Таңғажайып дүние


Британ карольдігі екі мұрагерінен бірдей айырылып қалмас үшін принц Уильям мен Чарльз бір ұшақпен ұшпайтын көрінеді.

Орта есеппен алғанда банктерді күніне 20 рет тонайды екен. Табыс көзі орта есеппен бар-жоғы 2 500$ құрайды.

Скрипка 70 түрлі ағаш бөлшектерінен тұрады.

Әйелдерге арналған ерін далабының құрамына балық қабығының қоспасы кіреді.

Әлемдегі ең бірінші штрих-код Wrigley’s сағызының қорабында пайда болған.

Жылына 2 500-ге тарта “солақайлар” “оңақайларға” арнап жасалған жабдықтардың зардабынан о дүниелік болады екен.

Клинофобия – кереуетке жатудан қорқатын аурудың аты.

Дикобраздар суда батпайтын көрінеді.

Тіркелген зерттеулер бойынша тауықтың ең ұзақ ұшуы 13 секундқа созылған екен.

Әлемдегі желдиірмендер сағат тілімен айналса, Ирландияда ғана сағат тіліне қарама-қарсы айналады екен.

Құмнан қорғану үшін түйенің 3 қабағы болады.

Көртышқан 90 метрлік туннельді бір түнде-ақ қазып шыға алады.

Таракан бассыз бірнеше апта өмір сүре алады. Сосын аштан өліп қалуы мүмкін.

Адамның жамбас сүйектері бетоннан да мықты болады.

Жылына 10 000-даған құс терезеге ұрынып өледі екен.

Электр шамын ойлап тапқан Томас Эдисон қараңғыдан қорқатын аурумен ауырған көрінеді.

Дельфиндер бір көзі ашық қалпымен ұйықтайды.

3 000 жыл бұрын мысырлықтардың көбі 30 жасқа дейін ғана өмір сүре алған екен.

Жапалақ – көк түсті айыра алатын жалғыз құс.

Ащы пиязды аршып жатқанда сағыз шайнап тұрсаңыз, көзіңіз ашымайды екен.

8 пікір | Таңғажайып дүние

  1. satibaldi says:

    Жылына 2 500-ге тарта “солақайлар” “оңақайларға” арнап жасалған жабдықтардың зардабынан о дүниелік болады екен.
    Хуаааа-хуах-хах-хах-хах-ха, әкесстер кілең! Бәсе, солақай Рэндольф Әмірқұлов ағам хоккейде оңқайдың клюшкасымен ойнағаннан кейін бақилық болып еді, жарықтық хоккеистсссс…

  2. balgyrgan says:

    таңғажайып дүние…
    күшті екен…

  3. Элио says:

    Ащы пиязды аршып жатқанда сағыз шайнап тұрсаңыз, көзіңіз ашымайды екен.
    Мынаны үйге барған соң, тәжірибе жүзіңде жасап көру керек екен, әйтеуір пияз бен сағыз бар үйде🙂

  4. Wrigley’s сағызын еске салып жібердің ғой… Сол сағыздарды түк ұнатпаушы едім, тез іріп кететін🙂 Чип және Дейлдің мультфильмі соңына жеткенше былжырап, шайнауға жарамай қалатын🙂

    Ақзере, осындай қызық жаңалықтарыңмен жиі бөлісіп тұруыңды сұраушы тұрақты оқырмандарыңнан атынан,

    Нұрғиса
    http://www.nurgisa.dosym.kz

  5. akzere says:

    Рахмет, Нұрғиса, тырысып жүрміз.🙂

  6. Тырысып жүретіндеріңді білем…🙂 🙂 🙂

  7. Айко says:

    – Рахмет, Нұрғиса, тырысып жүрміз.
    – Тырысып жүретіндеріңді білем

    ки*ки*ки осындай сөздерді қалай нетіп аласыздар очм🙂

    Ақзере материалдар керемет +5

  8. Айко, туып аламыз ғй :))) Қалауын тапса еркек те туады, қам жеме🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: