Өсиет…

Қараша 28, 2008

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
– Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:
– Неғып отырсың? – дейді.
Жігіт:
– Жәй отырмын, – деп жауап береді.
Шал:
– Шыныңды айт! – деп қыса бастайды.

Read the rest of this entry »


Осы жасқа дейін не істеп үлгердіңіз?

Қараша 26, 2008

Мына жерде 85 келеңсіз жайт берілген. Басымнан кешкенін үстінен сызып қойдым. Егер қызық болса блогыңызға қойып, не істеп үлгердіңіз соны жазаяйық…

1. Өмірді сүйіп … (кыршам кетіп журген жоқ, сонымен қатар мәнсіз деп те айта алмаймын)
2. Түнімен ұйықтамай … (жақынымыздан суық хабар алғанда болған)
3. Теңізге барып … (арманым…)
4. Бақыттан біреуді қатты құшақтап …
5. Үлкен иттен қашып …
6. Өсімдік өсіріп … (топыраққа отырғызып, басынан бастап өсіріп көрмеппін)
7. Үйден қашып … (бұл да болған, қашып емес, көпке дейін серуендеп кеткем)
8. Боранда жүріп … (ауылда)
9. Жаңбырдың астында қалып, шылқылдап су болып … (шылқылдап емес, жай су болғам)
10. Досыңнан айрылып … (Құдайға шүкір, әлі бәрі жас қой)
11. Дәл сенің туған күніңде туған адаммен дос болып …
12. Жалғыздықта серуендеп … (жиі болатын құбылыс)
13. Жолбарысты сипалап …
14. Жүгіріп келіп суға секіріп … (судан қорқам)
15. Таңды қарсы алып … (колледж бітіргенде таңды қарсы алғанбыз далада)
16. Бірнеше күн жалғыздықта болып …
17. Қатты мас болып … (без комментариев )) )
18. Терезе шағып …
19. Бір адамды балағаттап …
20. Парашютпен секіріп …

Read the rest of this entry »


Джентельмендер жайлы 10 жаңсақ пікір

Қараша 25, 2008

1. Джентельмен ешқашан ақ нәски кимейді.
Ресей буржуазиясында кең таралған бұл қауесет Лондоннан шыққан. Ол жақтағы ерлерге арналған дүкендерде ақ нәскилерге қарағанда сары, қызғылт, көкшіл түсті нәскилер көбірек кездесетінге ұқсайды.

2. Джентельмен болып туылады.
Өзін джентельмен санайтын ер жігіт көбінесе өзін аристократтармен салыстырады (әлбетте аристократтардың ішінде де джентельмендер аз емес). Алайда джентельмен сөзінің түпкі мағынасы «gentle» – “жұмсақ” сөзінен шыққан.
Gentlemen – шыдамдылыққа, әділеттікке, адалдыққа тәрбиеленген адам. Оны солай ата-анасы тәрбиелеуі мүмкін немесе өзін-өзі солай тәрбиелеп алуы да ғажап емес. Ол жақсылық жасауда таянбайды және оны міндетсімейді. Өмірді барынша көркемдетуге барын салады.

Read the rest of this entry »


ДШ

Қараша 24, 2008

“Денсаулық – зор байлық”, “Шынықсаң – шымыр боласың”, “Салауатты өмір салтын ұстанамыз”, деп қаншама қақсаймыз, ал өмірде осындай қағидаларды ұстанамыз ба? Өзіме келер болсақ, жоқ.
Қанша тырыссам да, спортпен тіл табыса алмай-ақ қойдым.

Мектепте оқығанда биге қатысқаным бар еді. Енді ол кезде құрбыларыңның бәрі қатысады, сен қаласың ба? Сен де қатысасың. Сосын ол да қалды.
Дене шынықтыру сабағы ең жек көретін сабағым болатын. Сылтауратып ВКК анықтамасын алып алатынмын. Сол кездері ДШ-ға қатыспайтыныма сондай қуанатынмын.

Ал қазіргі кезде сол ДШ-ның өмірде жетіспей жүргенін сезінемін. Бір жарты жыл бұрын, осы келесі айдан бастап биге жазыламын, жоқ, гимнастикаға, жоқ, мүмкін йога жақсы сияқты, қойшы, мүмкін фитнеспен айналысамын… маа бокстасқан одан да күшті сияқты мүмкін боксқа барармын, а? – деген ойлар мың мазалап, жоспар күйінде уақыттың тізгінімен әлі келе жатыр.

Сонымен соңғы ынтам бокс болып жүр. Оған қатысып жүрген інім, қолым дірілдейді дейді. Ойбуу, мен қатыссам, мына бәле жүйкесі әбден тозған ғой деп ойламай ма екен? Жоқ, әлде фитнесске қатыссам ба екен, а?

Бірақ, қыс та келе жатыр… 😦


Жазмыштың құлымыз…

Қараша 20, 2008

359455-12557


Әдемілік… украинша…

Қараша 18, 2008

Хохолдардың тағы бір мақтан тұтар тұлғасы – жақында шыққан “Агент 007. Квант милосердия” фильмінде Джеймс Бондтың қызының рөлін сомдаған Ольга Куриленко.

Украина талантты спортшы, әнші, актрисаларға бай сияқты. Бірінен кейін бірі елін танытып, “Украиналық кім десең, міне, қара бізге” – деп тұрғандай.

Фильмді көрген жоқпын (о бастан атыс-шабыс киноларды суқаным сүймейді), бірақ бұл фильмді бүкіл әлем болып көретіні сөзсіз. Және де мынадай әсем көркімен бұл актриса әлі талай режиссердің музасына айналар деп ойлаймын.

Әлі де сол сұрақ, бізден қашан осындай әдемі, талантты әншілер, спортшылар, актрисалар шығады? Елімізді бір асқақтатып тастайтын, бүкіл әлемді тамсандыратын, “Қазақ кім десең, міне, бізге қара” дегізетін…

Тимур Бекмамбетовты көкке көтереміз, сол ағашкамыз, тым құрығанда бір фильміне қазақ актрисасын түсірсеші… (бірақ бұл уже басқа әңгіме)


Наушникпен ойлар…

Қараша 18, 2008

Жұмысқа бара жатқанда және үйге қайтар жолда әрдайым наушникпен жүремін. Бұл менің бір осал жерім шығар. Көңіл күйіме байланысты кейде радио толқынын, кейде өзімнің ұялы телефоныма жинақталған әндерді тыңдаймын.

Наушниктің бір жақсы жері көлік тығынан, адамдардың көптігінен біраз да болсын ойыңды бөледі.Вконтактіде осындай наушникпен жүріп серуендейтін жандарға арналған топ бар. Сол жерде адамдардың осындай сәттерде не ойлайтынын сұраған екен. Әр түрлі ойлар, қиялдар, армандар… Біреусі “Өмір жайлы ойлай берсең, оның мәнсіз екенін түсініп қоясың, сондықтан жәй арманда” – дегенді айтады. Осындай пікірталастардан кейін өзімнің наушникпен жүргенде не ойлайтынымды ойландым.

Read the rest of this entry »