Осы жасқа дейін не істеп үлгердіңіз?


Мына жерде 85 келеңсіз жайт берілген. Басымнан кешкенін үстінен сызып қойдым. Егер қызық болса блогыңызға қойып, не істеп үлгердіңіз соны жазаяйық…

1. Өмірді сүйіп … (кыршам кетіп журген жоқ, сонымен қатар мәнсіз деп те айта алмаймын)
2. Түнімен ұйықтамай … (жақынымыздан суық хабар алғанда болған)
3. Теңізге барып … (арманым…)
4. Бақыттан біреуді қатты құшақтап …
5. Үлкен иттен қашып …
6. Өсімдік өсіріп … (топыраққа отырғызып, басынан бастап өсіріп көрмеппін)
7. Үйден қашып … (бұл да болған, қашып емес, көпке дейін серуендеп кеткем)
8. Боранда жүріп … (ауылда)
9. Жаңбырдың астында қалып, шылқылдап су болып … (шылқылдап емес, жай су болғам)
10. Досыңнан айрылып … (Құдайға шүкір, әлі бәрі жас қой)
11. Дәл сенің туған күніңде туған адаммен дос болып …
12. Жалғыздықта серуендеп … (жиі болатын құбылыс)
13. Жолбарысты сипалап …
14. Жүгіріп келіп суға секіріп … (судан қорқам)
15. Таңды қарсы алып … (колледж бітіргенде таңды қарсы алғанбыз далада)
16. Бірнеше күн жалғыздықта болып …
17. Қатты мас болып … (без комментариев )) )
18. Терезе шағып …
19. Бір адамды балағаттап …
20. Парашютпен секіріп …

21. Мысық, күшік, ит немесе басқа да жануар асырап … (туғандарым асырайды, өзім емес бірақ)
22. Шұңқырға құлап …
23. Қатты шошып …
24. Біреуге аса бағалы сыйлық сыйлап … (ақшам ондай көп емес)
25. Бірнеше сағат біреумен телефонмен сөйлесіп … (4-5 сағат болу керек )))
26. Ғашық болып, оны білдіріп …
27. Қайта суынып … (бұл да болған)
28. Біреуді жек көріп … (бұл да…)
29. Орманда адасып … (орманға барып көрмеппін)
30. Фонтанға түсіп …
31. Палаткада ұйықтап …
32. Поезда 7 күн жүріп …
33. Ұшақпен ұшып … (бір рет ұшқам)
34. Жаңа жылды жалғыз қарсы алып …
35. Қанға тойған масаны өлтіріп … (әлбетте…)
36. Тірі көбелекті қолда ұстап …
37. Музыка тыңдап ұйықтап …
38. Отқа піскен картоп жеп …
39. Күні бойы күннің астында жүріп …
40. Аспанға қарап, жұлдыздарды тамашалап … (әрине…)
41. Маңызды бірнәрсені ұмытып … (сосын ол үшін қатты ұялғам)
42. Түнде sms-жазысып … ))
43. Караокеде өлең айтып …
44. Күні бойы кітап оқып …
45. Жылағың келсе де күліп … (мұндай да болған)
46. Бір фильмді басынан аяғына дейін 5 рет көріп … (3-4 рет көргенім бар)
47. Біреуге «енді сөйлеспей-ақ қояйықшы» деп айтып … (болды ондай да)
48. Алақаның ауырғанға шейін шапалақ ұрып …
49. Дымың құрығанша билеп …
50. Темекі бастап, қайта тастап … (ондаймен проблема болған жоқ)
51. Суретті сүйіп … (сүйдім)
52. Құмнан үй салып … (бала кезде салғам)
53. Күн күркірегеннен ұйықтай алмай …
54. Шет елде болып … (Қырғызстанда болғам )))
55. Фильмнің ақаулықтарын аңғарып …
56. Ағашқа өрмелеп шығып …
57. Ең жек көретін нәрсені қайта жақсы көріп …
58. Өміріңді түбегейлі өзгертіп … (түбегейлі болған емес…)
59. Жолда жүру куәлігінсіз көлікті айдап …
60. Бәстесуден жеңіп …
61. Музыканы бар даусына қойып, тыңдап …
62. Біреуге ренжіп, бір күн бойы ешкіммен сөйлеспей …
63. Мұғалімді/бастықты/үлкен лауазымды біреуді наққа жіберіп … (іштей жіберген болмаса.. )))
64. Хормен өлең айтып … (мектепте бәрі айтты ғой дим)
65. Халықтың алдында жалғыз шығып өнер көрсетіп …
66. Жануарларды суретке түсіріп … (суретке түсірумен аса қызықпағаннан кейін ондай болмапты)
67. Торт жасап … (ұят-ай…)
68. Аспанды суретке түсіріп …
69. Өлең жазып … (бәрі жазады ғой деймін осы)
70. Біреуді құтқарып … (ондай аса қиын оқиға болмапты)
71. Концертке барып …
72. Күні бойы компьютердің алдында отырып … (жұмысым сол ғой)
73. Өз-өзіңе қол жұмсамақ болып …  (жоқ, өмірді сүйем )))
74. Қолыңды қағазбен тіліп алып … (жиі тіліп аламын )))
75. Ауырғанна шок (болевой шок) алып …
76. Тізеңнен келетін суда жүзуге талпынып … (тереңге бара алмағандықтан жағасында жүрем солай)
77. Баспалдақтан құлап … (құлағанмын…)
78. Үйлену той көйлегін киіп … (жай киіп көргем, қызық қой)
79. Үлкен бір кітапті бірнеше сағаттың ішінде оқып шығып …
80. Депрессияда болып …
81. Шетелдікпен әңгімелесіп … (ағылшынымды тексеру үшін біреумен сөйлескем)
82. Танымал жұлдызбен сұхбаттасып … (Тамашаның бір актерімен сөйлескем)
83. Өлім аузында қала жаздап …
84. Көп қабатты үйдің шатырына шығып …
85. Рухани өліп, қайта тіріліп …

🙂

Advertisements

16 Responses to Осы жасқа дейін не істеп үлгердіңіз?

  1. balgyrgan айтады:

    🙂 ЗЕРЕ ЗЕРЕ…
    бірнеше сағат ойлануға уақыт бересің ба?!

  2. akzere айтады:

    Давай-давай, жаз… 🙂

  3. 666aiko999 айтады:

    эх Зере жан, басыңнан көп нәрсе өтіпті ғо, дәл осыны көшіріп алып бізде үстінен сызып шығамыз ба? 🙂 ма*ма-ма*ма менің сызылатын сандарым көп қой, сызылмайтын 2-3 қалатын шығары :)))

  4. […] Бастағанды  қолдап үйренген: […]

  5. Jan_Aina айтады:

    9 – құйып тұрған жауын астында қалып, суға малынғам. маған жауынның астында қалу өте-өте ұнайды, тек жаздыкүні ғана 🙂
    15- жатақханада тұрғанда таңды қарсы алып, арайланып атқанына қарап тұру әдеті болатын.
    22 – шұңқырға құлағанда, калонкадан су алам деп, айналасы мұз боп қатып қалған шұңқырға құлағам. Үй жақын болғандықтанғ, ауырмадым.
    23 – сөйлей алмай қала жаздағаным бар
    30 – фонтанға шомылу – ол да бір ғажап екен. мектеп бітіру кешінде ұлдар лақтырған.
    35 хи-хи-хи, маса
    47 😦 өкінішке қарай

  6. Aikona айтады:

    Зере кешке жазам. Қаз білесің ғо.

  7. кендебай айтады:

    67. Торт жасамағаның шынында да ұят екен.
    70. Мен почти күніге киемін. (Костюм, шалбар, ақ көйлекті)

  8. akzere айтады:

    Кендебай, ұяғаннан тіпті кірерге жер таппай тұрмын блин…
    Екінші 70-ке не жазғаныңды түк ұқпадым.

  9. Қосақ айтады:

    Көп қабатты үйдің шатырында неғып жүрсің?
    18, 29, 30, 31 – болған,
    17 – ұнады, шындық болғаны үшін,
    32 – жеті күн жүргем оқып жүргенде, Батыстан Шығысқа.

  10. akzere айтады:

    Теликтің антеннасы шатырда болатын. Папамдар жөндегенде мен де шығып кеткем. 🙂

  11. maqpal айтады:

    қызық екен! 43 – мен әлгінде жұмыста қонып қалып, түннің бір уағында караоке ру деген сайтты тауып алып, өлең атқанмын 🙂

  12. Аршат деген айтады:

    мен де жалғастырдым теманы өз блогымда

  13. Шығармайтындарың жоқ екен..Бірақ қызық екен..:))

  14. Аршат деген айтады:

    Bex, сен де жалғастыршы оқығым кеп тұр сен туралы 🙂

  15. musicola айтады:

    1. Өмірді сүйіп … өмрді жынды сүйем. өмір сүргім келмит дегендерге мастер класс өткізер едім…)))
    9. Жаңбырдың астында қалып, шылқылдап су болып … (алматыда су-су болғам талай рет. жазда жақсы, туфлиінді шешіп, қолыңа ұстап аласың да жүре берсің))))
    12. Жалғыздықта серуендеп … (басқа қалада серуендемесе…)
    14. Жүгіріп келіп суға секіріп … (трамплинмен секіріп көргем. қорқсам да бірнеше рет. қапшағай…)
    21. Мысық, күшік, ит немесе басқа да жануар асырап … (Динго деген итіміз болған…)
    22. Шұңқырға құлап … (тіземдегі үлкен тыртықтар содан қалған)))))
    23. Қатты шошып … (көрген сияқтымын. есмде жоқ)
    24. Біреуге аса бағалы сыйлық сыйлап … (мамаға)
    25. Бірнеше сағат біреумен телефонмен сөйлесіп … (оооо ноу коммент)))
    28. Біреуді жек көріп … (иә. ащы да болса шындық)
    33. Ұшақпен ұшып … (көтеріліп бара жатқанда қытығым келет и өзімді жақсыыыыыыыы сезінем ))))
    35. Қанға тойған масаны өлтіріп … (тойдырмай өлтіруге тырысамз, бірақ бірақ…)
    36. Тірі көбелекті қолда ұстап … (ой, балалық шағым ай)
    37. Музыка тыңдап ұйықтап … (вокалотерапия)
    45. Жылағың келсе де күліп … (болған)
    52. Құмнан үй салып … (бала кезде зират салып ойнайтынбыз)))))
    65. Халықтың алдында жалғыз шығып өнер көрсетіп … (иә)))
    70. Біреуді құтқарып … (ой құтқарған ұнайт қолдан келсе))) болды)
    74. Қолыңды қағазбен тіліп алып … (мен де жиі тіліп аламын )))
    77. Баспалдақтан құлап … (кішкентай кезде жақсылап тұрып құлап алғам))))
    83. Өлім аузында қала жаздап … (тірі қалыппын))))

  16. назира айтады:

    оте кызыкты екен, ойландыратын. )))) Омиримде ешкимди аскерден кутпеппин. (Кутетин адамым болган жок). Ол да бир кызык сезим шыгар деп ойлаймын. ))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: