6 шілде – сүйісу күні


6 шілде күні, біз астанамыз бен елбасымыздың туған күнін тойлап жатқанда бүкіл әлем сүйісу күнін тойлайды екен. Махаббаттың бастамасы болатын, осы бір адам физиологиясындағы ерекше құбылыс жайлы біраз деректер жазғым келіп отыр.

Адам баласының бірін-бірі жақсы көруін сездіруінің өзі қызық. Жақсы көрген жандардың алдымен жанарлары түйісіп, жылы сезімін сөзбен ай­тып, одан әрі сүйісуге ұласады. Бұл адамдардың жылы қарым-қатынасының ертеден қалыптасқан және қалыпты әрі сүйікті бір формасы. Сүюдің дамуын, қалыптасуын зерттеушілер оның біздің эрамызға дейінгі 3000 жылдарға дейін жеткізеді. Ертедегі адамдар Құ­дайға сыйынып, өздерінің жақсы көруін, шынайы сезімін сүю арқылы білдірген көрінеді. Ол кездері сүюді «Құдайдың ісі» деп түсінген.

Ал адамдардың бірін-бірі сүюі әу баста не себепті басталғаны осы күнге дейін жұмбақ. Кейінгілердің зерттеп, сараптауына қарағанда, сүюді сенім білдірудің белгісі деп те қабылдаған кездер болған. Өзге біреудің сеніміне кіріп, қорықпай-үрікпей мұның жақсы көруін қабылдау үшін білдірілген белгі.

Дәрігерлердің көзімен қарағанда жалпы сүйісу процесі адам баласы үшін өте пайдалы. Соңғы медициналық зерттеулер өліп-өшіп сүйісудің адамның қан айналымын жақсартып, оның өмір сүру мерзімін шамамен 1 минутқа ұзартатынын айтады. Ал психологтардың пікірімен санассақ, сүйісу адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, уайым-қайғыдан серпілтеді. Жалпы сүйісуді жаны қалайтын жандар өмірде оптимист, өз-өзіне сенімді болып келеді. Ондай жандардың көбі шынында да қыз­метте тез көтерілетіні, жеке өмірде де жетістіктерге тез қол жеткізетіні жиі кездесетін жайт.

Адамдардың ішкі сезімін сүю арқылы білдіруі сан ғасырлар бойы қалыптасқаны анық, тіпті онсыз шынайы сезім, адамдардың бір-біріне де­ген жылы сезімін, бір сөзбен айтқанда өмірдің өзін көзге елестету қиын. Жер бетіндегі адамдардың 90 пайыздайы ернімен сүйіседі екен. Кейбір халықтарда өзінің жақсы көруін бір-біріне мұрындарын үйкеу арқылы білдіреді. Шығыс Азияда амандасудан гөрі сол адамды сыйлау, құрмет­теу, тіпті соған табыну деген мағынаны көбірек айқындайды. Климаты қатаңдау арктикалық эскимостар сүйіскенде еріндері бір-біріне жабысып қалудан қатты секемденеді. Сол себепті бұл халықта бір-бірімен амандасқанда, жақсы көріп кеткенде мұрындарын қозғап қоятын әдет қалыптасқан. Құрмет тұтқан адамының қолынан сүйіп, маңдайына басатын дәстүрлері барын соңғы кезде түрік фильмдерінен байқап жүрміз. Ал оңтүстік-шығыс Үндістан мен Лапландияда сүюдің орнына мұрынымен алқымынан (тамағынан) иіскеп, терең тыныс алғанның өзі үлкен құрмет болып саналады.

Кейінгі кезде жастар арасында бір-бірімен күнделікті сүйісіп амандасуы қалыптасқан. Кейде тіпті ересек жігіт ағаларының бірін-бірі құшақтап, сүйіп амандасатынын да байқап жүрміз. Бұл көзге біртүрлі ерсі көрінеді.
Иә, сүю қазірдің өзінде сенімді қарым-қатынастың белгісі ретінде қабылданады. Қызыл сөзбен жеткізе алмағаныңды сүю арқылы бір сәтте ұғындыруға мүмкіндік мол. Негізі сүйетініңді білдіріп, жақсы көрген жаныңды ләззат сезіміне бөлеу үшін мына жайттарды есте сақтаған жөн.

Сүйісу жайлы осы уақытқа дейін аз зерттелген жоқ және бұл көпшілікті өте қызықтыратын тартымды тақырып екендігі де әйгілі болып отыр. Сүйісудің екі адамның бір-біріне деген шынайы сезімін білдіретіні өз алдына, бұл жайында түрлі қызықты деректер де өмірде жиі кездеседі. Солардың бірқатары төмендегідей:

1. Сүйісу кезінде адамның бет-жүзі жақсы қимыл-қозғалысқа түседі де, бұл үгу (массаж) есебінде әжімнің болмауына оң әсерін тигізеді.
2. Бұл ер мен әйелдің зат алмасу (май, тұз, ақуыз) процесін жүзеге асырады. Зерттеу қорытындысы бойынша ер мен әйелден сүйісу кезінде бір-біріне 278 түрлі бактерия өтуі мүмкін, оның 95 пайызы адам денсаулығына зиянсыз.
3. Соңғы кезде сүйісу иммунитетті арттыратыны жиі айтылып жүр.
4. Адамдардың 66 пайызы сүйісу кезінде көздерін жұмып алады екен. Қалғандары әріптесінің қимыл-қозғалысын бақылағаннан ләззат алады.
5. Америкалықтардың статистикалық зерттеу қорытындысына қарағанда, әрбір әйел күйеуге шықпай тұрып, орта есеппен 80 еркекпен сүйіседі екен. Бұл әрине сол жақтағыларға тән қасиет болса керек.
6. Еріннің сезімталдығы саусаққа қарағанда 200 есе жоғары.
7. Жұмысқа кетер алдында келіншегінің бетінен сүйіп үйден шыққан отағасының өмір жасы бес жылға ұзарады-мыс.
8. Өліп-өшіп 90 секунд сүйіскеннің өзі қан қысымын арттырып, тыныс алу деңгейін бірден көтереді.
9. Жапония, Тайвань, Қытайда ерінге жабысып өліп-өшіп сүйісу ерсі саналады. Мәселен, жапондық ғашықтардың сүйісуін еуропалықтар өткен ғасырдың 70-жылдарындағы пионерлердің сүйісуіне теңеген. Олар алдымен бір-біріне қарама-қарсы тұрып, сосын сәл еңкейіп, еріндерінің ұшымен ғана сүйіскен.
10. Әйелдер үшін сүйісу олардың өзін-өзі бос ұстап, еркін сезініп, уайымнан, қалың ойдан айығуына жақсы әсер етеді.
11. Жер бетінде адамдар сүйісу үшін орта есеппен алғанда 20160 минутын (екі апта) сарп етеді екен.
12. Сүйіскендер қуаныш, шаттану, бақыт сезімін бастан өткізеді.
13. Адамдардың 50 пайызы 14 жасқа толмай тұрып алғаш рет сүйісуді бастан өткізеді.
14. Беріліп қатты сүйісу үшін минутына шамамен 6,4 калория жұмсалады.
15. Америкалық рок-әнші Мика Джаггераның ерін табы аукционда 1 600 долларға сатылған.

Тағы бір мынадай деректер:
Ең ұзақ сүйісу бойынша әлемдік рекордты 17 күн 10 сағат 30 минут сүйіскен чикаголық жұп жасаған. “Сүйісу марафонының” жүлдегерлері әр сағат сайын 5 минуттан үзіліс жасап, күніне 2 сағат тамақтануға және біраз демалуға жұмсаған. Су астында ұзақ сүйісуден рекордқа (2 минут 18 секундты) Токиолық жұп ие. Ньюкаслден бір рекордсмен 8 сағат ішінде 4444 әйелді сүйіп үлгерсе, ең ұзақ кинематографиялық сүйісу (185 секунд) сонау 1910 жылы “сексуалдық революция” кезінде АҚШ-та түсірілген “Ты теперь в армии” киносында болған. Ұзақтығымен рекорд жасаған бұл сүйісуді көрермендерге актер Реджис Туми мен актриса Джейн Уаймэн ұсынған екен. Ал фильмнің қойылу барысында ең көп сүйісу Джон Барриморға бұйырыпты, ол “Дон Жуан” фильмінде сол мачоның рөлін сомдап, рекордқа жеткен екен.

(Газет-журналдарға сүйене отырып жазылған)

Advertisements

7 пікір | 6 шілде – сүйісу күні

  1. ruslannnn айтады:

    Негізі, шатаспасам, кейбіреулер адамды өлтірместен бұрын, оның ернінен сүйеді… Мысалы, «Александр» фильміндегі әкесі Филиппті солай өлтіреді, әуелі сүйіп, сосын пышақ тығады. Сосын «Красота по-американски» фильмінде де сондай, біреуі екіншісінің ернінен сүйіп жатады, гомик па десем, жоқ, он минуттан кейін тапаншамен келіп тарс еткізеді…

  2. technosyndrom айтады:

    17 күн 10 сағат 30 минут сүйіскен
    Мүшәйра біткеннен кейін, бірін-бірі көрместей жек көріп кеткен шығар…

  3. zhannur айтады:

    Қызық бірінші рет естіп тұрмын, неше түрлі күнді қоя береді екен.

  4. Қосақ айтады:

    7 пункттті үнемі қолданып жүрк керек екен,

  5. Назгуль айтады:

    Қазақтардан басқасы 7 пунктті көп қолданатын сияқты, біздер скромный болып келемиз емес пе

  6. goha айтады:

    Suisu jaman emes.Birak suisuge bola beredi eken dep koringen jerde suise bermeuimiz kerek.

  7. mengo айтады:

    не сүйісуге желаниелерің жынды болып отыр ма не аааа??
    өзіме кел.. 72 түрін үйретіп жіберейін..

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: