Астанада болдың ба, бәйтерекке қолыңды қойдың ба?


Жалпы, Астана астана болғалы бері, әрбір қазақстандық сол қалада болуды армандайды, армандамаса да, бір сынап көріп қайтуды ойлайды. Ал кейбіреуі оны іске асырып та қойған.
Соңғы кездері, бір адаммен танысып, немесе көптен көрмеген класстас, курстас достарыңды кезіктіре қалсаң, Астананы сөз ете қалу әдетке айналған сияқты. Қатып қалған “Қалай екен?”, “Ұнады ма?”, “Алматыға жетеді деп ойлайсың ба” типтес сұрақтарды қоя отырып, көбінесе “Былай жаман емес”, “Көк шөп аз екен”, “Архитектурасы әдемі”, “Алматыға все-таки жетпейді” деген жауаптарды аламыз.


Астананың ең басты назар аударарлық орыны болып, сөзсіз “Бәйтерек” болып саналады. Мен осыдан 2 жыл бұрын осы қалаға барғанымда “Бәйтерекке” шығып, аралап, ел басының қолының пішініне (-мыс) қолымды қойып, өз арманымды іштей ойлаған болатынмын. Шыны керек, сол арманым сол жылы-ақ орындалды.
Астанаға барып, “Бәйтеректі” көріп қайтқандардың көбісі сол ритуалды жасаған болу керек, мені қызықтыратыны: қолыңызды қойып, армандаған армандарыңыз орындалды ма? Орындалса, мұны қалай түсінесіздер?

9 пікір | Астанада болдың ба, бәйтерекке қолыңды қойдың ба?

  1. balgyrgan says:

    менің де арманым сол Астанаға барып-ҚАЙТУ, ол жақта қалмас едім 8) (не в обиду астанчанам)
    орындалса… мммм орындалса…. орындала қалса… байқаусызда орындалса… тАк қалай түсіндірер едім… О
    Зере, орындала қалса, ол “қолға” айтқан арманым/ойымның қатты орындалғанын қалайтын едім да тастың емес өз санамның кішкене жұмыс істегені деп сенер едім

  2. Аnar says:

    Бардым, корд1м, б1рак жете алмадым:-)
    Расымен де, соншама енбекпен котер1лген курлы капырык ортага тап болдык, кол коймак туг1л1 сол манга жакындаудын оз1 мумк1н болмады. Шал-шаукат, кемп1р-сампыр, бала-шага, у-ду..жетк1збед1 гой. Кер1с1нше, сол жерден кетуге асыктык. Б1рак колымды п1ш1нге коймасам да, 1штей ак т1лектер ойластырып кайттык:-)

  3. arsenal777 says:

    болдым, көрдім, қолымды салған жоқпын, ешқандай тілек те тілеген жоқ едім. 3ші рет барсам да, тілемеймін))) меніңше, Бәйтеректің асып баратын түгі де жоқ. Білмеймін, маған Астана ұнамайды😦

  4. Asqat says:

    Бардым. Ішіне көтеріліп, мінгенім жоқ. Қолымды қойсам да, тілектің қабыл болуы Аллаһтан деп түсінетіндіктен Бәйтеректің қасиеті бар деп ойламаймын. Бірақ туристер үшін жақсы ойластырылған.

  5. akzere says:

    Пікірлердің аздығына қарағанда мұндай ойлар мен сияқты әлжуаз-очкарик-романтиктердің басына ғана келеті сияқты… 🙂

  6. 666aiko999 says:

    :))))) ой Ақзере шегім қатып қалды соңғы коментіңізге. Негізі сондай қыйсынан қыйюластыруға, бірдеме связ жасауға мәшкүйміз ғо. Мені де қатарыңызға қосып қойыңыз.🙂 Мен алаңдағы(жаңа алаң, Алматы) қол қоюға да бірдеме деп кететінім бар. көп елдің желания загадывай дегені қалып қойғаны қағидасы бар екені анық қо.
    Өзі басым со Астанаға әлі барғам жоқ. Барсам точна нетем*🙂
    А так арманды күніге ұйқтар алдында нетіп атам ғо …

    Қырқып қой: жаңадан салып бітірген құрлысшы бірінші болып қол қойған шығар Н.А.Н. бұрын а? все таки под ключ беретін кезде деймін да🙂

  7. akzere says:

    Аха…🙂
    Сосын ана Көтөбедегі алма фонтанына да тиын лақтырып, желания загадывать етіп жатады. Оған да сенемін. Бірақ әлі соған жол түспей жүр…😦

  8. KonilAshar says:

    Желание Алладан болғандықтан ондай жансыз затттардан тілемеймін
    Ал ойластырылғаны жақсы ана көктөбедегі фонтанды айтам
    ал бәйтерек дым ұнамады.
    былтыр барғам жоғарысына шықтық, жобалаушы инженердің жобасы нашар деген тоқтамға келдім, іші қапырық, бір жерінде кондишн қатты істейді, ад бір жеріне мүлдем жетпейді. Сосын қаптаған шынысы да біртүрлі сияқты боп көрінді. Неше түрлі осындай тауэрлерге міндім, енді эйфелге жете қойған жоқпын, бірақ мұндай қапырығын көрмедім.Нашар өте нашар!!!
    Жаплпы ыза болдым бүкіл ҚЗ белгісі ретінде барлық жерде жүрген бір нәрсені дұрыстап жасамасқа болмас па еді деп..
    Ал биыл ол жаққа бармадым уақыт болмады. уақыт болса да бармас едім, бір реті де жетіп артылады.
    Ал бірақ негізі бір рет шығып өз көзімен көрген дұрыс қой жақсы болсын жаман болсын.
    маған гүлдерден жасалған сағат ұнады. Достарымның әке шешесінікіне тоқтап едім, үйлеріне жақын жерде екен сол сағат ұнады маған.

  9. кендебай says:

    КӨҢІЛАШАР, тегі Жапонияңмен салыстырып қоймайды екенсің. :)) Ал онда жаманда, тағы да жаманжа!!!

    Ал жоғарыжағы сұраққа келсем, Бәйтеректе болдым. Бірақ қолымды қоймыппын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: