Жәрмеңке!!! Баламның суретін сатамын!


Соңғы жылдары Голливуд жұлдыздары жарыса бала туып жүргендерін байқап жүрміз. Көптеген жұлдыздардың балалары қазақша айтқанда бесіктен белдері шықпай жатып, БАҚ-тың арқасында атақты бола бастады. Олардың бейнелерін алғаш жариялауға БАҚ өкілдері бірнеше мыңнан миллион долларға дейін ақша төлеуге дайын. Содан мынадай рейтинг құрылған екен.

Бірінші орынды, өздеріңіз білетіндей жақында дүниеге келген Брэд Питт пен Анджелина Джолидің егіздері – Нокс Леон мен Вивьен Маршелин алайын деп отыр. Балалардың суреті әрі сатылымға шықпаса да, БАҚ өкілдері 11 мен 20 миллион доллар аралығындағы соманы төлеуге дайын тұр. Және бұл осы күнгі рекорд болып саналады. Түскен қаржыны ата-аналары қайырымдылық қорына жібермекші.


Екінші орында Дженнифер Лопес пен Марк Энтонидің егіздері – қызы мен ұлы – Макс пен Эмме. Суреттерді жариялау құқығын 6 миллион доллар төлеп, әйгілі «People» журналы иеленген.

Үшінші орын сол баяғы Анджелина мен Бредтің 2 жыл бұрын дүниеге келген ортақ баласы Шило Нувельдің иелігінде. Аталып кеткен «People» журналы кішкентай қыздың суретін жариялауға 4,1 миллион доллар төлеген. Брэд пен Анджелина түскен қаржыны Африка елдерінің қайырымдылық қорларына берген. Сонымен қатар, тағы бір танымал «Hello!» журналы британдықтарға арнап, суреттерді қайта басып шығару үшін тағы 3,5 миллион доллар төлеген екен.

Төртінші орында актер Мэтью Макконахи мен модель Камила Альвестің ұлдары – Леви. Кішкентай ұл осы жылдың 7 шілдесінде дүниеге келген. Оның суретін алғаш болып «ОК»! журналы көрсетпек, бұл үшін олар 3 миллион доллар төлеуге дайын. Бірақ, Мэтью ұлының суретін сату-сатпауын әлі ойланып жүргенге ұқсайды.

Бесінші орынды марқұм Анна-Николь Смиттің қызы – Дэнниэлин Смит алып отыр. Қыздың әкесі болып фотограф Ларри Биркхед екені анықталған соң «OK!» журналы әкесі мен қызының суретін 2 миллион долларға басып шығарған.

Алтыншы орында сол баяғы Анджелина мен Бредтің Вьетнамнан асырап алған балалары – Пакс Тьен. 2007 жылдың нурызында асырап алғаннан кейін, баланың суретін «People» журналына 2 миллион долларға сатқан. Бірнеше суреттері «Hello!» журналына да сатылған. Алдында айтып кеткендей, түскен ақша қайырымдылық қорларына жұмсалған.

Жетінші орын Кристина Агилера мен Джордж Брэтменнің ұлы – Макс Лирон Брэтменнің еншісінде. 2008 жылдың ақпан айында шыққан санындағы бүлдіршіннің суретіне «People» журналы 1,5 миллион доллар төлеген.

Сегізінші орын актерлік отбасы Джессики Альба мен Кэша Уорреннің қыздары – Онор Мэриде. Ол осы жылдың 7 маусымында дүниеге келген. Кішкентай қыздың суретін «OK»! журналы 1,5 миллион долларға сатып алған.

Тізімді Бритни Спирстің сіңлісі Джейми Линн Мари Спирстің қызы аяқтайды. Осы жылдың 19 маусымында дүниеге келген бүлдіршінге Мэдди Брайанна Олдридж деген есім беріліп, суреті «OK»! журналына 1 миллион долларға сатылған екен.

Advertisements

10 Responses to Жәрмеңке!!! Баламның суретін сатамын!

  1. technosyndrom айтады:

    Ох, гламоур, гламоур… Он үш бала тауып, барлығын тары түйіп жеткізген Ғалия әжмнен садаға кетсін мыналар!

  2. saken айтады:

    Әйтеуір саған счет предявлят етіп жүрмесін, жоғарыдағы суреттерге 🙂

  3. ruslannnn айтады:

    Ай, ерікті-ау! Маған баласы түгіл, өздерінің де суреттерінің керегі шамалы еді негізі… Ана кедейлерге берің ақшаларыңды, кереметтеріңді көрейін!

  4. 666aiko999 айтады:

    суреттін бизнес жасайтын олардың БАҚтары да дамып кеткен ғо. бізді со үрдіс қашан келеді екен? мысалы, Тоқтар мен Бейбіттің баласын Япырайға сатамыз дейді. соған келіспей, Қазақстан әйелдері журналына сатамыз дейді деп желтый пресса жазып тұрса әәә? 🙂
    бізде ұяңдық бар ғо. мына тұрған ресейдің жұлдыздары* да тәнін жалаңаштап ақша нетіп жүр. әрине қолдамаймын. бірақ дачы. еріккен сияқты ма көрніп кетеді. 😦
    Бритнидің сіңілісі, жақсы пиар жасап алған деңіз. хотя не извесетно от кого родила 😦

  5. akzere айтады:

    Бритнидің сіңлісінің күйеуі бар. Кеше аттарын жазамын деп тілім бұрмалып, аяғына келгенде ығырым шығып кетті. Содан құрысыншы, өзін де танып жатқан адамдар шамалы ғой деп, сіңлісінің атын ғана жаза салғам. И то оның аты чего стоит…
    Сіңлісі Бритниден аумайды екен.

    Русланнн, бұл акция дәл сол қайырымдылық қорларына көмектесуге арналған. Яғни түскен ақшаны олар халі мүшкіл адамдарға жәрдемге береді.

  6. saken айтады:

    Айко қатырасың!!! 🙂
    Шынында да, Мейрамбектің, Тоқтардың балаларының суреті үшін қанша төлер екен біздің БАҚ???

  7. KonilAshar айтады:

    Африкадағы аш балаларға көмегі тиетіндіктен жақсы нәрсе ғой
    бірақ біздің менталитетке келмейді, бізде ғой көз тиеді деп кісілер келсе басқа бөлмеге тығып баланы:)

  8. ruslannnn айтады:

    Ниче, онда молодцы. «Қайырымдылық шарасы» деген жай ғана аты болмаса, онда дұрыс, толықтай келісемін.

  9. Бақытжан айтады:

    Осылардың барлығы жағдайы жоқ отбасыларға көмек көрсетсе қандай дұрыс болар еді…………

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: