Сценарийін жазғандар…


Кеше Астана телеарнасынан бас қалада өтіп жатқан Көркем гимнастикадан әлем кубогына жарысты тамашаладым. Бақылап отырып, жарыс бір сценарий бойынша өтіп жатқандай ойда қалдым. Винердің (әйгілі көркем гиманстика жаттықтырушысы) лидерлері – Евгения Канаева мен Ольга Капранова үлкен қателіктер жіберіп жатса да, оларға төрешілер 18-ден асық балл беріп отырды. Ал біздің елден қатысқан Алия Юсуповаға қалайда үшінші орынға іліктіруге тырысты.
Қалған қатысушы қыздар өз өнерлерін әдемі көрсете білсе де, олардың баллдары 16 мен 17-ден аспады. Мұндай көріністі Афины олимпиядасында да бақылаған болатынбыз. Алина Кабаева мен Чащинаның қалайда 1-2 орынға іліктіру керек болғандығын. Дәл сондай оқиға осы жарыста да байқалды. Осыған қарап, олимпияда ойындарында да осы біздің Алияға қоладан жоғары медаль тимейді-ау деп шырамытамын. Ресей құрамасының беделі немесе берері көп болып тұр ғой шамасы…

18 пікір | Сценарийін жазғандар…

  1. 666aiko999 says:

    мілінь өткір мақтағанды қайтеміз, онанда орын берсін да😦
    негізі Алияны көріп тұрам, құдай аямай еңбекпен сұлулықты беріпті.
    Форева Шымкент!!!
    Алияның орын алып келуін өзім тілеймін. Керемет қыз ғо!!!

  2. akzere says:

    Келісемін, Айко! Маған да ұнайды осы Әлия. Енді Кабаева мен Чащина кеткеннен кейін Әлия лидер бола ма деп едім, енді тағы ана 2 орысты тығып қойыпты ғой. Әйтпесе, керемет қыз!

  3. urimtal says:

    Кеше ғана Әлияна тыңдадым. Өз аузымен қайтесін мойындап жатқан. Әлемдік жарысты айтып отырсыңдар ғой, иә?
    Бір ызаланатынымы, уикипедияда Әлияны татар деп көрсетіп қойыпты😦

  4. saken says:

    солай болатын шығар…

  5. saken says:

    Айтпақшы Әлияның фамилиясын неге барлық жерде Юсупова деп жазады екен?
    Әлияның атасының есімі Жүсіп шығар, қалай болғанда да!?

  6. anar says:

    Кабаева мен Чащинанын орнын басады деп жургенде, оз1 де спорттан кол уз1п кетпесе жарар ед1?! Спортшылардын ом1р1 спортта катты узак емес кой, артурл1 себеп салдарынан бас тартып, ойыннан кет1п жатады. Алия ондайдан аулак болсын деп т1лел1к!! Алдагы Олимпиадада канжыгамыз майланады деп ойлаймын! Алга, Казакстан!

  7. KonilAshar says:

    негізі маған Чашина кабаеваларға қарағанда украиналық Анна Бессонова ұнайтын өткенде бір жарыста көргенімде ол қазір жағдайы мәз емес болып қалыпты..
    Канаева Капрановалар қате жіберді дейсің бе??
    мүмкін
    алдында бір жарысты қарағанымда жақсы ақ болған әсіресе Канаева ұнады.
    Біздің Әлия да жақсы ғой бірақ біздің қызға жылдамдық жетіспейтін сияқты. Ана Канаеваның программасы ұнаған еді

  8. Bakytnur says:

    Aliya tatar ma kazak pa? Tatarlar youtubete borkin aspanga atyp jur goi, bizdin kiz mikti dep🙂

  9. Мдә, мына жақта татар тұр, қазақпен және қатар тұр дегеннің кері бұл. Әлия ҚАЗАҚ, Шымкент шаһарының тумасы. Соңғы олимпиадада Немовты да бейәділ қазылар алқасы жерге ұрғаны естеріңде ме? Әлияныкі де сол тектес. Бірақ оған ешкім назар аудармайды, бас көтерер кімі бар дерсің деп басынады ма екен… Әлия, дегенмен, Әзияның бірнеше дүркін абсолютті чемпионы.

  10. akzere says:

    Ия, әзірге Ресей жаттықтырушыларына тәуелді болып тұрмыз.

  11. ruslannnn says:

    Осы көркем гимнастикаға түсінбеймін, қалай бағалайды өзі? Енді ана Ильин, мысалы, бір орыстан гөрі бәленбей килограмм артық көтеріп, бірінші орын алып, немесе Сәпиев рингте қарсыласын құлатып жатса, оны енді түсінем. Ал мынау қалай өзі? Маған Нигериядан келген қыздың қойылымы ұнауы мүмкін, мысалы, Әмірханға – Швецияныкі, Берекетке – Әлиянікі, бұған қалай баға беруге болады?…

  12. akzere says:

    Көркем гимнастиканы басынан бастап, аяғына дейін қарасаң біраз түсінуге болатын сияқты…

  13. KonilAshar says:

    жасалуы міндетті элементтерді жасап, сосын басқа да элементтерді таза жасауына байланысты

  14. ruslannnn says:

    Ай білмеймін-ау, білмеймін… Білетіндер қарай берің, мен ана волейболымды қарайын одан да🙂

  15. bakytnur says:

    Nege kazaktan bir sulu shyksa uigyr, tatar ne metis bolady? Alia kazak ekeni dau jok, birak Wikipediaga karanyzdar.

    Al endi durys boldy.. Osy elder Wikipediaga senedi, birak oni arkim ozgerte alady goi..
    Men Aliany kazak dep koidym.

  16. bakytnur says:

    Orysshasyn da tuzettim, Wikipediadan..

    Osyndai katelik korsender aityp koiyndarshy, koldan kelse tuzete salamyz

  17. saken says:

    Бәке, дұрыс қылған екенсің!!!🙂
    Тек оны бір татар барып, “татар” деп өзгертіп жібермесе болғаны ғой енді…

  18. Татарды қазақ қылған Бақытнұр…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: