Дания – әлемдегі ең бақытты ел


Социологтардың өмір құндылықтардың тізімін анықтау барысында басқа елдердің тұрғындарына қарағанда, Дания тұрғындары өздерін бақытты сезінеді екен.
Респонденттерге “Өзіңізді қаншалықты бақыттымын деп санайсыз?” және “Қазіргі уақытта өз өміріңізге қаншалықты көңіліңіз толады?” деген екі сұрақ қойылған.
Даниядан кейінгі бақыттылар қатарында Пуэрто-Рико, Колумбия, Исландия және Солтүстік Ирландия орналасқан.
Зерттеу жүргізген команданың басшысы, Мичиган университетінің саясаттанушысы Рональд Инглхарт, Данияның бірінші орында болуы, оның, біріншіден тату ел болуында және екіншіден, бай ел болуында деп пайымдайды.
“Дания – бай ел, әлемдегі ең бай емес, бірақ бай. Ең басты фактор, ол адамдардың өз өмірін қаншалықты еркін құра алатындығымен өлшенеді ”, – депті Инглхарт.

Ал біздің елге келетін болсақ, бұл сұрақнаманың біздің елде қойылған, қойылмағанын анық білмедім. Алайда қойылса да, біздің елдің бай, тыныш болуына қарамастан тізімнің жоғарғы сандарын сәндеп тұратынына күмәндімін. Қаншалықты теледидардан өзіміздің керемет, бақытты, тойшыл екенімізді күле көрсете алғанымызбен, сол өтірік күлкінің астында “Әттеген-ай” дерлік күйіміз ешкімге жасырын емес.

Advertisements

9 Responses to Дания – әлемдегі ең бақытты ел

  1. ruslannnn айтады:

    Есесіне, даниялықтар:
    1. Спирт пен керосин араласқан қоспадан таза спиртті бөліп алу әдісін білмейді.
    2. Магнитофонның батарейкасы бітіп қалмауы үшін, кассеталарды ручкамен айналдырған ҰЛЫ КЕЗЕҢДІ білмейді.
    3. … қазір ойланайын…

  2. technosyndrom айтады:

    :)))
    Ал Колумбиялықтардың өзін бақытты есептеуіне таң бов атрм. Кокаинге байланысты деп есептеймін, әрине…

  3. ruslannnn айтады:

    3. Олар бағдарламаларды сатып алады.

  4. arsenal777 айтады:

    бақытты болудың критериі байлық па сонда? келіспеймін, мүлдем. Мүмкін шынымен де мәселе еркіндікте жатыр.

  5. ruslannnn айтады:

    Бақытты болудың бір жолын Техносиндром ерекше атап өтті ғой… Шынымды айтсам, мен ана Нидерланды сияқты марихуанаға рұқсат беріп, темекіге тыйым салған елде тұрғым келмейді, дачы салып берсе де.

  6. ruslannnn айтады:

    Дания емес, Нидерландының өзін айтып отырмын. Құрметті Блоггерлер, өзіңізді бақытсыз санайсыздар ма? Мен бақытсыз емеспін.

  7. Bakytgul Salykhova айтады:

    Руслан, Нидерланд туралы сенде біржақты пікір қалыптасқан ғой деймін 🙂 Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ қой, бақыттымын десең бақыттысың, бақытсызбын десең солай болады ғой

  8. akzere айтады:

    Ай қайдам, кемпір-шалдарға жолай қалсаң болды зейнетақының жетпейтінін айтып, зарлай жөненеледі, орта жастағылар жұмыссыздық пен тұратын жерлерінің болмағандығын айтып зарласа, жастар білімнің жоқтығын, коррупцияның белең алғанын айтады. Бұдан қайдан бақытты ел боламыз?

  9. zhanbolat айтады:

    өзін өзі өлтіру оқиғалары ең көп сол мемлекеттерде болады, қалай ең бақытты болған екен?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: