Судың да сұрауы бар…


Демалыс кезінде үйде жатсам, бір досым хабарласты. Ұялы телефоныма қалалық нөмірден, яғни жұмыстан телефон шалып тұр. Біраз әңгіме айтып тұрып алды. Бос әңгіме болғандықтан, мен оның қалалық нөмірден ұялы телефонға хабарласу қымбатқа түседі ғой деп түсіндірсем, ол болса “Ой не қыласың, “Бесплатно” емес пе?” – деп жайбарақат әңгімесін жалғастыруда.

Достардың осылай қалыңды сұрап, әңгімелерін айтқаны жақсы әрине, бірақ осы “Бесплатно” дегенді пайдаланып, шектен шығып кететіндерді шыны керек, жақтырмаймын. Мейлі ол жұмыстағы интернет болсын, 8-ге шыға алатын телефон болсын, жұмыс көлігі болсын, т.б. жұмыс бабымен “Бесплатно” берілетін заттар болсын, әр нәрсенің шегі болады ғой?

Өзің де кейде байқайсың ғой мысалы, әй осы мен оны шектен тыс қолданып жатқан жоқпын ба, біраз нәрсені пайдаландым, осыным да жетер деген ар-ұятыңның үні шықпай ма? Әрине, қолданып жатқаныңды ешкім көріп жатқан жоқ, санаса да саған айтып жатқан жоқ, бірақ өз-өзіңнен ұялу деген болады ғой адамда?

Өз басым, жалпы осындай “Бесплатно” дегенді еріксіз пайдаланып қалығысы келетін адамдарда сол “ар-ұят” жақсы жетілмей қалған немесе сол адамдық қасиет тіптен жоқ деп ұғамын. Бұл менің жеке пікірім, егер біреу-міреу оқып, өзін танып жатса ренжімеңіздер…

12 пікір | Судың да сұрауы бар…

  1. Ия, ия, бар ондайлар, бар, тіпті – көп-ақ…. Құлдық психологияның бір көрінісі деп ойлаймын. Қазақ даласына корпоративтік құндылықтар – үнемдеу қажеттілігенен бірінші кірді, сондықтан ба: жұмыс орнының телефонын аяусыз қолданудан бастап, машинасын ат қып мініп алуға дейін – күнделікті өмір көрінісі.
    Бірақ, Ақзережан, қателесетін де бір тұсың бар: телефон шотын қадағаламайтын басшылар жұмысшыларын қаншама жерді жаяу аралауға мәжбүр етеді, сондықтан шығар – кек алушылардың көбеюі….

  2. Айко says:

    кейбири ла0тырып кету3де к2м3л беспталный

  3. akzere says:

    Мүмкін, кек алып солай істейтін шығар…
    Жалпы бұл шешілетін проблема емес қой, адамдардың жеке мінезі, кіммен күресіп жүресің. Бірақ, просто жаман нәрседен алшақ болу керек сияқты…

  4. urimtal says:

    Дұрыс айтасың. Ысырапқа жол бермеген жөн. Кейбіреулер принтерден қағаз шығару үшін жаңасын іздеп әуре болып жатады. Бұрынғы шыққан қағаздың екінші жағын сызып тастап, келесі таза бетін пайдаланса да болады ғой деймін де сол кезде.

  5. balgyrgan says:

    менің білуімше, принтерден қолданылған қағазды екінші рет өткізсе кейінгі шығарылатын қағаздарда сызықтар пайда болады🙂

    сенен сұрау болмаса неге қолданып қалмасқа? мысалы мен анда-санда распечатка жасап тұрап, бір рет тіпті кітап шығарып алдым :))

  6. 666aiko999 says:

    🙂 қызық сондай пікірлер.
    өз басым жақында хабардан көрсеткен реклама қатты әсер етті. Электр жарғы бойынша.
    содан кейін жұмыста 2 рет шай ішпей түстен кейін ғана шай ішетін болып жүрм.🙂

    бесплатный деген лафа жизньге әлі түскем жоқ өз басым, егер рас* деп тұрса да,
    7 пішіп, 1 лет кесем. Офисни помещенияда бесплатный деген нәрсе аз болып тұрады ғо. очм көб жерде солай
    Бір әнек айта кетейін /сенің-ақ әнегің* бітпейді екен демеңіздер аха🙂 /
    жаңадан жұмысқа тұрған кезім ғо. қаз күліп алайынч жаза алмай қалдым :))))))) сосын жанымдағы ағама қызығып қараймын инетті ағыл-тегіл пайдаланып отр. Менкі испитательный срок болды бір айға. сосын ойлап қоям менде майл.руды сагындым. 1 ай бітсін сосын рұхсат сұраймын ғо деймін компютерщиктрден, сосын қостырып алып істей бермек ойым. жоқ тегін деп қояд жанымдағылар, мен сене алар емеспін. дискоть :))) шын ба қалайша деймін. әбден жоқшылық жер құртып жіберген ғо мені🙂 бәрі эконом. шын саган косып береді 1 айдан сон деген. рас, косып берді. енді оны өзім қоспаймын ғо. қо құрсын, тағы платный шығар ұят болады. әсресе айлық алатын кезде сюприз шықпасын деп. Шын айтам деп түсіндере алмайды ғо.🙂 мен инетке жоламаймын :)))). сосын 2 ай деген кезде күніге 1 сагаттан шыгып коям, вдруг случай дегендей🙂 сосын 2 айт өткенде дым деген жоқ. яғни счет келмеді. охоуууу дедім мен
    енді со инеттен ертенгісі қосып кешке дейін шықпай қойып жүрм🙂

    Дядм бесплатный* деген сөз өмірде болмау керек деп айтып отырады. неге десем, адамдардың түк көрмегендік жаман қасиеті басым болып кетіп, дүниенің парқын білмей қалады дейді. Примерге. Еуропаның бұрын өткен бір министр әйел адамды айтып отырады. Өзі министр болып тұрып, қарайып инженер жолдасы мен балалары ешқашан оның машинасына отырып, тікұшағында ұшпапты. Так как тәртіп солай.

  7. akzere says:

    Жалпы мұнда шектен шығып, пайдаланып қалғысы келетіндер жайлы айтылған🙂
    Эконом деген де жақсы ғой.
    Ал байлар жайлы әңгіме бөлек, олардың кейбіреуінің ақшаға құнығып кететіндігі соншалық, сол жиған-тергендерін өздерінен аяп отыратындары бар. Құдай сақтасын!

  8. mergen says:

    Ұрлық ғой оның бәрі, осы күні жұмыстағы интернетпен сайттарды аралауға ар – ұятым жібермейтін боп жүр нақ! Ұрлық, Ұрлық деп басымда ар – ұят деген бәле тұрып алады.

  9. Bakytnur says:

    Bul Socialistik ideadan kalyptaskan mentalitet. Yagni Kogamdyki boldy ol kezde, barlyk narse!

  10. KonilAshar says:

    ой инет жағын айтпай ақ қойыңдар менде таңертеңнен кешке дейін қосулы:) тек видео көшіріп трафик құртпасаң болғаны
    ал тел жағы иә негізі ондайды қадағалау керек қой
    біздің жұмыста алдында сонда бір жағдай болған
    тел сұмдық счеттар келіп..
    сүйтсе именно түнгі екі мен төрт арпалығында жұмыстан соткаға сөйлеседі екен біреу
    ойлаңдаршы түнгі 2 де ужаасс
    сон ақыры ИТшниктерді қолданып, прослушка жасап жаңағы адамды ұстады. штраф салды
    шектен шыққан деген.
    ал қазір жұмыста әрбір адамда өзінің коды бар егер қала аралық байланысқа шығатын болса

  11. sakens says:

    халяль мен харамнан хабарымыз жоқкөбіміздің

  12. ruslannnn says:

    Үнемдеу дейсіздер ме?
    http://www.stripes.com/article.asp?section=104&article=63625&archive=true
    “…Американ әскерилері (бюджет ақшасына, әрине) компьютер жұмысына кететін энергины идеалды түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияны ойлап тапты. USAFE деп аталады.
    Бұл технология – 20 минуттан кейін мониторды, бір сағаттан соң компьютерді сөндіретін бағдарлама екен….” Цитата дельфимастер.ру сайтынан аударылып алынды. Вот міне, нағыз үнемдеу! Біршама адам байып қалатын болды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: