Тағы да фактілер… еркектер жайында…


1. Біздің санамызда жазылып қалған “статистика бойынша 10 аруға 9 жігіт” деген қағида 20-30 арасындағы топқа жатпайды. Бос жігіттер мен қыздардың ара қатынасы сенің пайдаңа, яғни 12-ге 10 болып шешіледі.

2. Олар сенің телефон нөміріңді алып, өзінікін бермеуді жөн санайды.

3. Егер жақсы бір жігітпен танысқың келсе отыра бермей, барып билеген жөн. Өйткені олар көбінесе қозғалыстағы заттарға көп көңіл бөледі.

4. Егер бірінші кездесуде ебедейсіз үнсіздіктер жиі болып тұрса, оған таң қалма. Бұл сәттерде инциативаны өзіңе алған жөн.

5. Көп жағдайда олар жасы келген әйелдермен кездесуден бас тартпайды.



6. Жігіттердің үштен бірі бұрынғы қыздарының телефондарын сақтап қоюды жөн санайды. “Бәлкім керек болар”, – деген оймен.

7. Еркектердің 25 пайызы саған ауыртпалық жасамас үшін жалған айтуға дайын.

8. Ең сексуалды мамандық ретінде еркектер стюардесса, модель және бишілерді санайды.

9. Бұлшық еттері жақсы дамыған еркектер басқаларына қарағанда қыздарды көп ауыстырады екен.

10. Жігіттердің көбіне сексуалды фигураға қарағанда әдемі бет-пішін аса маңызды екен.

11. Егер жаңа танысқан жігіттің көңілін баурап алсаң, ол 3 күннің ішінде міндетті түрде хабарласады.

12. Бойдақ жігіттердің жартысы 27 жасқа дейін ата-анасымен тұрады екен.

13. Тұрақты қызы жоқ еркектер өзін толық бақыттымын деп айта алмайды.

14. Жігіттердің 60 пайызға жуығы танысуға қыздың өзі ынта білдіргенін қалайды.

15. Жігіт қаншалықты жас болса, соншалықты оның істейтін істері миға қонымсыз болуы мүмкін. Дұрыс іс-әрекетке жауап беретін мидың бөлігі 25 жасқа келгенде жетіліп бітеді екен.

16. Үйленгендерге қарағанда басы бостарға достарының айтқаны маңыздырақ.

17. Егер бірінші кездесуде жігіт өзін еркін сезінсін десең, өзіңді байыпты ұстап, нақты сөйле. Еркектердің милары әйелдердікіне қарағанда эмоцияны дұрыс қабылдай алмайды.

18. Егер қыз бірінші кездесуде өз-өзін сенімді ұстаса жігіттердің үштен бірі оны қайтадан кездесуге шақыруға дайын екен.

19. Сүйікті командасының ойынын көру үшін жанкүйер жігіт қызымен кездесуді кейінге қалдыруға дайын.

20. Кез-келген іс (жылдық есеп беру болсын немесе жұмыртқа қуыру болсын) жігітті тек соған көңіл аударуға міндеттейді, бұл уақытта ол басқа ешқайда көңіл аудармайды.

21. Не жайында сөйлесуді қаламайды? Бұрынғы қыздары жайында және қаржылық жай-күйі жайында.

22. Басы бостардың үштен екісі өз жартысын тапқылары келеді.

23. Ажырасқан еркектер ажырасқан әйелдерге қарағанда тез үйленеді: оларға жалғыз болу өте қиын.

24. Еркектердің 70 пайызы жеке пәтері болмағандықтан үйленуге дайын болмайды.

25. Жігіттердің көбісі үйленуге 25 пен 30 жас аралығы ең қолайлы деп санайды. Бірақ жартысынан көбісі 25 жасқа дейін үйленіп кетеді.

Advertisements

9 Responses to Тағы да фактілер… еркектер жайында…

  1. urimtal айтады:

    Хммм, келіспейтін тұстарым көп. Бұл 26-пункт болатын шығар 🙂
    Бірақ келісетін тұстар да бар.

  2. technosyndrom айтады:

    Шелеке теңедіңіз, кастрюльге теңедіңіз… Ендігі баламаларымыз – галантерея бұйымдары шығар, мысалы «еркек деген – қымбат ішік сиқяты: сатып алып қоыңа тигеннен кейін оған кеткен ақшаны ойлап бәрібір жылынбайсың», т.с.с… 🙂

  3. technosyndrom айтады:

    Анабір албасты қандай қорқынышты, ма-ма!Мұндайды құдай түнде дачыдан кездестіре көрмесін, тіл тартпай қырқылып кетуім ғажап емес…

  4. Ruslannnn айтады:

    Ойбааай, түнде дачыда кездесіп қалып, еще ромашка гүлін ұсынып тұрса не істер едің? 😀

  5. akzere айтады:

    Ол Валуев қой. Танымадыңыздар ма? 🙂

  6. Әділбек айтады:

    Ақзере, ау Ақзере.
    Еркектерді екшеп сен,
    кемшілігін тап Зере,
    Жаланы да жап Зере,
    Күйені де жақ Зере
    Еркекке бұндай қылық ерсі емес,
    Себебі еркек деген 600-тый мерседес!

  7. akzere айтады:

    Охо… 🙂

  8. Samalek айтады:

    Ай6 АЗАМАТ-сы4 ау Адилбек. Жарайсың! Сөз тапқанға Қолқа жоҚ!

  9. urimtal айтады:

    Бәрекелді, Әділбек!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: