Балаларды қорғайық!!!


Осыдан біраз бұрын электрондық поштама, жоғалған кішкентай қызға іздеу салатын мынадай түрдегі хат келіп еді:

“Просьба переслать как можно большему кол-ву людей!!!!!!!
ПРОПАЛА ДЕВОЧКА!


14 июня 2008 года в районе Аэропорта г.Алматы. украли 6-летнюю девочку, Исраилову Томирис Аркеновну, дата рождения 16.12.2002 года.
Приметы: волосы – каштановые, длинные, мелированные по длине; брови – густые; глаза – карие; очень общительная.
Была одета: Розовый сарафан с белой рюшей.
Просьба всем, владающим какой-либо информацией, обращаться по телефонам:
*** *** *** ****”

Ол хатты бей-жай қалдырмай, достарыма да жіберген болатынмын.
Асхаттың да блогынан осы қызға іздеу салып жатқанын оқығанмын.
Жұма күні қыздың мәйіті табылған деген ақпаратты естідім. Оны өзінің ағасы мас күйінде қызды зорлап, өлтіріп, көміп тастаған екен.


Суреттегі қызды көрген кезде недеген көркем, сүйкімді қыз. Тезірек отбасына қауышып, бәрі жақсы болса екен деп тілеген едім. Оқиғаның соңы осылай біткені өте өкінішті… Іздеу барысында қыздың анасына телефон шалып, қызыңды тауып алдық, жиырма мың доллар берсең, әкеліп береміз деп те телефон шалғандар болыпты. Адамның қайғысында ақша жасайтын недеген зұлымдар десеңші…
Асхаттың блогындағы “Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық” тақырыбындағы қозғалып отырған мәселеге пара-пар бұл оқиға да жан түршігерлік. Ең жаманы мұндай оқиғалар қазіргі кезде көп қайталанып жатыр…

Алдыңғы аптада поштама тағы да мынадай хабар келіп түсті:

“По неофициальным данным, в городе Алматы стали пропадать дети… Очень частые случаи зафиксированны в мкр. “Орбита”, там пропало 18 детей! Что самое страшное, нашлось всего 3 ребёнка!!! До чего безсердечные люди делают такие поступки, из 3-х найденых детей, один ребёнок был мёртв и у него была записка: “Спасибо за донорство” Одну девочку соседи увидили возле подьезда, сидящей на лавочке под наркозом, у девочки в области почки была произведенна операция по удалению почки!!!

ЛЮДИ БУДТЕ ВНИМАТЕЛЬНЫ!!! не отпускайте детей одних на улицу! Если увидите что-то подозрительное, сразу звоните в милицию…

ПОСТАРАЙТЕСЬ КАК МОЖНО БОЛЬШЕ ЛЮДЕЙ ПРОИНФОРМИРОВАТЬ, ПРЕДУПРЕДИТЬ.

Разошлите всем своим знакомым, друзьям, родственникам, сотрудникам это сообщение.

ДАВАЙТЕ ВСЕ ВМЕСТЕ СПАСЁМ НАШИХ ДЕТЕЙ!”

Осы хабарды туған-туыс, жақындарыма, бәріне айтып жүрмін. Қазіргі уақытта сеніп, қалдырып, “Қайда барады-ау, дейсің” деген заман емес. Қарап тұрсақ, ешкім-ешкімді аямайтын, әркім өз басын ғана аман алып қалуға ұмтылған заман. Және де бірінші кезекте қорғансыз бүлдіршіндеріміз азап шегуде. Демографияны дамыту керек деп қоямыз, дүниеге келмей жатқан балалар түгілі, дүние есігін ашып, қадам басып келе жатқан балаларымызды қорғай алмасақ, басқа сөз қозғап, не қылмақпыз?

Өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!

5 пікір | Балаларды қорғайық!!!

  1. Айко says:

    Бұл елдерге не болып барады?😦 мына қыздың суреті мағанда келіп еді.
    америка киноларын көріп-көріп санамыз уланып бітті ғой…

  2. urimtal says:

    Маған да келді. Бейкүнә балалардың не жазығы бар? Имансыздық жайлап бара жатыр… Ең болмаса Құдайдан қорықсайшы бұлар!

  3. Symbat says:

    Айко, мундай жагдайлар Америка кинолары келмей турып та болып турган. Ауылдын озiнде неше турлi инцест туралы естiп шошисын…

  4. Тәңірберген says:

    Ату жазасын қалпына келтіру керек. Тезірек атып жазасын беру қажет.

  5. musicola says:

    қыздар, байқамасақ қазір қыздарды ұрлап араб елдеріне сатып жіберетіндер көп проституцияға…қалай іздесе де табылмайт ондайлар….кішкентай қыздарға айта жүріңіздер…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: