Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көзің жетпей көңіл берме!
* * *
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,
Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр!
Жар көңіліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса қылар сабыр.
* * *
Шу дегенде көрінер сұлу артық
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Бетім барда бетіме кім шыдар деп
Кімі паңдау келеді кімі тантық.
Ақыл керек, іс керкек мінез керек
Ер ұялмас іс қылар қатын керек.
Салақ, олақ, ойнасшы, керім, кербез
Жыртаң тыртаң қызылдан шығады ерек.
* * *
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң, суық келеді кей сасық ми.
Ер ақылды, қатыны мінезді боп
Тату болса райыс, рахат үстіндегі үй.
* * *
Жоқ болса қатыныңның жат өсегі,
Болмаса мінезінің еш кесегі,
Майысқан, бейне гүлдей толықсыған
Кем емес алтын тақтан жар төсегі.
* * *
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Keremet eken!
өте жақсы сөздер..:))) бір екеуін жаттап алдым..:) рахмет…
Жльадъм…
керемет сөздер. сізде кереметсіз осыларды жыйыстырып бізге жария еткен!(басбармақтышығарыптұрған смайк)
Зере сіздің блогыныздагы ангімелер неге копия істелінбейді?
жаксы жазасыз,рахмет!
Бұрын Абай деген ақындарыңыздан оқыған сияқтымын…
Абайдан артық ақын жоқ
Мұқағали ағамыз туралы не айтасыз? Негізі әркімге әрқалай, бірақ сонда да, екеуін салыстырып қараса, кім мықты
міне олен керемет
жаксы айтылган бирак сал дорекилеу
Жаксы жазган бирак Абай мен Мукагалига жетпейди
әдемі екен)))))))))):))))))))))))))
men odanda jaksi jazam drujba tasta birak…
е!Абай атам ай! қазақтың маңдайына біткен жалғызы едің!сіз маңгі өлмейсіз,,бірақ сіздің өлеңдеріңздің мәнін түсінетін қазақ өліп барады….
дұрыс айтылған
шіркін осында айтылған жан сияқты жарын болса……Керемет!!!
Ол ушин, сиз ол кисиге лайык болуыныз кеоеккой
а ,жақсы сөз екен ,кішкене дөрекілеу екен .
ote keremet sozder osyndai sozderden rahat alam.rahmet
арине отекеремет жазылган, арине дорекилеу, ерси, бирак биздин казакка катты айтпаса тусинбейдигой.душпан кулдирип айтады, дос жылатып айтады деген.
Ия…Абай түзете алмаған қазақты уақыт та түзете алмапты-ау… Қаншама зұлмат замандардан өттік соның бірде-біреуі де әсер етпейтін қандай халықпыз а?… Барлығы да өз дүние қоңыздығын ойлайтын біреулер. Ехх, жеңгетай,саған ақыл кірсе екен…