Сағыныш…

Қазан 31, 2008

Осы сөзді жиі естіп, жанымызды көп баурайтын сезімдердің бірі. Қайдан шығады, неден туындайды? Кейде осы адамның түңіліп, көп нәрсені ойлап, жабыға беретіні де осы сағынышынан ба деп қалам…
Балалық кезге сағыныш, жастық шаққа сағыныш, студенттік өмірге сағыныш, махаббатқа сағыныш, алыстағы туғандарға сағыныш, өмірден өткен адамдарға сағыныш. Қайсы болмасын адамның жадысында қапталған елестерден тұратын ойлар, бір күрсініс.
Көсіліп, сол сағынышты айтсаң да, басқа біреу жақсы түсінгенмен бірақ сенің сағынышың оныкіндей бола алмасы анық. Сондықтан да ең көп ашылмайтын сырлардың бірі осы сағыныш болар. Әркімдікі тек өзінде, ешкімге ұқсамайтын, ешкімге ашылмайтын…


Таңғажайып дүние

Қазан 22, 2008

Британ карольдігі екі мұрагерінен бірдей айырылып қалмас үшін принц Уильям мен Чарльз бір ұшақпен ұшпайтын көрінеді.

Орта есеппен алғанда банктерді күніне 20 рет тонайды екен. Табыс көзі орта есеппен бар-жоғы 2 500$ құрайды.

Скрипка 70 түрлі ағаш бөлшектерінен тұрады.

Әйелдерге арналған ерін далабының құрамына балық қабығының қоспасы кіреді.

Әлемдегі ең бірінші штрих-код Wrigley’s сағызының қорабында пайда болған.
Read the rest of this entry »


Тығындалған Алматы.

Қазан 15, 2008

Бірде Ақтаулық бір құрбым «Алматыда тұрған керемет шығар, сонда көшкім келеді», – деп сырын айтты. Әлбетте, мұнда адам көп, жұмыс істеуге, ақша табуға қолайлы қала. Сонымен қатар еліміздің мәдени орталығы деген де аты бар. Қалай болғанмен де елдердің осы қалаға асығатынын түсінбеймін.

Не бар мұнда асып-тасқан? Басқа қалаларға жете алмайтындай? Басқа қалаларда да ақша табуға, тамақ табуға, білім алуға, өмір сүруге болады. Мәдениеттілікке үйренеміз дейтіндей, адамдар мәдениеттіліктен жұрдай болып кеткен, жиырма минутта жететін жеріңе бір сағатта барасың, жұмыс дейтіндей істейтіндері көбіне қара жұмыс. Үй алу проблемасын айтпаса да түсінікті. Пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүрген халық.

Еріккеннен жүрген жоқ, білем, бірақ мұнда тәтті өмір болады деп келеді көбісі, есесіне: бітпейтін пробкада, селқос адамдармен, лас ауа жұтып, тынышсыз өмір сүреді… Өмірдің қызығы сол ма?

Басқа қалаға көшкім келіп жүр…


Ең ұлы қазақ кім?

Қазан 14, 2008

Осыдан біраз бұрын http://www.centrasia.ru – ОртаАзия сайты «Ең ұлы қазақ» деген сауалнама жүргізген болатын. Жауап берген 1521 оқырманның қорытындысы бойынша ең ұлы қазақ болып Дінмұхамед Қонаев табылған екен. Екінші орында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, үштікті ұлы ақын, философ Абай Құнанбаев жауапты. Сауалнаманың пайыздық үлесімі мен орындары былай құралған:

№1. Дінмұхаммед Қонаев – 20%
№2. Нұрсұлтан Назарбаев – 18%
№3. Абай Құнанбаев – 15%
№4. Жәнібек пен Керей хандар – 12%
№5. Абылай хан – 9%
№6. Мұстафа Шоқай – 7%
№7. Кенесары хан – 5%
№ № 8-9. Шоқан Уәлиханов пен Бауыржан Момыш ұлы – әрқайсысы 4%-дан
№.10. Нұрболат Масанов – 3%
№№ 11-12. Әлихан Бөкейханов пен Мұхтар Әуезов – әрқайсысы 2%-дан.

Осы бойынша сіздердің ойларыңыз қалай? Сауалнамамен келісесіздер ме?


Өтірік сөздер хит-парады

Қазан 8, 2008

Әр адам бір күнде кемінде үш рет өтірік айтады екен. Соның ішінде еркектер әйелдерге қарағанда өтірікті көп айтады деген тұжырымға келіпті британдық ғалымдар.
Ең көп қолданылатын өтірік сөздердің хит-парады мынадай:

1. Ештеме болған жоқ. Бәрі жақсы.
2. Бара жатырмын.
3. Қазір ақшам жоқ.
4. Өзім хабарласам.
5. Көлік тығынында тұрып қалдым.
6. Жұмыс көп болып тұр.
7. Сені көргеніме қуаныштымын.
8. Сағатым тоқтап қалыпты.
9. Телефон шалғаныңды естімей қалдым.
10. Қай сообщение?
11. Сеть ұстамай қалды.
12. Әрине сені ғана сүйемін.
13. Сервер бұзылып қалды.
14. Күні бойы жиналыстардан босамадым.
15. Тағы да кездесерміз.
16. Батарейкам отырып қалды.
17. Бір минуттан соң звондаймын.

Read the rest of this entry »


Мұғалімдер күні!

Қазан 3, 2008

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы!

Ұстаздар, меркелеріңізбен!!! Елімізде білімді ұстаздар мен білімге ұмтылған жастардың саны көбейе берсін.
Жақсы ұстаз болу – менің арманым. Болашақта осы арманым орындалып, үлгілі ұстаздардың қатарына қосылармын деп сенемін. 😉


Табылған ақыл

Қазан 1, 2008

Басыңа бұлт төнсе кейбір адамдардың ақыл айтпақ болып, “Ол сынақ” деп жауап беретіндері бар. Недеген бітпейтін сынақ ол? Кейбір адамдар қашан көрсең қиналып жүреді, сонда олар өмірі сынақ көру үшін жаралған ба? Неге азаматтық некеде тұрып, зина жасап жүрген Оляны ондай сынақтар емес, оның жазда қайда барып демалатыны ғана толғандырады. Ал қарапайым, таза ниетпен өмір сүретін Айнұрды өмірі күйеуінің сан қырлы сөгістері мен ақша қайдан аламыз деген сұрақтары мазалайды?
Бәрі де адамға байланысты, жай ғана сәйкестік, бәрін өзің жасайсың, қалай құрамын десең, солай құрылады. Ешкім сынақ жібермейді, барлық проблеманы өзің жасап аласың, жасап алдың ба, өзің ғана шешуге міндеттісің.