Өтірік сөздер хит-парады


Әр адам бір күнде кемінде үш рет өтірік айтады екен. Соның ішінде еркектер әйелдерге қарағанда өтірікті көп айтады деген тұжырымға келіпті британдық ғалымдар.
Ең көп қолданылатын өтірік сөздердің хит-парады мынадай:

1. Ештеме болған жоқ. Бәрі жақсы.
2. Бара жатырмын.
3. Қазір ақшам жоқ.
4. Өзім хабарласам.
5. Көлік тығынында тұрып қалдым.
6. Жұмыс көп болып тұр.
7. Сені көргеніме қуаныштымын.
8. Сағатым тоқтап қалыпты.
9. Телефон шалғаныңды естімей қалдым.
10. Қай сообщение?
11. Сеть ұстамай қалды.
12. Әрине сені ғана сүйемін.
13. Сервер бұзылып қалды.
14. Күні бойы жиналыстардан босамадым.
15. Тағы да кездесерміз.
16. Батарейкам отырып қалды.
17. Бір минуттан соң звондаймын.

18. Дәмді екен.
19. Кешке спортзалға барамын.
20. Басқа желіден телефон шалып жатыр.
21. Мына көйлекте толық болып көрінбейсің.
22. Нөміріңді дұрыс жазып алмаппын.
23. Бүгін түнге дейін жұмыс істеймін.
24. Осы ғана қалыпты. Басқа жоқ екен.
25. Машинам оталмай қойды.

Ең бастысы өтірігіміз ешкімге зиянын тигізбесе болғаны да…

Advertisements

9 пікір | Өтірік сөздер хит-парады

  1. Аршат айтады:

    мен жиі өтірік аурып қаламын. сосын банкте шаруалар болып келе алмай қаламын. бір жерге шақыра қалса сол күні қонақ келіп қалады маған 🙂

  2. 666aiko999 айтады:

    🙂 аха балдар көп өтрік соғады ваще.
    баяғыда жігіт сымақ былай соғатын мен көлік тығынында тұрм деп. сосын бұлқан талқан бов кетщварь мен үйге кеттім десем, әлемдегі жоқ керемет сөзді айтып, сынып қалушы едім 🙂 сөйтсем өтрікті соғады екен ғо ваще 🙂 жынд десе. оны менің жанымда отырған кезде көзім жетті 😦 ағасы қайта-қайта звондап қайда келе жатырсың болсай мен күтіп тұрм ғо десе бәленше көшеде келе жатрм дейд көзім банка. е-мое сен менің жанымда отырсың ғо десем, ниче қалыпты жағдай ғо дейд. арамушка десе мағанда талай күйіп атрм-жаным атрм дегенің осындай екен ғо деп бір түрлі бов қалдым.
    өзімде қаз өтрікті соғам, кешке жездем келіп күтіп тұрады ғо сонда жынданад неге ұзақ боласың деп. әлемде жоқ қисынсыз өтрік соғам 🙂 мен щығайын деп атқан кезде дәрет қысып кетіп амалсыз кірдім сонда, … деп атқан кезде бір кісі кеп қалып компты қайта қостым, … деп атқанда кітаптарым есік алдына шашлып қалып бәрін жыйнап әуреге түстім .т.б. хотя ол кезде не форумда отрум мүмкін 🙂
    ал қыздар балдарға да лавша ілейік 🙂 әсресе кездескен кезде. мысалы мен ешқашан жігітпен кездескен кезде ерте шығып күтіп тұрмаймын. үйімде калготкімді киіп атып автобуста келе жатрм деймін. егер ол «дос» бала болса онда пунктуальныймын, егер бойфренд болса күтсін, оны күтіп менің не жыным 🙂

  3. akzere айтады:

    Мені көп іздейтіндердің бірі мамам болған соң, ең көп айтылатыны: Бара жатырмын… 🙂

  4. arsenal777 айтады:

    хех, Айко дұрыс айтасыз. олар бізге өтірік айтуды үйретті :)))))

  5. balgyrgan айтады:

    қызық екен, ЗЕРЕ!
    мен әрдайым айтатын өтірігім «тамақ пісіре алмаймын» , үлкені бар кішісі бар бәріне айтылатын өтірік, былай айтқанда «ходовой өтірік» 🙂 скоро өз өтірігіме өзім сеніп қаламын :))

  6. akzere айтады:

    Балдырған, сенікі ол өтірік қана екен ғой… Біздікі сәл шындыққа ұласады (қызарып тұрған смайлик)

  7. Jan_aina айтады:

    мен біріншісін көп айтады екенмін :). бірақ, оны айтқанда өзімді өтірік айтып тұрмын деп есептемеймін.
    келе жатырмын деп те аз айтпаймын. бірақ енді жол үстінде келе жатқанда айтам, аздап шындыққа сай келу үшін. (ұяттан өртенееее жаздайын деп тұрған өтірік смайлик)

  8. кендебай айтады:

    21-ші өтірік керемет екен

  9. Nugjii айтады:

    Keremet POST eken… Minau otirik emes goi… 😀

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: