Армандау жолында…


Қазіргі кезде діни ілімдерді көп оқып, білген адамдар – болашақты болжау, бір затқа сену, ағашқа мата байлап, мақсат тілеу сияқты наным-сенімдерді күнә деп жатыр. Бұған көптеген адамдар келіскен болса, ал басқалары сол бұрынғы кезерде ата-бабалырымыздың ұстанған салтжораларын қоймай, әлі де пайдаланып келеді.

Бүкіл әлемде, кез-келген туристік орталықтарда жоқ дегенде бір киелі, әулиелі жерлер немесе заттар болып шығады. Өзіміздің елде де ондай орындар қаншама. Ал сол орындарға барып, армандарын жүзеге асыру мақсатында сиынатын жұрттың саны көбеймесе кемитін емес. Бір қызығы армандардың орындалып жататынын көп естиміз. Тек ойларды дұрыстап жинақтап, дұрыс мақсатта армандай білу керек дейді. Көбісі мұны ойлардың көрінбес желімен комосқа жеткізіп, ал сол жерден ол бізге дайын күйінде түседі дегенді айтады. Бұл тұжырымның қаншалықты өтірік-шын екенін білмеймін. Бірақ бір ақиқаты бар екені анық.


Осыдан бағанағы наным-сенім мен космосқа жіберілген ойларды ұштастырсақ, әлбетте киелі жер деп санаған орындарда көптеген жақсы тілектер айтылатыны анық, ал сиынушылардың қатары көп болған кезде сол бағанағы көрінбес космос желісі де ұлғаюы мүмкін. Ал содан барып, сол армандар оңай және тез орындалады деп ой түюге болады.

Әрине, бұл тек тұжырымдар ғана. Қалайда әр адам неге сенгісі келсе, соған сенеді ғой. Бірақ әр адам игі арманын асыру үшін наным-сенімге сенуін мен күнә деп есептемеймін өз басым.

Advertisements

10 Responses to Армандау жолында…

  1. urimtal айтады:

    Бұндай нәрсеге не себепті сенбеймін? Себебі, менің армандарымның орындалуы Аллаһтың қалауына, өзімнің әрекет етуіме байланысты. Әрине шүберек байла, тиын таста т.б. істеп тек жақсы ниет ойлайтынына күмәнім жоқ. Бірақ мәселе адам неге сенеді? Шүберкке ме, тиынға ма т.б. жансыз затқа ма… Аллаһқа ма осында болып тұр. Әрбір амал ниетке байланысты екенін жақсы білесің. Адамдар сол ниеттің формасы ретінде әлгіндей ырым-жоралғыларды шығарған деп ойлаймын.
    Адам маңдайын сәждеге қойып, күллі ғаламды жаратқан Аллаһтың қарсы алдында тұрғанын сезініп, шын ниетімен, ынтасымен тілегін айтса сөзсіз қабыл болады. Тіпті көзіңнен қалайша жас аққаның да білмейсің. Сол сәтте адамның қандай бақытты күйде болатынын білсең ғой. Бәлкім, білетін де шығарсың 🙂

  2. ansar08 айтады:

    //сол орындарға барып, армандарын жүзеге асыру мақсатында сиынатын жұрттың саны көбеймесе кемитін емес// Kazirgi kezde adamdardyn kobinin sanysy tomendep barady. ol tek dini jagynan emes, karapaiym akyl-oi jagynanda tomendep barady. Al kosmos degenge kelsek: Adamdardyn nakty gylymdar salasynan, yagni, Astronomiyadan xabarsyz, sauatsyz boluynda. Öz basym Tagdyrga, jane ony Allahtyn kalauymen jazylatynyna senemin.

  3. akzere айтады:

    Ансар, мен керісінше сізбен келіспеймін. Маған керісінше адамдардың көздері ашылып, оқып, білім алуына қазіргі кезде көп жағдайлар жасалып жатқан сияқты. 21 ғасыр ақпараттандыру ғасыры ғой. Телевизия, радио, интернет, газет-журналдар дамыған кезең. Адамдардың дұрыс жолды таңдап, жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасалынған. Тек қаласа болғаны…

  4. satibaldi айтады:

    Меніңше, ойларыңыз дұрыс, бірақ түбінде өлетін болғандықтан, бәрібір қажеті жоқ дүниелер сияқты…

  5. ansar08 айтады:

    //Маған керісінше адамдардың көздері ашылып, оқып, білім алуына қазіргі кезде көп жағдайлар жасалып жатқан сияқты. 21 ғасыр ақпараттандыру ғасыры ғой.// kandai köz? mumkin jai gana koretin koz ashylgan bolar, birak kop adamdardyn sanasyndagy kozi tas kapasta kalgan.

    //Телевизия, радио, интернет, газет-журналдар дамыған кезең.// kai televisyany aitasyz? kunde biliktin soiylyn sogatyn telearnalarma? Olarda ne bar? barlygyna juygy shyndyktan, xalyk ömirinen alysta jatyr.

  6. urimtal айтады:

    Сатыбалды, өлімнен кейін де өмір бар ғой 🙂

  7. akzere айтады:

    Аңсар, бұның бәрі нарық заманынан туындап отырған сияқты. Қазір көп адам ақша жасаудың амалынан арын сата алады.

  8. ruslannnn айтады:

    Мына жерд… кешірерсіздер, кездейсоқ кіріп кетіппін… Жоқ, жоқ, рахмет, наннан ауыз тием де кетем, рахмет, рахмет, жалғастыра беріңіздер… Қайс, мен өтіп кетейін былай қарай..

  9. Бауыржан айтады:

    Небір күмән ойлардын аулақ болған жөн.

  10. Gani04 айтады:

    Зере, ойың дұрыс қой, адамның сеніміне, арманына өзінен басқа кім қожалық етеді. Сенгім келе ме, сенемін, сиынамын әулиелерге, онда тұрған не бар. Баяғының батырлар жауға шапқанда: «аруақ»деп шапты, менің аталарым да: «БЕКЕТ» деп шапты ғой. Ол да сенім емес пе, осы күнгі дүмшелердің айтқандарын қабылдай алмаймын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: