ДШ


“Денсаулық – зор байлық”, “Шынықсаң – шымыр боласың”, “Салауатты өмір салтын ұстанамыз”, деп қаншама қақсаймыз, ал өмірде осындай қағидаларды ұстанамыз ба? Өзіме келер болсақ, жоқ.
Қанша тырыссам да, спортпен тіл табыса алмай-ақ қойдым.

Мектепте оқығанда биге қатысқаным бар еді. Енді ол кезде құрбыларыңның бәрі қатысады, сен қаласың ба? Сен де қатысасың. Сосын ол да қалды.
Дене шынықтыру сабағы ең жек көретін сабағым болатын. Сылтауратып ВКК анықтамасын алып алатынмын. Сол кездері ДШ-ға қатыспайтыныма сондай қуанатынмын.

Ал қазіргі кезде сол ДШ-ның өмірде жетіспей жүргенін сезінемін. Бір жарты жыл бұрын, осы келесі айдан бастап биге жазыламын, жоқ, гимнастикаға, жоқ, мүмкін йога жақсы сияқты, қойшы, мүмкін фитнеспен айналысамын… маа бокстасқан одан да күшті сияқты мүмкін боксқа барармын, а? – деген ойлар мың мазалап, жоспар күйінде уақыттың тізгінімен әлі келе жатыр.

Сонымен соңғы ынтам бокс болып жүр. Оған қатысып жүрген інім, қолым дірілдейді дейді. Ойбуу, мен қатыссам, мына бәле жүйкесі әбден тозған ғой деп ойламай ма екен? Жоқ, әлде фитнесске қатыссам ба екен, а?

Бірақ, қыс та келе жатыр…😦

11 пікір | ДШ

  1. Айко says:

    бокс дейсз бе? күчт екен онда.
    меніңде жалқаулығым ұстап қалады, бұрындары үйде қыздар болған кезде таласып тармасып баратын етім, қазір інім ананы сұрайд, мынаны сұрайды ұят тіпті, жатам мультик көріп, ол шыр-пыр осылай жүре беремінбе деп. вот это да!!! дети 21 века деймін.
    Иога сондай қызық, энергиялық потоктың өтіп жатқанын сезіну деген керемет! бірақ қалай тастадыңыз солай дене салмағыңыз өсіп кетеді, бірақ сізге ол жағдай проблемасыз шығар🙂
    ДШдан беретін апайдың мені “умирающи Лебед” дейтіні есімде қалып қойыпты🙂 ой кеп әр тоқсанның аяғында жылаушы едім, норманы тапсыра алмай. қырсықта 3 қояд бітті. сосын НВПдан да солай😦
    басейн рахат деп жатыр барушылар. бойың өсіп, арықтауға жақсы способ болса керек🙂

  2. Сымбат says:

    😀 ДШдан беретін апайдың мені “умирающи Лебед” дейтін😀

    Ой Айко катырасын… Маган бiiздiн бiр жынды Елток деген агайымыз болатын, менi ашуландыру ушiн: Сымбаттын журегiн май баскан деп турып урысатын… Мен де миым катып жур, айкидо, таэквандо, дзю-до сондай-сондай “самозащита” курстарына ма жок тангога катыссам ба, жок алде фитнесклубка барып гантель котерiп кайтсам ба деееп сан толганып журмiн. Сонгы 2-3 аптада спортты койдым, кун суытып кеттi. Кешке далага шгып, тайганакта велик тебу, мен ушiн бiр ауыр жук болды.😦 Ехх жалкаулык…

  3. ansar08 says:

    Бокс қыз баласына тіпті жараспайды. Масқара болы жүреді. Теледидардан әйелдер арасында болатын кәсіпқой бокты көзім шалып қалып, аң-таң болдым :)) Алматы немесе басқада ҚЗ қалаларында спортпен айналысу бір азап қой. Тіпті кешке шығып жүгіреде алмайсың. Біз жақта кешкісін жұмыстан келгеннен соң коп адам жүгіруге шығады. Қала тыптыныш, ауа тазарақ. Рахаттанып қаласың.

  4. akzere says:

    Аңсар, енді жоқтан бар жасауға тырысып-ақ жүрміз ғой… Сіз сияқты шет елде тұрмаймыз, енді қайтеміз?
    Бокспен кәсіпқой айналысайын деп жатқан жоқпын🙂 Жәй, Сымбат айтпақшы самозащита үшін, қолдарым қатты болу үшін.🙂

  5. Omarbek says:

    шымшып алу, тырнап жіберу, шаштан тарту деген әдістері бар ғой қыздардың…

  6. 666aiko999 says:

    Омарбек🙂
    самозащита керек нәрсе бірден псих. дайын тұрасың. әркім өзін қорғай білу керек!!!

  7. Сәкен says:

    одан да Айкона екеуіңіз автокурсқа жазылыңыздарсай🙂 🙂 🙂
    Автоспортта жаман спорт емес.

  8. arsenal777 says:

    мен де ДШ-ны жек көретінмін, мектеп болсын, универ болсын. сосын бірақ та фитнесстің тренировкаларына баратын болдым. боксты қайтесіз, одан да араб биіне немесе степ аэробикаға жазылыңыз.

  9. akzere says:

    Сол фитнесс дұрыс сияқты. Біреумен танысып, боксқа барамын десем қашып кететін шығар🙂

  10. Қосақ says:

    Қыздарға фитнесс дұрыс сияқты ғой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: