Махаббаттың “ортасы”.


Я пришел к мудрецу и спросил у него:
“Что такое любовь? Он сказал “Ничего”
Но, я знаю, написано множество книг:
Вечность пишут одни, а другие – что миг
То опалит огнем, то расплавит как снег,
Что такое любовь? “Это “Все”, человек!”
И тогда я взглянул ему прямо в лицо,
Как тебя мне понять? “Ничего или все?”
Он сказал улыбнувшись: “Ты сам дал ответ!:
“Ничего или все!”, – середины здесь нет!”

Омар Хайям… Тағы да бір Омар Хайямның ғажайып қаламынан туған шедевр. Орысша нұсқасын жариялап отырғаныма кешіріңіздер, қазақша аудармасы бар ма, жоқ па, білмедім. Бірақ мен осы өлеңін қатты жариялағым келіп кетті. Өйткені, тура шындықты айтқанына қайран қаламын!

Әр адам жақсы затқа тез үйренеді дейді ғой. Кейін қайта сол жаманға келсе, менсінбей, үйренбеуі сондықтан. Ал біз оларды кейде өзінше болып, менсінбейді деп жатамыз. Кейбіріміз өзіміз де осындай пендешілік жасаймыз.
Бұл сөздердің манағы өлеңге қандай қатысы бар деген ой келген шығар. Ол мынада:
Адам, өмірінде шын ғашық болып, махаббатың отында күйіп-жанып, бақыт құшағына бөленіп, асыл адамды сүйе білген болса ол “нағыз махаббаттың” не екенін біледі. Әрине, ең кереметі, сол адаммен өмір бойы қол ұстасып, жұптасып өмірдің рахатына бөлену ғой. Бірақ, ғашықтардың көбіне осы “бақыт” жазбайтыны белгілі. Жоғалған махаббат, оралмайтын махаббат, жауапсыз махаббат – жүректі жаралап, мәңгілікке хош айтысатыны қалыпты жайт.
Соңғы кездері осы махаббат “бар” немесе “жоқ”, “ортасы болмайды” дегенге қатты көзім жетіп жүр. Қаншама жерден адам өз мінезіменен немесе түр-сипатыменен асып-тасып тұрса да сезім болмаған жерде махаббат та жалғасын таппайды екен. Бұл тек менің пікірім, әрине, менің ойларым. Әлбетте қаншама менің құрбыларым, достарым сол “ортасын” ұстанып, әлі күнге дейін жүріп келеді. Шын мәнінде бақытты да емес, жәй, жалғыз болуға қорқады немесе бауыр басып қалған. Айтатын ақылдары да сондай: “Ой, махаббат жоқ, оны іздеп несіне басыңды қатырасың” деген сияқты…
Басқасын қайдам, өзім жай ғана жанымда жүре берсін, көреміз, ақшасы көп, жұмысы жақсы, былай жаман емес бала сияқты деген сипатта махаббатты құра алмайтыныма көзім жетті.
Ең қиыны, сол көз жеткізудің ұзақтығы немесе тездігі. Тездігі, әрине былайынша сөз емес қой. Ал ұзақтан келіп, өміріңе бақыт сыйлайтын осы адам емес екеніне көзің жеткен кезде көңілдің қайтуы – өте ауыр соққы. Көңілім қалудан жалықтым… Бірақ мен нағыз махаббаттымды іздеуден және күресуден жалықпаймын. Соны білемін…

12 пікір | Махаббаттың “ортасы”.

  1. Сымбат says:

    * Бірақ мен нағыз махаббаттымды іздеуден және күресуден жалықпаймын. Соны білемін…*
    Sättilik tileimin!🙂

  2. urimtal says:

    Аллаһ жәрдем берсін! Сүйіктіңмен қосылып, бақытты ғұмыр кешуіңе тілектеспін!

  3. Айко says:

    махаббатты жоқ дегенге келтіріп тұрсыздар ма сонда?🙂

  4. akzere says:

    Рахмет сіздерге!
    Махаббат бар ғой, әрине. Бұл жерде қазір оқып отырып, жұмбақтап жазып кетіппін, соған енді көзім жетіп отыр. Кеше құлазыған күйі жаза салғаным ғой.
    Жалпы айтпағым, мен үшін нағыз махаббат болған және әлі де сондай махаббат болатынына сенемін дегім келген.
    Мен сүйемін немесе сүймеймін… Ал жәй ұнатамын, анау-мынау деген маған келмейді екен. Сол айтпағым.

  5. balgyrgan says:

    спам ретінде бір хат келіп еді поштама (сізге де келген болар) қысқа мазмұны былай(сіз бірінші рет оқып тұр деген үмітпен жазайын): жас жігіт өзінің идеалды жүрегін көрсетіп “жарандар, қараңдар! әлемдегі ең сұлу жүрек – менікі” депті, ел таң-тамаша… топты жарып бір қарт шықса керек “жүрек деген осы ма” мысқылдап өз жүрегін шығарады, оныкі шұрық-шұрық, жамау-жамау, кедір-бұдыр екен. сонда шал “лубопымды бердім, жауап болғаны толды, толмағаны, көріп тұрсың тесік боп қалды, мен жауап қайтара алмағандар бұдыр боп қалды…” деген екен…

    айтайын дегенім, жақсы жазба екен…

  6. zhannur says:

    mahabbat degen ertegi deidi goi, al biz sol erteginin keiipkerimiz. Sondyktan erte me, kesh pe ertegidei mahabbattyn keleri anyk, Akzere, solai emes pe.

  7. akzere says:

    Солай деп сенеміз, әрине…

  8. 666aiko999 says:

    махабюаттың ортасы емес менде басында болмады, ортасыда, шетіде болмады. және болмайтында шығар деп қорқам.😦 ойлап отрм. осы елдердің атауын өзгертіп* шығарып алған нәрсесі шығар осы мббт деген деймін.

    (соңғы аптадағы ойым, өзгеріп тұру кәміл🙂 )

  9. Фариза says:

    махаббат – адам арасындағы өте ерекше, тамаша, қайталанбас қарым – қатынас.

  10. Еркежан says:

    я рассымен ақ махаббат ортасы жоқ! жақсы мақала екен! махаббатынызды тауып манги жол серігінізді табуға тілектеспин! мен сиздин ойынызбен толықтай келисемин

  11. Арай says:

    Біреулер махаббатын таба алмай әуре, біреулер бар махаббатымен өмірде келісе алмай әуре. Әркімнің өз проблемасы өз басына жетіп жатырған сияқты. Әлі үйленбегендерге үйленген адам ретінде айтарым, қазірше бастарың бос кезде махаббаттан басқа шаруаларыңды бітіріп алыңдар! Сосын қолдарың тимей қалады.
    Махаббат – өте керемет, тәтті сезім, махаббаттан отбасы құрылғаннан кейін өмір өзгереді.
    Әрбір жан сүюге және сүйікті болуға лайықты! Жігіттер-қыздар, өмірде сүйіктілеріңді аялап өтіңдер!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: