6 шілде – сүйісу күні

Шілде 4, 2008

6 шілде күні, біз астанамыз бен елбасымыздың туған күнін тойлап жатқанда бүкіл әлем сүйісу күнін тойлайды екен. Махаббаттың бастамасы болатын, осы бір адам физиологиясындағы ерекше құбылыс жайлы біраз деректер жазғым келіп отыр.

Адам баласының бірін-бірі жақсы көруін сездіруінің өзі қызық. Жақсы көрген жандардың алдымен жанарлары түйісіп, жылы сезімін сөзбен ай­тып, одан әрі сүйісуге ұласады. Бұл адамдардың жылы қарым-қатынасының ертеден қалыптасқан және қалыпты әрі сүйікті бір формасы. Сүюдің дамуын, қалыптасуын зерттеушілер оның біздің эрамызға дейінгі 3000 жылдарға дейін жеткізеді. Ертедегі адамдар Құ­дайға сыйынып, өздерінің жақсы көруін, шынайы сезімін сүю арқылы білдірген көрінеді. Ол кездері сүюді «Құдайдың ісі» деп түсінген.

Ал адамдардың бірін-бірі сүюі әу баста не себепті басталғаны осы күнге дейін жұмбақ. Кейінгілердің зерттеп, сараптауына қарағанда, сүюді сенім білдірудің белгісі деп те қабылдаған кездер болған. Өзге біреудің сеніміне кіріп, қорықпай-үрікпей мұның жақсы көруін қабылдау үшін білдірілген белгі.
Read the rest of this entry »


Дания – әлемдегі ең бақытты ел

Шілде 4, 2008

Социологтардың өмір құндылықтардың тізімін анықтау барысында басқа елдердің тұрғындарына қарағанда, Дания тұрғындары өздерін бақытты сезінеді екен.
Респонденттерге “Өзіңізді қаншалықты бақыттымын деп санайсыз?” және “Қазіргі уақытта өз өміріңізге қаншалықты көңіліңіз толады?” деген екі сұрақ қойылған.
Даниядан кейінгі бақыттылар қатарында Пуэрто-Рико, Колумбия, Исландия және Солтүстік Ирландия орналасқан.
Зерттеу жүргізген команданың басшысы, Мичиган университетінің саясаттанушысы Рональд Инглхарт, Данияның бірінші орында болуы, оның, біріншіден тату ел болуында және екіншіден, бай ел болуында деп пайымдайды.
“Дания – бай ел, әлемдегі ең бай емес, бірақ бай. Ең басты фактор, ол адамдардың өз өмірін қаншалықты еркін құра алатындығымен өлшенеді ”, – депті Инглхарт.

Ал біздің елге келетін болсақ, бұл сұрақнаманың біздің елде қойылған, қойылмағанын анық білмедім. Алайда қойылса да, біздің елдің бай, тыныш болуына қарамастан тізімнің жоғарғы сандарын сәндеп тұратынына күмәндімін. Қаншалықты теледидардан өзіміздің керемет, бақытты, тойшыл екенімізді күле көрсете алғанымызбен, сол өтірік күлкінің астында “Әттеген-ай” дерлік күйіміз ешкімге жасырын емес.