Rin’Go тобында өзгерістер


Демалыста жатып, мынадай жаңалықты естіп қалдым. Отандық “шоу-бизнес” саласында аз-мәз еңбек етіп жүрген, жас та болса біраз жетістіктерге жеткен Rin’Go тобында біраз өзгерістер болған екен. Топтан Алдан есімді әншісі кетіп, оның орнына Суперстар.кз жобасында бақ сынасқан Аян Бирбаев есімді жігіт және финалда өнер көрсетіп, жақсы нәтижелер көрсеткен Адылжан Умаров топты толықтыратын болыпты. Топтың продюсері Алуа Қонарова бұл өзгерістердің топтың әлемдік масштабта дамуына бағытталған деп түсіндіреді.

Жап-жақсы топ, маған топ мүшелерінің қарапайымдылығы ұнайды. Өлеңдері де, клиптері де жастарға үлгі берерліктей, менің ойымша олар түзу бағытта келе жатыр. Бір журналдан сұхбаттарын оқығаным бар еді, сұрақтарға тиянақты жауап беріп, өздерінің қарапайым отбасынан шығып, жеткен жетістіктері тек өздерінің күші мен білімдері екенін айтқан. Жас буынды қолдау ретінде блогыма жеке арнап қояйын деп ұйғардым.


Былтырғы жылы осы Rin’Go тобы жыл сайын Латвияда өтетін “Новая волна” байқауында жүлделі болып қайтқаны есімізде. Шыны керек, жарқ етіп шығып, тәнті болатындай өнер көрсетпесе де, талаптарының зор, мықты екені көрініп-ақ тұрды. Соны ресейдің примадоннасы байқап қалуы керек, жалпы ол сахнада кімнің-кім, қандай екенін бір естігеннен-ақ тани алатын дәрежеге жеткен шығар. Сөйтіп, өзінің жеке сыйлығын беріп, топ мүшелерін қуантқаны бар.


Ал осы жылы осы байқауға Қазақстан атынан “China Town”-ның қыздары бақ сынамақ екен. Шын айтсам, өз басым бұл топтан мәз емеспін. Тіпті, Дзинтари сахнасында қандай амплуада шығатындарын көзіме елестете алар да емеспін. Не болса да оны өз уақытында көре, ести жатармыз. Ал қыздардың мойнында қазақ елінің абыройы жатқанын естен шығармағандары жөн болар…

15 пікір | Rin’Go тобында өзгерістер

  1. balgyrgan says:

    Рингоға ана екеуі қосылатыны маған ұнамайды! Бұрынғы составы (құрамы) жап-жақсы еді!
    Қазақстан телеарнасындағы “дела житейские” (солай ғой деймін) бағдарламасына келгенде “музыкалық білімдеріңді жетілдіріңдер” деген ақыл айтылып еді, соған көңіл бөліп, ақылға жеткізді ма екен?!
    Рингоға тек табыстар тілеймін! Орда сияқты “сатқын” болып кетпесе екен 🙂

  2. akzere says:

    Орда тобы неге сатқын?

  3. balgyrgan says:

    “Ордалықтар қазақша ән айтпайтын болыпты” деп Хит-ТВ-дан естігенімде жаман болып қалып едім, толықтай ағылшынға көшсе керек 😦

  4. 666aiko999 says:

    билері күшті. өлеңдері есімде қалмапты

  5. akzere says:

    Ой жетіскен екен Ордалықтар. Қазақшаны толық жарыта алмай жүргенде, ағылшынша бір жарытады деп ойламаймын. Не болса да өздері білсін.

    Ринго “Ғашықпын, жаным, тек саған…” деген ән айтады.

  6. urimtal says:

    Жаңадан қосылғандардың суретін ілсең қатып кетер еді… Адылжанды Суперстардан көргенмін. Екіншісі онша есімде қалмапты.
    Әйтеуір әндерінде қазақилық болмаса, жұрттың ықыласына бөленбейтінін түсінгендер ғой.

  7. Бұлар кімдер сонда, өлең айта ма?
    Бибігүл, Ермек, Әлбектердің көзі тірісінде дауыстарын музейге сақтап алу керек. Осы күнгі Әміренің пластинкасын тыңдағандай күй кешетін шығармыз, бәлкім, 20 жылдан кейін. Ал мыналардың “халыққа еңбегі сіңген әртіс” болатынына сенбеймін.

  8. arsenal777 says:

    анау Чайнатаун тобынан басқасы қалмаған ба? одан да Айқынды не Алмасты жіберу керек еді. олар да суперстарлықтар емес пе…

  9. 666aiko999 says:

    Чайнтаунның қыздары. Кабадоке* де қызмет атқаратын сияқты ма қызық аха. Айқын мен Алмастың түрлері болмаса хит өлеңдері есімде қалмапты. Ал Қайраттың көрінбей кеттің сен неге деген өлеңінің аранжиорвкасы ұнаған. соны ғана айқайлап өлең* деп айта аламында. қалғандары есімде жоқ 🙂

    Ринго тобындағы Алмас біздің дворда тұрған. Өте еңбекқор бала етін. Басқа балдар сияқты, дворда теңселіп жүргенін көрген емеспін. Хип-хоп арн би билерін керемет билейтін деп естуші едім. менің тәтем арласқан. Бірде полощадта концерт болып, біздегі кыздар-балдар 20 шакты адам болып барыпты. соның ішінде тәтемде болып. би жарсын ұйымдастырғандарын айтып, аузынан суы құрып келген. Керемет дейді. нағыз “американ стрит данс” жасаса керек. мен со кезде бармағаныма қатты өкіндім. Мамда осы бала бір шеттен шыққан инабатты, көрген кезде сәлемін ұмытқан емес деп айтып отыратын. Негізі мам ескіліктің адамы ғо. мындай бағыттағы киім киіс, жүріс тұрысты қаламайтын. Юрмалада өткен жарыста. Жарығым-ау, жарығым ресейі шулаты ғо деп бәлейтетіп отыр. мұндайды терпеть не могла… не болд десем. Әлгі бала ғо дейд 🙂 содан түсінгенім, егер адам инабатты, қарапайым болса барлығы кешрімді болмақ. Мамды сыйлаған адамды көрсем мен жазлып жастық болуға бармын ғо 🙂

  10. akzere says:

    Айқын “Новая Волнаға” қатысқан. Бірақ ешқандай орын алмады. Алмас менің білуімше сынақтан өте алмады.
    Чайна таунның қалай өтіп кеткені мені таң қалдырады. Жек көрем сол топты.

    Ал Алмас дегендер көрініп тұр ғой қарапайым екендері. Өзі де айтқан мен өте қарапайым отбасынан шыққанмын, кейде тамақ алуға да ақшамыз болмай қалатын деп. Мен оның мықтылығына тәнтімін. Жалпы маған осындай қарапайым адамдар ұнайды.

  11. Bakytnur says:

    Rin’Go kazirgi Qazaqstandagy R&B stilimen an aityp jurgen toptardyn en aldynda. Solai jalgasa berui kerek.

    Jalpy Qazaqstanda qazaqsha an aitsa gana juldyz bolady, baskasy doi-dala 🙂

    Orda toby jaksy aitatyn edi, birak kazir koshiretin an tappai jurgen siakty… Birak bir gana anshisi bar toptyn.

  12. KonilAshar says:

    сонда Алданы анау астыңғы суреттегі жігіп пе кетіп бара жатқаны
    олай болса өкінішті ақ екен..
    ее бар бослын Чайнатуннан басқа топ құрып қалды ма екен?? детіскен екен. стильдері де жарайды бар болсын дені дұрыс әндері болса бір сәрі ғой

  13. akzere says:

    Ия, сол жігіт. Ал Чайна тауынның өнері мәз емес ұқсайды. Өз елінің хиті ретінде Уматурман тобының “Проститься” әнін айтыпты деп естідім. Атаққұмарлыққа зар қыздардың сонша сатылып кететіндігін ойламаппын.

  14. Аnar says:

    Алдан деген1 ХИТ ТВ да ВДж болып кызмет аткармай ма?

  15. Сако says:

    RinGo жарайсындар!Тек кана алга!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: