Мен туралы сіз білмейтін 5 нәрсе


Аршат бастаған тақырыпты әрі қарай жалғастырайын.

1. Жастайымнан журналист болуды армандадым. 8 сыныптан кітаптар оқып, шығармалардан кілең “5/5” деген баға алатынмын. Бірақ тағдырдың тәлкегімен “программист” маманымын.

2. Өте көңілі бос адаммын. Біреу дауыс көтеріп сөйлей бастаса көз жасым дайын тұрады. Немесе мұңға толы драма, “Жди меня”, “Бармысың, бауырым!” сыңайлы бағдарламалар көріп отырып, және де кітаптің қайғылы желісінде көзімнен жас шығып кетеді. Бірақ кейде өміріме ызаланып, жылағым келген кездері жылай алмай қаламын. Сонда осындай бағдарлама немесе кинолар көмекке келеді. Оларды көре отыра, өзімнің ызаларым еске түсіп, жылап-жылап, сыртқа шығарып тастаймын.

3. Алдында айтып өткенімдей, қырғын-жойғын, атыс-шабыс, төбелес, фантастикаға толы киноларды көрмеймін. Сосын жалпы өмірде адамдар жасаған жауыздықтар жайлы кеңірек талқылайтын жаңалықтарды қарамаймын.
Өмірге “розовый” әшкимен қарап жүре бергім келеді.

4. Қазіргі менде барымның барлығы – менің жетістігім – адал еңбегіммен, біліміммен келген. Ата-анама көмектесе аламын – осыны мақтан тұтамын.

5. Сыртқы пішіміме, болмысыма сын айтатындарды жақтырмаймын. Сосын “тупой” сұрақтарды (Неге толмайсың? Неге арықтамайсың? Недеген … т.с.с) ұнатпаймын. Мұндай сұрақты қойып тұрғандардың өзі де сондай деген ой қалыптасқан. Жан сұлулығын қатты бағалаймын. Жаны сұлудың – тәні де сұлу деп ойлаймын.

13 пікір | Мен туралы сіз білмейтін 5 нәрсе

  1. balgyrgan says:

    Зере… шынымды айтсам, мұның бәрін білетін сияқтымын… соңғысынан басқасын…
    бірақ, саған біз де талай аттық қой деймін ана сұрақтарды

  2. Зере, эстафетаны басқа блогерлерге бересіңдер ме жалғастыруға?

  3. akzere says:

    Онда Сатыпалдыдан таяқ жейсің🙂

  4. akzere says:

    Рахмет, Арсик!!! Өз блогтарыңызда жазбаны жалғастырыңыздар…

  5. АЙКО says:

    Кушти екен.🙂

    менде жазып корейн бе. идея урланды деп есептелмей ме екен?🙂
    бирак каз инеттін кайфы болмай тур жумсымда.😦

    негизи сонгы кезде жазудан адамын ангаруга боларлык исти зерттеп корсем кайтеди деген ой келип жур. ол ушин. жазу иесин коруым шарт. бирак коби оны каламайды. сиздин жазудан романтика корнип туратын болгандыктан солай елестетин един кезнде корген сон ма-ма деп калдым го.🙂

  6. arsenal777 says:

    Ақзере, Мен туралы сіз білмейтін 5 нәрсе дегенде…егер вконтакте-дағы профайлыма кірсеңіз, барлық құпияларымды біліп қоятын шығарсыздар, сондықтан жазбай-ақ қоюға да болады🙂
    Айко, жақсы идея. Біз үшін қызықты болар. Уақытыңыз барда жазыңызшы.

  7. Айко, жаза беріңдер сол үшін бастадым ғой. Өзім бастап эстафетаны басқалары жалғастырсын деп.

    Зере, 4-ші пункт қызық екен. мен сені урлык, шантаж, контрабанда, отмывание денег арқылы ақша тауып жүр деп ойлап едім🙂

  8. akzere says:

    🙂 Эх… Аршат…
    Пыросто ше, бұрын мектепте оқығанда класстастарым өзінше болатын да. Жер көкке симай, менсінбей, енді қаланың балалары сондай ғой. Сосын қазір оларды кездестіре қалсам, әлі әке-шешесінің мойнында асылып жүргендер. Соған қарап, өзімнің қазір осындай жағдайға жеткеніме сондай қуанамын и мақтанамын. Басқасына мақтанбасам да, осыған мақтанамын🙂

  9. Bauyrzhan says:

    Осылармен қатар әрбір адамда өзі де білмейтін 5 нәрсе бар шығар?!

  10. 666aiko999 says:

    аха. Ақзеремен менде келсем. қаланың көб балдар-қыздары жерді “жыртып” жіберетіндей болады мектепті тәмамдайтын кезде.🙂 көбі сосын не рыба не мясо бов … ну енді анандай. сондай көкірек кергендерід көрсем жыным келед.😦 бірақ менің класыма ол қатысы жоқ. себебі қаз мен на нижнем стадий. статусыма байланысты емес әрине, кейбіреуі жапон, қытайды аңыратып жүргенде әрине төменшік санаймын. білімім жағынан. от сондай🙂
    ал жұмыс жағынан білмейм ештеме айта алмаймын, кайф болған жоқ мектеп бітре салып неткен соң🙂

  11. кендебай says:

    сурет мұнда да жоқ екен

  12. Bakytnur says:

    Menin blogym turaly siz bilmeitin 5 narse degen jazbandy kutemiz endi!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: