Бақыт деген…


Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақыты сол – тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

Бақыт іздеп, мал бақ, мейлің тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара!

Бақытың – мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім –
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім.

Advertisements

20 Responses to Бақыт деген…

  1. ansar08 айтады:

    алдыңғы қатарлардың ән болып айтылғанын естіп едім. //Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.// қалайша?

    • Лаура айтады:

      бақытчыз -ақ деген бақыт дегенің не екенін білмей-ақ бақытты болып журесің бала күніңде дегенді меңзеген гой автор

  2. Нұрғиса айтады:

    Бақыт – бақытты екеніңді сезіну,
    Ниеті адал адамымен кезігу.
    Бақытыңның қолда екенін «аһ» ұрып,
    Кештеу емес, тез ұғу…

  3. Айко айтады:

    Ал мен үшін ең бақытты күндерім –
    Балам, саған бақыт іздеп жүргенім. ата-аналар керемет қой осындай ән жазған ә

  4. akzere айтады:

    Аңсар, бұл жерде жалпы ештемені ойламай, жайбірақат балалық шақта өмір сүргенің дегенді айтқан.
    Нұрғиса, қазіргі біздің жасқа саятын ойланарлық сөз жазыпсыз… 🙂
    Айко, Мақатаев ағамыз ғой.. Біртуар ақын ағамыз…

  5. Jan_aina айтады:

    Бақыт Шадаеваның орындайтын әндерінің ішінде осы әні ғана ерекше ұнайды. Ақын өз сезімін әдемі жеткізе білген

  6. Аkerke айтады:

    Ақзере!!! Сізге рахмет! осындай қызықты да жалықтырмайтын блогыңыздың барына!!!
    Тамаша өлең!!! Ақын ағамыздай ақындар кобейсе екен деймин. Ал осы әнді орындайтын әнші Бақыт Шадаева емес, Айжан Нұрмағанбетова. Шатастырмаңыз Jan_aina-ға айтарым!!!

  7. Алтынай айтады:

    О, БАКЫТ!
    бар адамға өтімдісің сөйлесең..
    Баянсыз да секілдісің кейде сен…

    Бақыт! Бақыт деген мәңгі ме екен өзі!

  8. Мусиарли Серик айтады:

    Бақыт деген бір Аллаға сыйыну,
    Бакыт деген бір Алла деп күйіну,
    Бұл ғаламды алты күнде жаратқан,
    Алла екенін санамызға түйіну…

  9. Ersanat айтады:

    тобықтай сөздің түйінін айта білген бір туар ақын.. Мұқағали Мақатаев

  10. jarkhyn айтады:

    Мусиарли Серик, siz bir jakti oilagan syaktisiz…..bul jerde tek din gana emes ote ken ugim, filosofyalik teren magnadagi dunieler bar dep oilaimin…bizdin keibir jastarimiz tek dindi ustanip baska alemdi kaldirip koigandai..adam jan jakti bilimdi balganda talgami jogarlap, akil oyi keneip, sanasi ashiladi…menin dinde de kop kemshilikter bar syakti..al oner, madeniet ol shenberde alde kaida ken….

  11. Ali айтады:

    Bakit bakit aita bersen gajap ak sogan auar kauwikn kep ansarak bakt degen osi ne eken belgsz bolmzda turamiz sol baktka damelak.

  12. Bereket айтады:

    Kim ne jazsad Mukagali agamizdan asa almaisindar!

  13. маржан баратова айтады:

    оте тамаша Мукагалидай акын казак жерынде тагы туар ма екен

  14. Айжан айтады:

    Бақыт кейде кешігеді мерзімнен,күте білу керек оны төзіммен

  15. Ербол айтады:

    соз жок тамаша

  16. Мұхтар айтады:

    Бақытсыздар көп ойлайды бақытын, Бақыт – деген бақыт жайлы ойламау. Қазыбек ИСА

  17. Бағлан Тулеуович айтады:

    бір күні жолдастарыммен аңгіме барысында бірі «Бақыт деген не өзі?» деп сұрап қалды. жан жақтан жолдас балалар шуласып жатты. ішімнен ұзаақ ойландым. бақыт деген ақша ма десем ол да емес, бала-шага ма? ол бақыттың бір бөлігі екен, зәулім үй ма? жоқ!!! сонгы маркалы автокөлік пе??? ол да емес!!! сонда не деген ойға шомдым. соөйтсеееем бақыт деген өзіміздің ден саулығымыз екен. денсаулық болмаса көлік те бала да, үй де ақша да болмайды екенін түсіндім. бұл менің ойым. ал кейбіреулер бақытты материалдық тұрғыдан іздесе кейбіреулер өз қолдарын детпей жүрген армандарынан іздейтіні баршамызға мәлім!!!!

  18. Ертай айтады:

    Бақыт деген осы өмірге келгенің,
    Мейріміне тоймай шіркін Анаңның,
    Бауырында аппақ сүтін емгенің,
    Қиындықты бір мойымай жеңгенің,
    Жеңе алмасаң күрескенің, қалғанынша бір демің
    Ал болмаса – пешенеңе жазылғанын коргенің))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: