Ақ үйдің қара келіні


Осы күні АҚШ тарихында ең алғаш қара нәсілді президентпен қатар, ақ үйдің бірінші ханшайымы да қара нәсілді болғалы отыр. Обаманың осындай жетістікке жетіп отырғаны, әйелінің де қосқан үлесі аз емес әрине. Осыдан біраз бұрын Обамен кандидаттыққа таласқан Хиллари Клинтон жайлы мынадай өсиет әңгіме тараған. Бұл Билл Клинтонның президент болып тұрған шағында шықса керек:

Бірде Билл мен Хиллари Клинтон көлікте келе жатып, жанармай құйдыруға тоқтайды екен. Ал сол жерде Хилларидің жас кезінде Биллді кездестірмей тұрғанға дейін жүрген жігіті жұмыс істейтін болып шығады. Жанармай құйдыртып, біраз әңгіме айтып, қайтадан көліктеріне отырып кетіп қалады. Біраз жүргеннен соң, Билл зор мақтанышпен әйелін кекетіп сұрайды: “Мені кездестірмей, ана жігітпен қала бергенде қазір кім болар едің?”- деп. Хиллари саспастан: “Қалай кім болар едім? Президенттің әйел болар едім” – деп жауап берген екен.

Дәл осы кезекте Мишель Обаманың да ұтқыр жауабы осы болатынына ешкімнің күмәні жоқ. Осы Мишель Обама жайлы бірер фактілер:

• Мишель қара нәсілділердің көбінің өмірбаяны сияқты қарапайым чикаголық суқұбыр жөндеушінің отбасында дүниеге келген.

• Гарвардтық заң мектебінде тәлім алып, “Принстонда білім алған қара нәсілділер және қара нәсілділер қоғамы” атты диссертация қорғаған.

• Барак Обамамен бір жерде жұмыс істеп жүріп танысқан. Істеп жүрген фирмаларында екеуінен басқа қара нәсілді болмаған екен. Коллективтегі романнан өзін қорғаштап жүрген Мишель Барактың сөзін көп уақытқа дейін қабылдамапты.

• Мишель саясаттағы әйелдердің ішінде бұрын-соңды болмаған құбылыс жасап, 45 минут қағазға қарамай күйеуінің ұстанған саясатын жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстарын баяндап берген.

• Өзінің стилі бар Мишель, киім үлгісінде қарапайымдылықты ұстанады. Бұған дейін эксперттер 200-300 доллардан асатын үстінен көйлек көрмеген екен.

• Өзінің жеке көзқарасын жетік жеткізе алатыны мен күйеуіне деген сыйластығына қарап, Мишель Обаманы көбісі Элеонор Рузвельтпен салыстыратын көрінеді.

• Мишельдің танымал жүргізуші Опра Уинфримен әңгімесінде Опра оны мақтап, “Қара нәсілді бола тұра, дене бітіміңізді осындай әдемі күйде сақтап және дәл осындай болғаныңыз үшін рахмет”, – деп мейірімін білдірген екен.

Advertisements

9 Responses to Ақ үйдің қара келіні

  1. satibaldi айтады:

    […Обамен кандидаттыққа таласқан Хиллари Клинтон…]
    Иә, бұл американдықтардан, қабірмен айтысуды да күтуге болады, әжесстерден!

  2. arsenal777 айтады:

    тақырыбыңыз(заголовок) айқайлап тұр. +1

  3. akzere айтады:

    🙂 рахмет!!!
    Негізі екеуі бір-біріне ұқсайтын сияқты ия?

  4. ansar08 айтады:

    surettegi beinelerinen karasak, ote katty uksaidy eken

  5. Gani04 айтады:

    Негізі, үйленгеннне соң, ерлі-зайыптылар бір-біріне ұқсап кетеді деп жатады ғой.

  6. arsenal777 айтады:

    ұқсайды болғанда, түсі, жымиғаны ғана сияқты меніңше 🙂

  7. Symbat айтады:

    🙂
    Jaksy kelin eken goi 😀

  8. urimtal айтады:

    Шынымен де өте қызық жазба екен. Әдетте әрбір президенттің әйелі қайырымдылықпен айналысады. Бұл да сөйтетін болар.

  9. Айко айтады:

    керемет дерек. тақырыпта, материалда ураган 🙂
    бәрененде пірздент сұлу 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: