Грузия мен Ресей: не болып жатыр өзі?


Қазіргі таңда бәрі олимпияда машақатымен жүргенде көрші елдерде “соғыс” болып жатыр дегенге құлағымыз түрік жүр. Ол соғыстың неден, не үшін шыққанынан хабарым аз. Бірақ, көптеген қара қауым қаза тауып жатқаны өте өкінішті…

“ХХІ ғасыр – жаңа дәуір – соғыссыз, бейбітшілік әлемде өмір сүреміз” деген ойым күннен-күнге сейіліп барады… Мен сияқты ойлағандар да көп, білем. Қазіргі кезде, көптеген келіссөздер жүргізіліп, бейбіт өмірге жетелейтін одақтар құрылған заманда осындай кикілжіндер тууы қатты қынжылтады.

Шынын айтайын, мен жаңалықтардан соғыс, жан-жал, қырғын-жойғын дегендерді көрмеуге тырысамын. Өйткені көргеннен кейін өзімді жайсыз сезініп, өмірдің жаман жақтарын көріп қаламын. Ал бұл артық уайым, керек емес уайым. Сондықтан, өмірден тек позитив алуға тырысамын. Бірақ, осы мәселеге тоқталып өтуді жөн санадым. Біздің елдегі мен сияқты “позитившілердің” осы соғыс жайында хабары аз.

Форумда отырғанда осы елдер арасында болып жатқан соғыс туралы тақырып талқыланып, форум мүшесі, Грузияның сыртқы істер министрі Ека Ткешелашвилидің Таймс газетіне берген сұхбатын жариялапты. Осы сұхбаттан арадағы кикілжіннің неден туындап отырғанын біраз түсінуге болады:

ТАЙМ-ның грузияның сыртқы істер министрі Ека Ткешелашвилимен болған сұхбатынан, 10/08/08, сұхбатты жүргізген Виенн Вольт:
Тайм: Сіздер Ресей қақпанына түсіп қалмадыңыздар ма? Ресей Грузияның намысына тиді, сіздер оған осылай жауап бердіңіздер. Басқаша шешуге болмады ма?
ТК: Біз осылай жауап беруге мәжбүр болдық. Олар бейбіт елді бомбалады. Біз оларды бейбіт келіссөздерге шақырып елші жіберген болатынбыз.
Т: Ресей мен Грузияның көзі неліктен Оңт. Осетияға түсіп тұр?
ТК: Ресей Грузияның НАТО-ға қосылуына қарсы. Осы басты мақсат.
Т: АҚШ пен Европа қандай көмек бере алады?
ТК: Олардың Ресейдің Грузияға агрессиясын тоқтауға шамасы жетеді. БҰҰ мен АҚШ Ресей агрессиясын тоқтату керек.
Т: Бұл Грузияның Оңт. Осетияға толық бақылау жасағысы келетінін көрсетеді ғой.
ТК: Мәселе территорияда емес. Біз Грузияның дамуын, онда демократия болғанын, НАТО мен Еуропаның бір бөлігі болғанын қалаймыз. Осы біздің басты мақсат.
Т: Оңт. Осетия және Абхазия сепаратистерімен негізгі келіспеушілік неде жатыр?
ТК: Бұл қозғалыстар не үшін екенін анық көрсетуіміз қажет. Оңт. Осетияда көптеген шенеуніктер Ресей Федерациясының соғыс және қауіпсіздік күштерінің белсенді мүшелері. Бұл жер көпұлтты, солардың ішінде грузиялықтар басты ұлт болып келді. Мұнда басқа да грек, еврей, украина, армения сияқты ұлттардың үлкен қауымдастықтары бар. Қазіргі күні бұл екі территория апартеидтік (нәсілдік) режимде. Алдында айтылып кеткен кейбір қауымдастық қалдықтары Ресейден қысым көруде. Мен Гори деревнясында болдым, ондағы деструкцияны көзіммен көрдім. Бұл адамзат катастрофасы.
Т: Ирактағы өз әскеріңізді қайтармақсыздар. Бұл АҚШ-қа үлкен соққы емес па?
ТК: Бізді бомбалап жатыр. АҚШ үлкен держава, біз кішкентай. Бізге барлық күшті ол жақтан мобилизациялау қажет.

Ресей жерінде Грузияның көптеген еңбек сіңірген әртістері, өнер, мәдениет, саясат адамдары жұмыс істейді. Грузияда да ресейліктер аз емес. Солардың бірі – Вахтанг Кикабидзе. Екі елде де құрметті, өнер адамы осы жылы өз 70 жылдығын атап өтуге дайындалып жатқан болатын. Ерен еңбегі үшін, оған жақында Медведев “Достық” орденін тапсырған еді, қазір әртіс сол орденнен бас тартып, 70 жылдығын тойламайтынын айтыпты.
Сондай-ақ, Ресей жерінде жүрген грузиялықтардың да “не в своей тарелке” жүргендерін айтпасақ та, белгілі.
“Соғыстың басталуы оңай, бітуі – қиын” – дейді ғой. Бұл кикілжінді “соғыс” деп айтуға әлі артық деп ескерсек, кикілжіңнің бітуі де қиынға соқпайды деп ойлаймын.

4 пікір | Грузия мен Ресей: не болып жатыр өзі?

  1. Мысалы ғой, бәрімізге белгілі ең бақытты мемлекеттердің бірі – Лихтенштейнді чехтар мен словактар мойындамайды. Кипрді түріктер мойындамайды. Алайда осы бір мамыражай мемлекеттердің бірі-бірімен бет жыртысып, пышақтасып жатқанын көрмейміз. Жәй ғана өркениетті адамдардың дипломатиялық айтысынан әріге бармайды.
    Ал гүржілеріңіз бен ресейіңіздікі сойқан енді. Пәле мен машайықтың күлкілі тартысы. Екеуінде де ешқандай мәдениет жоқ. Дым, дым мәдениет жоқ. Саяси да, адами да. Ресейліктер ресми деуге тұрарлық гүржілерді қуғындауға шара қабылдаса, гүржілер де есесін жіберіп жатқан жоқ. Гүржілердікі, әрине – тарихи комплекстен. Ал Ресейдікі – әлемге ақырып атом бомбасымен жалаңдатқан уақытына деген ностальгия. Ресей де, Гүржілер де азиаттықтар үшін еуропалықтар, еуропалықтар үшін – тағы азиялықтар болып қала бермек.
    Құдайым сақтаған: өткен ғасырларда Шарль де Голь Канадаға сапарында “Жасасын Франиця! Жасасын Квебек!” депұ ран тастап еді. Бұлардың орнында орыстар болғанда, қырғи-қабақ бітіспес соғыс басталып кетер еді. Бақытымызға орай француздар мен ағылшындар оны сөз бостандығының бір көрінісі ғана ретінде қабылдап еді.
    Осы соғыссымақтан түйгенім: барлығының кілтипаны – АСҚАН МӘДЕНИЕТСІЗДІКТЕН, ал керек болса, басымды кесіп алсаңдар да!

  2. Сәкен says:

    не болсада біздің ел билігіне де үлкен сын болғалы тұр, бұл соғыстың салдары…

  3. Bauyrzhan says:

    Бірің өліп бірің қал, біріңе де болыспайм!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: