Ең ұлы қазақ кім?


Осыдан біраз бұрын http://www.centrasia.ru – ОртаАзия сайты «Ең ұлы қазақ» деген сауалнама жүргізген болатын. Жауап берген 1521 оқырманның қорытындысы бойынша ең ұлы қазақ болып Дінмұхамед Қонаев табылған екен. Екінші орында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, үштікті ұлы ақын, философ Абай Құнанбаев жауапты. Сауалнаманың пайыздық үлесімі мен орындары былай құралған:

№1. Дінмұхаммед Қонаев – 20%
№2. Нұрсұлтан Назарбаев – 18%
№3. Абай Құнанбаев – 15%
№4. Жәнібек пен Керей хандар – 12%
№5. Абылай хан – 9%
№6. Мұстафа Шоқай – 7%
№7. Кенесары хан – 5%
№ № 8-9. Шоқан Уәлиханов пен Бауыржан Момыш ұлы – әрқайсысы 4%-дан
№.10. Нұрболат Масанов – 3%
№№ 11-12. Әлихан Бөкейханов пен Мұхтар Әуезов – әрқайсысы 2%-дан.

Осы бойынша сіздердің ойларыңыз қалай? Сауалнамамен келісесіздер ме?

Advertisements

33 Responses to Ең ұлы қазақ кім?

  1. minister айтады:

    Менің ойымша бұндай дауыс беру арқылы кімнің ұлы екендігін анықтау дұрыс емес . Аталған тұлғалардың әрқайсысының қазақ тарихында ойып тұрып алатын орындары бар. Ал Назарбаевтің ұлы немесе ұлы емес екендігін тарих корсетер , бірақ тарихта қалары сөзсіз.

  2. Aikona айтады:

    Меніңше дұрыс емес сияқты. Біріншіден дауыс берген адамдар саны өте аз. Екіншіден барлық ғасырлар араласып кеткен. Әр заманның өзіне сай ұлысы бар емес пе? Сондықтан да ғасыр-ғасыр бойынша бөліп қойғанда дұрыс болар ма еді???

  3. zhannur айтады:

    Мұндай сауалнамсыз-ақ, бұл тұлғалардың аты да, істеген істері де тарихта қалған. Сондықтан бәрі де ұлы тұлғалар ғой.

  4. Айко айтады:

    мүмкін күлкілі әрі ұят болса да сұрайын №.10. Нұрболат Масанов – 3% деген кім?

  5. akzere айтады:

    Қазақша көп мәлімет жоқ. Орысша көп жазған көрінеді.

    Н. Масанов родился в 1954 году в Караганде. В 1976 году окончил Казахский государственный университет имени С. Н. Кирова. Историк, доктор исторических наук, профессор. После окончания вуза работал в Институте истории, археологии и этнографии АН РК. В 1986-1988 годы был ученым секретарем Отделения общественных наук АН РК. С 1992 по 1998 годы – доцент, профессор КазГУ.

    Н. Масанов являлся соучредителем Международного бюро по правам человека и соблюдению законности. С 1996 по 1999 годы – член правления фонда «Сорос- Казахстан». С октября 1999 года являлся сопредседателем Форума демократических сил Казахстана, с декабря 2001 – президентом Казахстанской ассоциации политической науки.

    Осы жылдың 5 қазанында о дүниелік болған екен.

  6. Сәкен айтады:

    1, 2 орындағы кісілердің бағасы әлі дұрыс берілген жоқ тарихтағы. 20-30 жылдан кейін нақты бағасы берілер. Мен дауыс берсем 1- Абай, 2- Бауыржан Момышұлы, 3- Тоқтар Әубәкіров.

    Өлген адам жайлы жақсы немесе ештеме дейді ғой. Дегенмен де тірісінде бір түйір қазақша сөйлеуге жарамай кеткен адамның да жоғарыдағы тізімнен орын алуы бұл сауалнаманың «бағасы» болып тұр.

  7. Аршат айтады:

    Ұлы дегеннен гөрі Ең танымал (popular) десе дұрыс болатын шығар. Ұлы деп басқадан басқаны бөлек қою дұрыс емес

  8. ruslannnn айтады:

    Дауыс берген адам аз екен.
    Масановты танымаймын, сосын ана тұрған реттегілер де аздап… ммм… субьективтілеу екен.
    Бұндай сауалнаманы жүрдім-бардым жасай салмай, ана аққұлақтардыкі құсап, дұрыс раскруткамен, көп адам арасында жасағаны дұрыс болар ма еді, а?
    Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Халел, Жаһанша Досмұхамедовтар, Сырым Датұлы, Мұхамеджан Тынышбаев, Жамбыл кәкеміз, Ыбырай, Әл-Фараби…

  9. Аршат айтады:

    Алмас Кішкінбаевты ұмытып кетіпті ғой 🙂

  10. fermer13 айтады:

    Ең Ұлы Қазақ Кенесары хан. Егер Қазақ елін жасау мақсатында қарасақ. Жақында екі кітап таптым Кенесары хан туралы, электронды түрде infanata.org деген сайттан. Егер сол кітаптарды оқысаңдар менің сөздерімді түсінерсіңдер деп ойлаймын.
    Екінші орында Абылай хан.
    Үшінші орында Ташкент Москва теміржолын салған қазақ инженері, Ақ Патша заманында.
    Сосын барып Нұрсұлтан Абишевич. Егер көзі тірісінде Ел шашылып кетпесе.

    анықтама:

    Мухамеджан ТЫНЫШПАЕВ (1879-1938) родился в предгорье Жиланды Лепсинского уезда Жетысуйской области. Отец его Тынышпай — из знатного казахского рода, занимался скотоводством, был членом Земельного комитета, созданного военным губернатором Семиречья генералом Г. А. Колпаковским для установления справедливости в Степном крае. Колпаковский воевал Сыздык султаном. Сыздык сын Кенесары хана.
    Внуки Кенесары хана служили Россиской империи.
    Голову Кенесары хана Горчакову подарили «древнекаменные киргизы» из рода Дулатов. Почему они так сделали поймете из книг.

  11. Konil Ashar айтады:

    қазақша сөйлемеседе қазақша бос көпіріп жүргендерден пайдалы істерді жасап кеткендіктен Димекеңнің алғашқы орынды алуы орынды сияқты ал ұлы деп президенттің жүргені қызық екен. бір 30 жылдан кейін бағасы беірлетін адам болғандықтан ұлылардың қатарында жүруі хммм
    ал бірақ Әубәкіровке қарсы емеспін, алғаш космосқа ұшқан қазақ екені..

  12. Сәкен айтады:

    мен негізі Масанов жайлы жазып едім.

  13. satibaldi айтады:

    Ең ұлы қазақтар – Күлтегін мен Тоныкөк. Бітті. Аналардың атын бірінші рет естіп тұрмын. Астапыралла, ондай да адам аттары болады екен-ау!

  14. minister айтады:

    Шынымен де Кішкінбаевті ұмытып кетіпті )))

  15. кендебай айтады:

    Аршат дұрыс айтады. «Ең танымал» деу керек еді.
    Әлемдегі ең танымал қазақ – Борат Соғдиев!

  16. Bakytnur айтады:

    Kai dauirde saualnama jurgizilse sol uly,. Nazarbaeyevtyn dauirinde Nazarvayev uly, Abylaidyn zamanynda Abylai uly. Osydan keingi keletin Elbasynyn zamanynda sol uly bolip, Nazarbayev, Konayevtar umytyla bastaidy

  17. technosyndrom айтады:

    Абай, шығармашылығы кемеліне жеткен шағында әкесі Құнанбайға:
    – Әке, мен сенен – оза тудым! – депті.
    Құнанбай қаперіне де алмастан:
    – Жоқ, қайдан озайын деп едің сен, маған жету қайда әлі! – дейді.
    Абай дәлелдеуін талап еткендей:
    – Неге озбадым сонда? – деп сұрайды. Сонда Құнанбай:
    – Маған жету үшін – алдымен өзің сияқты ұл тудырып ал! – деген екен. Қазақ намысы мен санасының эталоны болып табылатын Абайдың өзінің сөзінен қате тапқан Құнанбай емес пе екен ең ұлы?…

  18. technosyndrom базар жоқ..:) рыспект..

  19. Нұрғиса айтады:

    Құнанбай ұлы! Құнанбай ұлы! Құнанбай ұлы Абай ғой…

  20. Айко айтады:

    жылатады ғо ваще, ана сөзді айтам да…

  21. musifanta айтады:

    №.10. Нұрболат Масанов – 3% meninshe ol kisi oppozitsoner

  22. musifanta айтады:

    olai emes eken

  23. Gani04 айтады:

    Жәнібек пен Керей, сөз жоқ бірінші тұруы керек! Орыстың Минин мен Пожарскиі сияқты. 2-шіге Шоқан мен Абай лайық. Абылай үш жүзді біріктіре алған жоқ, Әбілхайырдың саясатын түсінбей, қазақтардың дамуын быраз жылға кешеуілдетт. Мектептер ашқан, сауаттануға үлес қосқан Ы.Алтынсарин мен Жәңгір хан 3-ші тұру керек. Қазақ автономиясын кәзіргі шекарасында сақтап қалған Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков

  24. Gani04 айтады:

    Сосын, Н.Масанов қазақстандағы көшпенділер тарихының білгірі еді, неге екенін білмедім, соны дұрыстап түсіндіре алмады қазақ жұртына. Жағымсыз күйінде қайтыс болды ғой

  25. МӨЛДІР айтады:

    Сәлем достар
    Д.А.Қонаев атамыздың бірінші тұруымын келісемін. Бірақ мен үшін Бұқар жыраудың алатын орны ерекше.

  26. gul айтады:

    «Uly» termini tek Allah`ka gana tan.
    Al, jogarida korsetilgen tulgalardin bari suttin kaymagi desek boladi.
    Ar birinin migim orni bar Kazak ultinda.
    Ablay xan, Kerey xan, Abay atalarimizdi 4-inshi, 5-inshi,… oringa koyuga jaramas… sondiktan da bul saualnama natijesiz sekildi;)

  27. tuka Mus айтады:

    Бұл дұрыс емес. Неге тарихты араластырып жіберген? Еріккеннің ермегі ғой бұл. Алемдегі барлық елбасының ұлылығын неге салыстырмайды?

  28. асаужүрек айтады:

    мен Айконаға қосыламын. Вұл мүлде дұрыс емес. неге десеңіз біріншіден бұл адамдар өз өз заманының ұлысы. Бәрі де ұлы қазақ халқы үшін мына біздер үшін барын төккен адамдар бұл адамдарды біз бағалай алмаймыз өмір өзі бағалайтынды. Ең ұлы қазақ дегенің сол қазақтың өзі.Қазақ біткен ұлы, біз өзіміз ұлымыз.

  29. Zhaldiger айтады:

    Ұлы? Ұлды шығар…

  30. Самга айтады:

    Менің ойымша, ең ұлы қазақ деп Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа дұрыс берілген. Олай дейтін себебім, ол кісі болмағанда, Алматы казіргідей кеген елдер сүйсініп қарайтындай әсем қала болмас еді. Алматының көптеген зәулім үйлері, орысша айтқанда Алматының көптеген «достопримечательностілері» сол кісінің арқасында пайда болған. Қысқа сөзбен Алматының Алматы болуы сол кісінің арқасы. Мен өзім Алматыны болғандықтан тек Алматыны айтамын, басқа қалаларда тұратындар неге жазбайды. Ол кісі тек Алматыны тұрғызбаған ғой…..

  31. minister айтады:

    Самга,Алматының сүйсініп қарайтын кезеңі баяғыда өткен , 70-80 жылдардағы алматы мен қазіргі Алматыны салыстырура келмейді.

  32. Самга айтады:

    Министер, сен онда Алматыны дұрыстап араламағансың ғой шамасы. Бір Шымбұлақтың өзі не тұрады…. Шыңына шықсаң Қазақстанның азаматы екеніңе, Алматының тұрғыны екеніңе қуанасың. Шіркін, қолда барда алтынның қадірі жоқ деп бекер айтпаған ғой атам қазақ

  33. Balayim айтады:

    Slm. men ushin arkashan juregi kazakpin dep uayanatin, kazaki namisi bar arbir azamat nagiz taza kazak dep ayta alamin.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: