Тығындалған Алматы.


Бірде Ақтаулық бір құрбым «Алматыда тұрған керемет шығар, сонда көшкім келеді», – деп сырын айтты. Әлбетте, мұнда адам көп, жұмыс істеуге, ақша табуға қолайлы қала. Сонымен қатар еліміздің мәдени орталығы деген де аты бар. Қалай болғанмен де елдердің осы қалаға асығатынын түсінбеймін.

Не бар мұнда асып-тасқан? Басқа қалаларға жете алмайтындай? Басқа қалаларда да ақша табуға, тамақ табуға, білім алуға, өмір сүруге болады. Мәдениеттілікке үйренеміз дейтіндей, адамдар мәдениеттіліктен жұрдай болып кеткен, жиырма минутта жететін жеріңе бір сағатта барасың, жұмыс дейтіндей істейтіндері көбіне қара жұмыс. Үй алу проблемасын айтпаса да түсінікті. Пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүрген халық.

Еріккеннен жүрген жоқ, білем, бірақ мұнда тәтті өмір болады деп келеді көбісі, есесіне: бітпейтін пробкада, селқос адамдармен, лас ауа жұтып, тынышсыз өмір сүреді… Өмірдің қызығы сол ма?

Басқа қалаға көшкім келіп жүр…

Advertisements

15 пікір | Тығындалған Алматы.

  1. balgyrgan айтады:

    Зере, мысалы қай қалаға көшер едің? Қазақстанда ма? әлде…

  2. Aikona айтады:

    Бұл мегаполистің кесірі ғой. Менің де алматыдан қашып кеткім келед. Мысалы ауылда қуана-қана тұрар едім. Бірақ не жұмыс істеймін ол жақта. Менің мамандығымды білесің ғой… Қазір сиыр сауатын фермаларда жоқ…

  3. akzere айтады:

    Талдықорғанға барар едім мысалы…

  4. Сәкен айтады:

    Талдықорған мағанда ұнады. Ауа-райы, табиғаты керемет.

    тығын… біздің қалада да жоқ… Бірақ бәрібір Талдықорған ұнайды. Туған ауылымнан кейін.

  5. Айко айтады:

    Алматыға 4 жастан ғашықпын, себебі со кезде қатты жылағаным бар түнгі сағат 12де. Салтука менде барам деп 🙂 бар арманым Алматы болды бірақ 9 жылдан кейін келдім 🙂 қаз ешқайдан барғым келмейд, шет елден басқа 🙂

  6. balgyrgan айтады:

    мысалы, Өскеменді мақтаушылардың көптігін білемін, Қостанай, Орал өте әдемі де қызық қалалар деседі. Бірақ,»везде хорошо там где нас нету» демеуші ма еді?!

  7. Нұрғиса айтады:

    Шымкентке көшіп келіңдер. Шымкент жақсы қала. Соңғы жылдар ішіндегі қаладағы оң өзгерістер, динманикасы сойқан урбанизация, тығынның аздығы… Таулары, сулары, құстары…. Шымкент… Қазақтың қазағының астанасы…

  8. urimtal айтады:

    Ортаң қай жер болса, сол жерде тұрған жақсы ғой. Алматы қанша жерден ұнамаса да, ұнайды 🙂

  9. Әлдекен айтады:

    Батыс облыстарда болашақта жұмыс көбейеді, келуге болады, мамандақтарың сәйкессе.

  10. KonilAshar айтады:

    талдықорқан Павлодар ұнайды маған
    бірақ қаншы пробкасы босла да алматы ол Алматы ғой:) басқа қалаға кеткім жоқ

  11. akzere айтады:

    алматы ол Алматы ғой

    Көңілашар, сонда Алматыда не бар?

  12. Erlan Kalmak айтады:

    Мен Қостанайданмын. Осында тұрған өзіме ұнайды. Ал, Алматы, Астана сияқты үлкен қалаларға анда-санда қыдыру, демалу үшін ғана барған дұрыс сияқты. Алматы жақсы қала ғой, бірақ…

  13. Carnivore айтады:

    Алматыдан басқа тек ауылға баратын шығармын. Басқа жерде мені күтіп тұрған ешкім жоқ.

  14. ассар айтады:

    Алматыға бір барған адам бірден табиғатына, әдемі қаласына ғашық болып қалады. Мойындау керек, бұл қалада шаршап селдіреп жүрген адамдарды кездестірмейсің. Пропка үлкен қалалардың бәрінде бар, пропкадан қашатын болса мәскеуде адам қалмас еді. Пропкасы жоқ қалада демек жұмыс аз қалталылар аз деген сөз. Алматының лас ауасын байқоңырдың төгіп жатқан гептилінен әлде қайда таза шығар. Келешек алматының ауасы тазарып пропкасы ретке келеді. Уақыт өте бәрі дамып жатыр. Алматыны өзге ұлттар рахатын көріп қазақтар жұмысы аз өмір сүру деңгейі төмен қызылорда, атырау, ақтауда жүр. Қайта алматыдан өзге ұлттарды азшылыққа ұшырату керек көшіп барып. Тамылжыған табиғатта тек орыстар тұрмауы қажет.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: