Жыным келетін нәрселер


Соңғы кездері шабыт келмей, блог жайына қалып жатыр еді. Негізі мен жақсы көретін нәрселер жайлы жазғым келіп жүрген, бірақ қазір романтикаға берілетін жағдайда емеспін. Ал жыным келетін заттарды с удовольствием жазамын:

Менің жыным келетін:

сусын: қант көп салынып кеткен және қаймақ түсіп кеткен шай

тамақ: фаршированный перец

мамандық: математик

музыка түрі: рок, металлика

спорт түрі: теннис (әсіресе ұлдар ойнағанда), ралли, велоспорт.


фото: сюжетсіз қыздардың майысып өздерін алай да, былай да түсіре бергендері ұнамайды

мессенджер: джитолк ұнамайды. Әр сөз сайын жымын-жымын етіп, экранға шыға бергені әсіресе.

пошта: оk.kz

интернеттегі әрекет: амандассам, жауап жазбайтындарға жыным келеді. Жалпы хат жазсам да, смс жазсам да, мессенджерге бірдеме жазсам да жауап жазбай қойса қатты қапаланып қалатыным бар.

қарсы жыныстағы қасиет: әйелдерді топас санайтындарды. Әйелдердің еркектерден ойлау қабілеті төмен деп, орныңды біл деп сөйлейтіндерге вообще құсқым келеді.

кино түрі: фантастика, үнді кинолары

жануар: мысықтарды ұнатпаймын, сосын ана қоңыз, қырықаяқ, қосаяқ, түрлері қорқынышты жәндіктердің бәрінен қорқамын.

өсімдік: тікенек, судағы балдырлар

жұмыс: бір жұмысты істеп болып, сақталмай қалып, басынан қайта істеген ең сорақысы.

сөз: қандай да бір мақтаншақтық сөздер

киім үлгісі: қыздардың (кейде әйелдердің) іштегі майын салбыратып, қысқа топик киіп жүргендеріне жыным келеді.

Фантазиям қазір “0” шкаласында жатыр. Сондықтан алып-қосар ештеме келмей қойды басыма. Ренжімеңіздер…

21 пікір | Жыным келетін нәрселер

  1. Баян says:

    Кыска топик киетин кыздар туралы ойынызга толыктай косыламын.

  2. Өте күшті жазылған! рахаттанып жазылған!

  3. 666aiko999 says:

    🙂 сатыпалды мырза адамның бәрі жақсы да ендеше…

  4. minister says:

    Құсқым келеді деген сөз ұнап қалды маған :))) . Ішіңдегінің барын айтып салыпсың ғой , әсіресе ер адамдар жайлы .🙂

  5. balgyrgan says:

    жының келетініне жының келмейді ма?!
    :)) ду қол шапалақ!!!

  6. urimtal says:

    Құдай-ай, бәрін ақтарып салыпсың ғой… шынайы жазылғанына күмәнім жоқ.

  7. Symbat says:

    қарсы жыныстағы қасиет: әйелдерді топас санайтындарды. Әйелдердің еркектерден ойлау қабілеті төмен деп, орныңды біл деп сөйлейтіндерге вообще құсқым келеді **
    Во во, осыган менiн де катты журегiм айниды. Ондай жiгiттердi “в серьёз воспринимать” ете алмайм. !

  8. Нұғман says:

    Фаршированный перец дегеннен еске түсіп кетті… Бір жеңгеміз ағамызға арнап жәәқсылап тұрып бір фаришрованный перец жасап беріпті. Бар өнерін салып дегендей… Сөйтсе ағамыз: туу, күрішті жақсы көрмейтінімді білесің, ол аз болғандай, оны алыпсың да бұрыштың ішіне салып қойыпсың! депті…

  9. фаршированный перец, голубцы дегендер күшті ғо негізі. Алматыға келесі келген кезімде Зеремен тамаққа барып өтірік білмеген болып ФП заказ беріп ол жемейтін болғасын өзім екі порциясын жеп алатын шығармын.

  10. кендебай says:

    жыным келетін нәрселер менде де бар. Мысалы, біреу менің мұрныма қатысты сынпікір айтқан кезде…🙂

  11. Кендебай,сіз Буратиносыз ба? …🙂 кешірім өтінемін…🙂

  12. saken says:

    Интернеттегі әрекет деген жерің маған келеді екен.
    Менде отырамын ыңғайсызданып. Не болып қлды екен деп.
    Сосын біреумен инет арқылы әңгімелесіп отырсам, инет өшіп қалса, өзімді қоярға жер таба алмай қаламын. Ар жақтағы адамнан ұялып……

  13. кендебай says:

    Нұрғиса, менікі Буратиноныкінен әлдеқайда жуан.🙂

  14. musicola says:

    неге мой мирың жоқ дейтіндерге жыным келет шынында…өзім білем (тілін шығарып тұрған сымайлшы)

    арыппын ба, семіріппін ба деп сұрай беретін қыздардың сұрағы ұнамайт…

    темекіні подъезда тартатындарға жыным ұстайт…

    жыным ұстайтын басқа да заттар жетет)))

  15. Gastarbaiter says:

    осы отырған қыздардың барлығы жыны ұстайтын заттарды жазса қызық болар еД…сосын оны мен өңдеп, талдап, кезекті нұсқаулық жасасам:)))))

  16. Алтынай says:

    Жыныңыз көп келе бермесін! Жүйкеңіз жұқарып кетер!

  17. Алтынай says:

    Мен негізі орыстарды жек коремін!

  18. Алтынай says:

    Менің ең жыным келетін нәрсе – ол менін бастығым!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: