

  16. Guldana says:

    ах кызык екен казирги жастар бундай созге ман бермейди….олар терен ойламайды гой….. тикесинен ойлап бармагын тистейди…..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: